172
Амр ибн Ас (р.а.): «Алладан қорқып, бір тамшы жас ағызу мен үшін бір динар садақа
бергеннен де сүйікті», – деген.
Аун ибн Абдулла (рахматуллаһи аләйһи): «Білуімше, Алла үшін жылаған пенденің
көз жасы денесінің қайсы жеріне тиген болса, Алла Тағала ол жерді тозақ отына
тигізбейді», – деп айтқан.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алладан қорқып жылағанда көкірегінен қайнаған қазанның
үніндей бұрқылдаған дауыс шығып тұрды.
Кинди (рахматуллаһи аләйһи): «Алладан қорқып жылағанда аққан жастың бір
тамшысы теңіздей үлкен тозақ отын өшіреді», – деген.
Ибн Симак (рахматуллаһи аләйһи) өзін-өзі: «Тақуадай сөйлейсің, бірақ мұнафықтай
жүресің. Содан соң пейішке кіргің келеді. Қайдағы пейіш?! Пейіш басқалар үшін.
Олардың істері біз қалаған істердей емес», – деп жегідей жейтін.
Суфиян Саури (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Жағфар Садықтың жанына барып:
«Уа, Алланың Елшісінің немересі, маған өсиет айтыңыз», – десем, ол: «Суфиян,
өтірікшіде адамгершілік, қызғаншақта тыныштық, жалқауда достық болмайды. Жаман
мінезді кісіде кеңпейілдік болмайды», – деді.
Оған: «Уа, Алла Елшісінің немересі, жалғастыра беріңіз», – дедім. Ол: «Суфиян,
Алла арам қылған нәрселерден аулақ болсаң, ғибадат жасаған боласың, Алла берген
үлесіңе разы болсаң, шынайы мұсылман боласың. Адамдар саған не деуін қаласаң,
сен де адамдарға соны айтсаң, мүмин боласың. Күнәһармен дос болма, саған жаман
әдеттерін үйретпесін. Яғни «Пенде досының дінінде болады. Сондықтан кісі кіммен
достасуына қарасын» деген хадиске лайық жүруің керек. Бір іс бастардың алдында
Алладан қорыққандармен кеңес», – деді.
Мен оған: «Уа, Алланың Елшісінің немересі, сөзіңді жалғастыр», – дедім. Ол сөзін
былай жалғастырды: «Суфиян, кім текке сүйенбеген асылдықты және мансапқа
сүйенбеген күшке ие болуын қаласа, күнәға батпай Аллаға ғибадат жасасын».
Оған: «Тағы жалғастыра бер», – десем, «Әкем маған: «Балам, жаман жолдасы
болған кісінің басы бәледен арылмайды. Жаман жерлерге кіріп-шыққан кісі сынға
ұшырайды. Тілін тыя алмаған пенде өкініп қалады» деген үш нәрсені баса белгілеп
айтып берді», – деді.
Ибн Мүбәрак (рахимаһуллаһу) айтады: «Ухайб ибн Уардтан: «Алланың бұйрығына
қарама-қарсы іс жасағандар ғибадаттың дәмін тата ала ма?» – деп сұрадым. Ол: «Жоқ,
Алланың бұйрығына қарама-қарсы іс жасауды ойлаған кісілер ғибадаттың дәмін сезе
алмайды», – деп жауап берді.
Имам Әбу Фараж ибн Жаузи (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Алладан қорқу –
бейбас нәпсіні күйдірген от. Демек, оның ұлылығы нәпсінің қалауларын жандырып жоқ
қылғанына және күнәдан алыстатып, ғибадатқа жетелегеніне сай өлшенеді».
Алладан қорқу қайтіп ұлы қасиет болмасын?! Аят пен хадистерден алған
мағлұматымызға қарағанда, арлылық, тақуалық, Алла жолында күресу және соған
ұқсаған Аллаға жақындататын істер Алладан қорқумен ғана пайда болады.
Алла Тағала былай дейді: «
Достарыңызбен бөлісу: