Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет102/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Патогенезі
.
Инфекцияның кіру қақпасы ауыз бен мұрынның шырышты қабықтары. 
Осы жерде қоздырғыш көбейіп, қанға өтеді, қаннан бездерге (сілекей безіне, жыныс 
бездеріне, асқазан асты безіне), орталық жүйке жүйесіне түседі. Ол барлық ағзаға 
таралады. Вирустың ағзаларды зақымдауы оның функциональды жағдайымен 
анықталады. Мәселен, ұл балалар мен 50 жастан жоғары ер кісілердің жыныс мүшелерінің 
зақымдануы сирек, ал жас ер адамдарда жиі байқалады. Асқынудың дамуында иммундық 
механизмдер роль атқарады. Паротитке табиғи иммунитет қалыптаспаған. Ауруды бастан 
өткізгеннен кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Алайда аурудың қайталануы 
кездеседі. Бастан кешкен паротиттің қалдық құбылыстары созылмалы паротит, жыныс 
жүйесінің, жүйке жүйесінің дисфункциясы болуы мүмкін.
Паротиттің вирустарын тек қана қаннан және сілекей безінен бөліп алумен қатар, 
сондай-ақ вирусты асқазан асты безінен, паротитпен ауырған әйелдердің сүтінен де бөліп 
алуға болатыны белгілі.
Паротит кезінде организмде бірнеше жылдың ішінде білінетін ерекше антиденелер 
түзіледі және организмнің аллергиялық қайта құрылуы дамиды, ол өте ұзақ сақталады 
(өмір бойы болуы мүмкін). 
Клиникалық көріністері
.
Аурудың жасырын кезеңі 11-23 күнге (жиі 15-19 күн) 
созылады. Кейбір науқастарда 1-2 күнде, аурудың типтік көрінісі дамығанға дейін 
продром құбылысы байқалады, оның негізгі белгілері шаршағыштық, бұлшықеттердің 
ауыруы, бас ауыруы, ұйқы мен тәбеттің бұзылуы түрінде көрінеді. Паротиттік инфекция 
түрлі клиникалық түрлерде өтуі мүмкін. Паротиттік инфекцияның клиникалық түрлерінің 
жалпы қабылданған жіктелуі жоқ. Паротиттік инфекцияның клиникалық түрлерінің 
жіктелуін В.Н.Реморов жасаған:
 
А. Манифесттік түрлері: 
1.
 
Асқынбаған: тек қана сілекей безінің зақымдануы, біреу немесе бірнешеуі; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет