179
Әбу Умама (р.а.): «Залым қиямет күні Сырат көпіріне барғанда одан жәбір тартқан
кісі алдынан шығып, көрсеткен қорлығын есіне салады. Сөйтіп залымдар
қолдарындағы сауаптарын бермей тұрып жәбір тартқан кісілерден құтыла алмайды.
Егер жақсы істері жоқ болса, зорлық-зомбылығына қарай күнәлары жәбір
тартқандардан алынып, оған жүктеледі. Сөйтіп, тозақтың ең алдыңғы қабатына
жөнетіледі».
Абдулла ибн Унас (р.а.) айтады: «Мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегенін
естідім: «
Адамдар қиямет күні тыр жалаңаш, жалаң аяқ және сүннетсіз Махшарға
келеді. Алыстан және жақыннан бірдей естілген үн оларға: «Сұрақ жүргізуші жалғыз
патша Менмін. Біреуге зұлымдық жасап, жоқ дегенде, жаққа ұрған кісінің да ақысы
алынбайынша пейішке де, тозаққа да кіре алмайды. Жаратқан Иең ешкімге
зұлымдық жасамайды», – дейді
.
Біз: «Уа, Алла Елшісі (с.а.с.), біз тыр жалаңаш, жалаң аяқ және сүннетсіз бір жерге
жиналсақ, бір-біріміздің ақымызды қайтіп алып-береміз?» – деп сұрадық.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Толық жаза ретінде жақсылық және жамандықтарыңмен
есептесесіңдер. Жаратқан Иең ешкімге әділетсіздік жасамайды
»,
– деп жауап берді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Кім біреуді қамшымен ұрса, қиямет күні соныңжазасын
тартады
»,
– деп айтқан.
Риуаятқа қарағанда Парсы патшаларының бірі ұлына тәлім-тәрбие берсін деп бір
мұғалім жалдайды. Шахзада тәлім-тәрбие жағынан талаптағыдай деңгейге жеткенде
мұғалім оны ешқандай себепсіз қатты сабайды. Содан бастап шахзада мұғаліміне кек
сақтап қалады. Кейін әкесі дүниеден өтіп, ол патшалық таққа отырғанда мұғалімді
шақырып алып: «Пәленше күні неге мені себепсіз тоқпақтадың?» – деп сұрайды.
Мұғалім оған: «Уа, Патшам, ұлы қасиеттеріңмен және тәлім-тәрбиеңмен талапқа лайық
деңгейге жеткеніңді көріп, әкеңнен кейін сенің таққа отырарыңды түсіндім. Міне,
сондықтан патша болғаныңда ешкімге зұлымдық жасамасын деп саған таяқпен
зұлымдықтың ащысын таттырғым келген еді», – дейді. Сонда патша: «Алла саған
жақсылық берсін!» – деп, мұғаліміне сый-тартуларын беріп жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: