Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет193/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Тозақ азабы 
Бұхари риуаят етеді: «Алла Елшісі (с.а.с.) көбінше: «Уа, Жаратқан Иеміз, бұл 
дүниеде де, ақыретте де бізге жақсылықтарды бере көр және бізді тозақ отынан сақта», 
– деп дұға қылушы еді». 
Әбу Йағла баяндайды: 
«Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір құтбасында: «Екі ұлы нәрсені – тозақ пен пейішті 
ұмытпаңдар!» – деді. Содан соң жылағанда сақалы көз жасына жуылды. Оның 
артынан: «Жаным қолында болған Аллаға ант етейін, ақырет жөнінде мен білгенді 
білсеңдер, бұл таза топырақтың үстінде тәкаппарланбай әрдайым жаяу жүріп, 
жүздеріңе топырақ жағатын едіңдер», – деп айтты. 
Табарани «Аусатта» былай деп жазады: «Бір мәрте Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
жанына Жәбірейіл періште кенеттен келе қалды. Алланың Елшісі: «Уа, Жәбірейіл, не 
болды, өңің қуарып тұр?» – деді. Жәбірейіл: «Келмес едім. Алла Тағала тозақ отын 
үрлеушілерге алауын күшейту туралы бұйрық берді!» – деп айтты. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Уа, Жәбірейіл, маған тозақтың көрінісі қандай болатынын суреттеп берші», – 
деді. Жәбірейіл (а.с.): «Алла Тағала тозаққа бұйырды, ол мың жыл жағылып, ақ қорға 
айналды. Содан соң тағы мың жыл жағылғанда қып-қызыл болды. Содан соң тағы мың 
жыл жағылғанда қап-қара болды. Тозақ қазір қап-қара. Алаулап жанған от та, жылт етіп 
ұшқан ұшқыны да жоқ. Сені хақ пайғамбар қылып жіберген Аллаға ант ішіп айтайын! 
Егер тозақтан кішкене тесік ашылса, оның ыстығынан бүкіл жер жүзіндегілер өліп қалар 
еді. Егер тозақтың забанилерінен (жазалаушы періште) біреу жер жүзінде көрініп 
қалса, оның жағымсыздығынан және сасықтығынан жер жүзіндегі барлық жандылар 
қырылып қалар еді. Сені хақ пайғамбар қылып жіберген Аллаға ант ішіп айтайын! Егер 
Алла өз кітабы Құранда сипаттап айтқан тозақылар маталған шынжырлардың бір-ақ 
жүзікшесі жер жүзіндегі тауларға түссе, таулар оның салмағынан жерге батып кетер 
еді». 
Сөз сол жерге келгенде Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, Жәбірейіл, жетеді! Жүрегім қабынан 
шығып өліп қалам!» – деді. Содан соң Пайғамбарымыз Жәбірейілге қараса, ол жылап 
жатыр. Пайғамбарымыз одан: «Уа, Жәбірейіл, неге жылап жатырсың? Сен Алла 
бұйырған істі арқалап, ұлы орында тұрсың. Сен қорқатын ешқандай негіз жоқ қой!» – 
деп сұрады. 
Жәбірейіл: «Мен жыламай кім жыламақ еді. Керісінше, мен көбірек жылауым керек. 
Алланың алдында бәлкім мен басқа жағдайда шығармын. Бәлкім, Ібілістің басына 
келген сынақ менің де басыма келе ме, білмеймін. Ібіліс те періштелерден еді. Бәлкім, 
менің де басыма Харут пен Маруттың басына түскен бәлелер түсер, оны да біле 
алмаймын!» – деді. 


275 
Бұл сөздерді естіп Алла Елшісі (с.а.с.) де, Жәбірейіл де жылады. Көз жасы көл 
болды. Міне, сол сәтте бір үн естілді. Оларды атымен шақырып: «Уа, Жәбірейіл! Уа, 
Мұхаммед! Алла сендерді Өзіне қарсы шықпаған бейкүнә қылып жаратты!» – деді. 
Мұны естіп Жәбірейіл көзден ғайып болды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) болса сыртқа 
шықты. Сыртта бірнеше кісі ойнап-күліп, мәре-сәре болып жатқан екен. Оларға: 
– Күліп жатырсыңдар ма? Арттарыңда тозақ бар. Егер мен білгенді білсеңдер, аз 
күліп, көп жылар едіңдер. Жеген-ішкендеріңді ас қыла алмай тауларға шығып, Аллаға 
жалбарар едіңдер, – деді. 
Міне, сол сәтте Алла Елшісіне бір үн естілді. Ол Пайғамбарымыздың атын атап: «Уа, 
Мұхаммед, сен пенделерімді үмітсіз қылма. Мен сені сүйіншілеуші қылып жібергенмін. 
Адамдарды қинау үшін жіберген емеспін!» – деді. 
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тура жолдан адаспаңдар, тура жолға жақын 
болыңдар!» – деді. 
Бір мәрте Пайғамбарымыз (с.а.с.) Жәбірейілден: «Мен Микаилдың күлгенін 
көрмедім, неге ондай?» – деп сұрады. 
Жәбірейіл (а.с.): «Микаил тозақ жаратылғаннан бері еш күлген емес», – деді. 
Ибн Мажа және Хаким риуаят етеді: «Алла Елшісі (с.а.с.): «Сендер пайдаланған от 
тозақ отының жетпістен бір ыстықтығына тура келеді. Егер оттарыңа екі мәрте су сеуіп 
мұздатылмағанда оны қолдана алмас едіңдер. Сендер пайдаланып жатқан от 
қайтадан тозаққа қайтармауды Алладан сұранады», – деген. 
Байхақи риуаят етеді: 
Әзірет Омар: «Сол жерде олар үздіксіз азап тарту үшін терісі әбден күйіп, 
шыжғырылған сайын орнына жаңа тері қаптап отырамыз» 
645
 
деген мағынадағы аятты 
оқып, «Уа, Кәғб, маған бұл аятты түсіндіріп берші, естиін. Егер тура түсіндірме берсең, 
растаймын. Тура түсіндіре алмасаң, жаңылысыңды түзеймін», – деді. Кәғб аятқа: 
«Кісінің терісі бір сағатта не бір күнде алты мың мәрте күйдіріліп, қайтадан 
жаңаланады» деп түсіндірме берді. Әзірет Омар: «Тура түсіндірме бердің», – деп оның 
сөзін растады. 
645
 
«Ниса» сүресі, 56. 
Хасан Басри аятқа былайша түсіндірме берген: «Тозақ оты кісілердің терісін әр күні 
жетпіс мың мәрте күйдіреді. Әрбір мәртесінде «Бұрынғы жағдайларыңа қайтыңдар!» – 
деп айтылады. Олар бұрынғы жағдайына келеді». 
Мүслим риуаят етеді: 
«Бұл дүниеде мәре-сәре күн кешіп өткен кісі тозақыларға қосылады. Ол тозаққа 
салынып алынғаннан кейін: «Уа, адамзат, дүниеде мәре-сәре өмір сүрдің. Көрген 
рақатың туралы айт...» – деп сұрағанда, «Жоқ, Құдайақы, мен дүниеде еш рахат 
көрмедім!» – дейді. (Тозаққа көз ашып-жұмғанша уақыттай салынып шығарылуы оның 
дүниеде көрген рақаттарын ұмыттырады). 
Сонда пейіштегілердің арасынан бұл дүниедегі өмірін қиыншылықтар қаптаған бір 
кісіні алып келеді. Ол пейіш рақатын жақсылап көрген болды. Одан: «Уа, адамзат, сен 
дүниеде қандай қиыншылық, азаптарды көрдің?» – деп сұрайды. Ол: «Жо-жоқ, мен 
дүниеде еш қиналмай өмір сүрдім», – деп жауап береді». 
Ибн Мажа риуаят етеді: «Тозақылар бір мәрте қатты жылайды. Көп жылап, көз 
жастары құрғайды. Содан соң көз жасының орнына қан ағады. Міне, содан жүздері 
қатып, шарт-шарт жарыла бастайды. Бұл жарақаттардан аққан қан дариясына кеме 
салсаң жүзіп кетуі мүмкін!» 


276 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет