252
Тілмеге белгілі бір қызбалық қисық тән емес. Қызбалық кезеңнің ұзақтығы емнің
басталу уақытына және ауырлық дәрежесіне байланысы болады. Қызбалық кезең жеңіл
ағымында 1-2 күн, ауыр ағымында 7-10 күн, орта есеппен 3-4 күн болады. Негізгі
қызбалық толқыннан кейін көптеген науқастарда тұрақты, қалыпты дене қызуы
байқалады, дегенмен, кейбір науқастарда қызбадан кейінгі субфебрилитет сақталады,
бірақ ол іріңді асқынудың көрсеткіші болып табылмайды.
Қызбамен бірге немесе бірнеше сағаттан соң жергілікті тілмелік қабыну белгілері
пайда болады. Жергілікті қабыну үрдісі әртүрлі болуы мүмкін. Әрбір жергілікті
көрінісінің өзіне тән клиникалық ерекшеліктері бар.
Эритематозды түрінде
– теріде айқын шектелген ісік және гиперемия, аздаған ауру
сезімі, аймақтық лимфаденит, лимфангит байқалады. Эритематозды тілмеде эпидермистің
базальды және тікенекті қабаттарының ісінуінен, оның қалыңдауы болады. Лимфоцит,
гистиоцит, нейтрофилдердің периваскулярлы жасушалық инфильтрциясына байланысты
қантамырдың гиперемиясы байқалады. Қабыну ошағы аурудың алғашқы күні
максимальды айқындалумен дамып, аурудың екінші аптасында сондай жылдамдықпен
басылады. Ішкі ағзалар жағынан жүрек тондарының бәсендеуі, тахикардия, артериальды
гипотензия байқалады.
Қызба және интоксикацияның басқа симптомдары әдетте 5-7 күн сақталады. Дене
температурасы төмендеген кезде реконвалеценция кезені басталады. Жергілікті қабыну
реакциялардың кері дамуы дене температурасының қалпына келуінен кеш пайда болады:
эритема бозарады, оның шекаралары айқындығын жоғалтады, шеткі инфильтрациялық
белдігі жойылады. Ісік азаяды, жергілікті лимфадениттің қубылыстары (көріністері)
бәсеңдеп кейіннен толығымен жойылады. Гиперемия жоғалғаннан кейін терінің ұсақ
қабыршақты түлеуін байқауға болады, пигментация болуы мүмкін. Ісіктің турақты
сақталуы - лимфостаз түзілуінің белгісі.
Эритематозды – буллезді түрі
терінің барлық қабаттарының ісінуімен және
некроздың болуымен сипатталады. Эритема фонында әртүрлі мөлшерлі буллезды
элементтер түзіледі. Бұл элементтер түссіз және мөлдір сұйықтықтан тұрады.
Көбінесе орташа мөлшерлі 1-2 немесе бірнеше көпіршік пайда болады.
Көпіршіктің пайда болуы қабыну ошағында экссудацияның жоғарылауына және
жиналған сұйықтық арқылы эпидермистің дермадан ажырауына байланысты. Жарылған
көпіршік орнында эрозиялар пайда болады. Мацерацияланған аумақ баяу
эпителизацияланады. Қабыршақтар түзіледі, олардан соң тыртық қалмайды.
Инфекциялық-токсикалық синдромның белгілері тілменің эритематозды түріндегіден аса
айырмашылықтары жоқ.
Эритематозды – геморрагиялық түрі
теріде эритема фонында әртүрлі мөлшерлі қан
құйылу болуымен сипатталады.
Буллезды – геморрагиялық түрі
дерманың емізік және торлы қабат
қантамырларының және капиллярдың терең зақымдануы нәтижесінде болады. Жарылған
көпіршік аумағында фибрин жиналады және геморрагиялық сұйықтықтың пайда болуы,
эрозия немесе жара дамып, грануляцияға ауысады.
Буллезды және геморрагиялық түрімен ауыратын науқастарда ауру эпидермис
жасушаларының
айқын
дистрофиялық
өзгерісіне,
экссудативті
компоненттің
басымдылығына эритематозды түріне қарағанда қабыну интенсивтілігінің жоғарылығына
байланысты ұзақ және ауыр ағымда өтеді. Жергілікті үрдіс баяу дамып, бір және екі апта
аралығында терінің ауыр зақымдалуы болады, ал реконвелесценция үш аптадан ерте
басталмайды, көбінесе 3-4 аптаға дейін қабыну үрдісі сақталып, аурудың ұзаққа созылуы
болады.
Соңғы жылдары тілме жиі геморрагиялық компонентпен өтетін болды, оның саны
өсті. 1960 жылы қолданылатын клиникалық жіктелуінде геморрагиялық түрі
ерекшеленбейтін. Тілменің геморрагиялық түрі аурудың ауыр түрі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: