162
Емдеуі.
Лептоспироздың емдеуі ауруханада жүргізіледі. Жедел кезеңде төсек режимін
сақтау керек.
1.
Этиотропты еміне: бензилпенициллин тәулігіне 6-12 млн.бұлшық ет ішіне,
менингит кезінде 24 млн. 7-10 күн бойы; немесе, эритромицин бұлшық ет ішіне 500 мг
6 сағат сайын, сирек доксициклин - емдеудің 1-ші күні 0,1 г 12 сағат сайын, келесі
күндері тәуліктік дозасы 0,1 г ұсынылған.
2.
Патогенетикалық ем. Барлық науқастарға улануға қарсы ертінділер,
диуретиктер, аскорбинді қышқыл, рутин, викасол белгіленген. Ағзаның улануы мен
геморрагиялық синдром барысында глюкокортикостероидтар көрсетілген (преднизолон
60-120 мг тәулігіне).
Арнайы ем: лептоспираға қарсы гетерологиялық гамма -глобулин бұлшық ет
ішіне 10-15 мл – 1-ші күні, келесі 2 күн бойы 5-10 мл.
Бүйректін жетіспеушілігі дамығанда гемодиализ жүргізу қажет.
Диспансерлік бақылау - 6 ай бойы (инфекционист, нефролог, невропатолог,
офтальмолог).
Достарыңызбен бөлісу: