Бір Алланың разылығын ғана қалап, Раббыларына ертелі-кеш (яғни, таңертең және екінті һәм ақшам уақыттарында) құлшылық әрі дұға ететін мүміндермен бірге болуда барынша сабырлылық һәм табандылық таныт. (Дінді кеңінен жаю жолында септігі тиер деген оймен) қу тіршіліктің сән-салтанатына көңілің ауып, оларды көзіңе де ілмей, сондай-ақ жүрегін Бізді еске алмайтындай етіп өзіміз ғапыл қылған, нәпсісінің қалауына ерген әрі бүкіл ісі шектен шыққан әлдекімге ерме. (Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Ақиқат – Раббыларыңнан келген (осынау Құран). Ал енді қалаған жан иман келтірсін, қалағаны – күпірлік қылсын», – деп айт »
267
деген
аят түскен.
267
«Кәһф» сүресі, 28-29.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «
Қиямет күні бір пенде Алланың алдына әкелінеді. Сендер бұл дүниеде бір-бірлеріңнен кешірім сұрағандай Алла Тағала да ол пендеден кешірім сұрау ретінде былай дейді: «Ұлылығыма ант етейін, дүниеден аулақтатуым сені жаман көргендігімнен емес, керісінше, саған одан да бағалы жақсылықтарымды дайындап қойғандығымнан еді. Уа, пендем, енді Менің разылығыма жету үшін саған тамақ берген, киім кигізгендерді тауып, оларды қолдан ұста, пейіштеолар сенімен бірге болады». Ол күні адамзат кеңірдегіне дейін терге шомылып тұрғанболады. Әлгі кісі сап-сап тізілген пенделердің арасынан өзіне жақсылық жасаған кісілерді тауып, қолынан жетелеп өзімен бірге алып кетеді ».
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні: «
Жарлыларды жиі-жиі іздеп, оларға жәрдем беріңдер. Өйткені олар үлкен артықшылыққа ие »,
– деді. Сахабалар: «Олардың
қандай артықшылығы бар?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Қиямет күні оларға: «Қараңдар, кім сендерге бір мал тамақ берді? Кім сендерге бір киім кигізді? Оларды тауып, қолынан жетелеп тіке пейішке алып барыңдар», – деп айтылады »,
– деп жауап берді.
Алла Елшісі (с.а.с.) айтқан: «Пейішке кіргенімде алдымнан біреудің аяқ басқан
дауысын естідім. Қарасам Біләл екен. Пейіштің үстіңгі қабаттарына көз жүгіртіп
үмбетімнің жарлылары мен олардың бала-шағасын көрдім. «Уа, Жаратқан Ием, бұлар
қандай жағдайда?» – деп сұрадым. Алла Тағала маған: «Әйелдердің дәрежесін қызыл
алтын мен қызыл жібек түсірді. Байлар болса көп уақыт алған есеппен әлек болды», –
деді». Содан соң сөзін былай деп жалғастырды: «Сол кезде сахабаларды іздедім.
Абдуррахман ибн Ауфты көре алғаным жоқ. Бірнеше уақыттан кейін өзі жылап жаныма
келді. Одан: «Неге артта қалдың?» – деп сұрадым. Маған: «Уа, Алланың Елшісі.
Аллаға ант етейін, сенің жаныңа келгенше өте үлкен тосқауылдарға тап болып, сені еш
көре алмаймын ғой деген ойға кеттім», – деп жауап берді. «Неге?» – десем, «Мал-
мүлкімнің есебін бере алмай жаттым»
268
,
– деді».
268
Табарани, Муғжамул кәбир, 7923.
Абдуррахманға қараңдаршы! Ол Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге жүріп, өнегелі өмір
өткізген және тірі кезінде-ақ пейішке кіретіні сүйіншіленген он кісінің бірі еді. Соған
қарамай байлығының себебінен сондай қиыншылық тартты.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір кедейдің жағдайын сұрағалы барып оның үйінде еш
нәрсе қалмағанын көреді. Сонда ол: «Егер бұл кедейдің нұры бүтіндей жер жүзінің
халқына таратылса бәріне жетпек», – деген.
Алла Елшісі (с.а.с.) бір күні сахабаларға: «Сөзіме құлақ салыңдар, сендерге пейіштің
сұлтандары кімдер екенін айтайын ба?» – дегенде, сахабалар: «Айтыңыз», – деді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға: «
Барлық әлсіз, қадірсіз, беті-басы жүдеу, жазы- қысы киген бір киімнен басқа иығына іліп олар киімі жоқ, ешкім көңіл бөлмеген