19
II ТАРАУ. ЖЕДЕЛ ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫ және ИНВАЗИЯЛАРЫ
Іш сүзегі. А және В парасүзектері
Анықтамасы.
Іш сүзегі
– Salmonella typhi бактерияларымен қоздырылатын,
фекальды-оральды механизмімен берілетін, ащы ішектің лимфоидты аппаратын
зақымдануымен өтетін, клиникасы айқын интоксикациямен, жоғары тұрақты қызбамен,
розеолезді бөртпемен, бауырдың, көк бауырдың ұлғаюмен сипатталатын жедел
антропонозды жұқпалы ауру.
Тарихи мәліметтер.
Сүзек-парасүзек тобының аурулары өте ерте заманнан бері
белгілі. Бұл аурудың клиникалық ағымын жазған Гиппократ (460-377 ж. б.э.д.) екені де
мәлім. XIX ғасырдың ортасында іш сүзегі ағымының ерешеліктері жазылғанмен, ол
дербес ауру ретінде, одан қоздырғыштар табылғаннан кейін ғана қарастырыла бастады.
Краковта (1874) Т. Брович және Санк-Петербургта (1876) Н.И.Соколов ішектің пейеровті
қатпарлы табақшаларынан таяқша түріндегі микробтарды тапқан, ал К.Эберт (1880) –іш
сүзегінен өлген адамдардың көк бауыры мен мезентериальды лимфатикалық түйіндерінен
сондай микробтарды тауып алған. А.И.Вильчур (1887) науқас қанынан іш сүзегінің
микробын бөліп алды.
XIX ғасырдың басында іш сүзегін дербес ауру ретінде алғаш рет қарастырған
Бретонио және Шарлем Луи еді. Іш сүзегінің қоздырғышын - Salmonella typhi 1874 жылы
Бронич ашты. Іш сүзегінің клиникасын нақтырақ жазғандар; С.П.Боткин,
И.С.Кильдюшевский, Г.В.Вогралик, Н.И.Рагоза, Б.Я.Падалка, А.Ф.Билибин және т.б.
Іш сүзегі XIX ғас.- XX ғас.басында әлемнің барлық еліне таралған ауыр жұқпалы
ауру болып табылған, әсіресе қалалық жерлерде, адамның тығыз шоғырлануына
байланысты және де тазалықтың дұрыс сақталмауы салдарынан пайда болған. Сонымен
қатар бұл ауру кездейсоқ табиғат апаттары мен соғыс кездерінде эпидемиялық сипат
алды. Қазіргі күнде іш сүзегі әлемнің барлық елдерінде тіркеліп отыр.
Этиологиясы.
Қоздырғышы - Salmonella typhi –ішек тұқымдастығына, сальмонелл
тегіне, серологиялық Д тобына қатысты. Морфологиялық жақтан бір-бірінен
ажыратылмайды, оның 0,5-0,8х1,5-3 мкм мөлшеріндегі таяқша түрі бар. Бактерия барлық
анилин бояуларымен боялады, олар кәдімгі құнарлы ортада өседі. Іш сүзегінің
бактериялары L-формаларын құруы мүмкін, олар сезімталдық және типті бактериофагтар
бойынша бөлінген. Salmonella typhi - грам (-) аэроб. Лимфотропты қасиетімен
сипатталады. Қоздырғыш ыдырағанда ендотоксин бөлінеді. Эндоксиннің әсері іш
сүзегінің клиникалық және лабораторлық белгілерін түсіндіреді. Олар: айқын
интоксикация, қызба, салыстырмалы брадикардия, ішектің парезі, метеоризм, лейкопения.
Құрамында О- , Н-, Vi – антигендері бар. О-антигеніне қарсы түзілген антиделер
аурудың өршу кезеңіне сәйкес, Н-антигеніне қарсы – аурудың айығу кезеңіне сәйкес, ал
Vi-антигеніне қарсы – бактериотасымалдаушылыққа сәйкес болып табылады. Қазіргі
уақытта латын әріптерімен белгіленген іш сүзегі бактериясының 72 фаготиптері белгілі.
Өт қосылған коректі орталарда жақсы өседі. Сыртқы ортада сүзек-парасүзек
бактериялары біршама тұрақты. Су мен топырақта олар бірнеше күннен, бірнеше айға
дейін сақталуы мүмкін. Бактерия үшін жағымды орта –азық-түлік өнімдері (сүт, қаймақ,
ірімшік, ет фаршы), мұнда олар тек сақталып қоймай, сонымен бірге көбейеді. Микробтар
қыздырғанда тез жойылады (60
С-30 мин, ал 100
С –тіптен тез). Дезинфекциялаушы
ертінділерге сезімтал.
Достарыңызбен бөлісу: