Патанатомиясы. С
альмонеллездің ең жиі кездесетін гастроинтестинальды түрінде
ісіну, гиперемия, асқазан ішек жолының шырышты қабатында ұсақ қан құюлулар
анықталады. Гистологиялық тексеру кезінде шырыштың көп мөлшерде бөлінуі және
эпителийдің десквамациясы, шырышты қабаттың беткей некрозы, қантамырлық
бұзылыстар, арнайы емес жасушалық инфилътрация табылады.
Аурудың ауыр ағымында және септикалық түрінде көрсетілген өзгсрістерден
басқа, бауырда, бүйректерде және т.б. мүшелерде дистрофия белгілері мен некроз
ошақтары байқалады. Көптеген науқастарда морфологиялық өзгерістердің кері дамуы
аурудың 3-ші аптасында басталады.
Клиникалық көріністері.
Тәжірибеде сальмонеллездің келесі жіктелуі
қолданылады:
I
.
Гастроитестинальды түрі:
1)
гастриттік вариант
2)
гастроэнтериттік вариант
3)
гастроэнтероколиттік вариант
II.Жайылмалы түрі:
1)
сүзек гәрізді вариант (сирек)
2)
септикопиемиялық вариант (өте сирек)
III. Бактериотасымалдаушылық
1)
жедел
2)
созылмалы
3)
транзиторлы
Сальмонеллездің ең жиі гастроинтестинальды түрі кездеседі, ол ауырлығы
бойынша жеңіл, орташа ауырлықтағы және ауыр ағымына бөлінеді. Ауру ағымының
ауырлығы сусыздану мен интоксикацияның дәрежесіне байланысты анықталады.
Сусызданудың дәрежесі В.И. Покровскийдің жіктелуіне (1978 ж.) сәйкес бөлінеді.
Сальмонеллез кезінде жасырын кезең 2 - 6 сағаттан 2 - 3 күнге дейін созылады.
Ауру көп жағдайда жедел басталады.
Гастриттік вариант
сирек дамиды. Гастриттік синдромға тән белгілер: жүректің
айнуы, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, құсу. Кей жағдайларда құсу қайталамалы
сипатта болуы мүмкін. Іштің өтуі әдетте болмайды. Науқастың іші өтсе, дәреттің жиілігі
тәүлігіне 5 реттен аспайды, нәжістің сипаты ботқа тәрізді болады. Міндетті түрде
интоксикация белгілері болады. Көбінесе ол қысқа мерзімді және жеңіл немесе орташа
дәрежеде болады.
Гастроэнтериттік вариант -
жиі кездесетін, сальмонеллезге аса тән вариант.
Гастроэнтериттік
синдромға тән белгілер: жүректің айнуы, құсу, іштің кіндік
аймағында, илеоцекальды (оң жақ мықын) аймағында ауыру сезім. Құсу көбінесе
қайталамалы, тоқтаусыз болады. Іш аймағында метеоризм, пальпация кезінде эпигастрий,
кіндік, илеоцекальды аймақтарында ауыру сезім анықталады, кейде іштің құрылдауы
байқалады. Нәжіс сұйық, көп мөлшерде, нашар иісті, қоңыр, сары және жасыл түсті. Ауру
жедел басталады. Интоксикация белгілері орташа деңгейде болады.
Гастроэнтероколиттік вариант
– сирек кездесетін сальмонеллездің атипті
варианты. Ауру типтік түрінде басталып, сосын клиникалық ағымы жедел дизентерияға
ұқсап кетеді. Айырмашылығы: дизентерия кезінде ауру колиттік синдромнан басталады,
ал сальмонеллез кезінде колиттік синдром гастроэнтериттік синдромнан кейін
қалыптасады. Таза колиттік синдромға тән белгілер: іштің сол жақ мықын аймағында
толғақ тәрізді ауыру сезім, ішектің спазмі, патологиялық қосындыларымен (шырыш, қан)
аз мөлшерлі жиі нәжіс. Дефекацияға жалған шақырыс пайда болуы мүмкін.
36
Сальмонеллездің гастроэнтероколиттік түрінде ішектегі RRS көрінісі катаральды,
катаральды – геморрагиялық, катаральды-эрозивті проктосигмоидитке тән болады.
Сальмонеллездің барлық варианттары жедел басталады. Бастапқы кезеңде асқазан
ішек жолының зақымдалуымен интоксикация белгілері байқалады. Бірінші кезекте
интоксикация белгілері: жалпы әлсіздік, бастың ауруы, гипертермия, қалтырау, ал
кейіннен асқазан ішек жолының зақымдалуы тіркеледі. Интоксикация белгілерінің
ұзақтығы және айқындылығы әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе дене температурасы 38-39◦
С-қа дейін 2-4 күнге созылады.
Сальмонеллезбен ауыратын науқастарда іштің ауыруы тұрақты симптом болып
табылады. Іштің пальпациясы кезінде жайылмалы ауру сезім анықталады, кей жағдайда
ауру умбиликальды немесе эпигастральды аймақта орналасады. Іштің эпигастральды,
умбиликальды және оң жақ мықын аймақтарында құрылдау жиі анықталады. Аурудың
гастроинтестиналды түрінде асты сіңіру, қорыту және моторлы-эвакуациялық қызметтері
тежеледі; ішектің қалыпты биоценозы бұзылады, бұл асқазан — ішек жүйесінің
бұзылысына жағдай туғызады және күшейтеді. Тоқ ішекте диффузды катаральды қабыну
белгілері байқалады. Патологиялық процесске ішекпен бірге ұйқы безі мен бауыр
қосылады. Бұл мүшелердің бұзылысы тез өтпелі сипатқа ие, бірақ кейде процестің
созылмалы ағымы болуы мүмкін. Ішектің функциональды жағдайы клиникалық
жазылудан кейін біршама кеш қалыпқа келетінін атап өту керек. Бір қатар науқастарда
сіңіру және қорыту (әсіресе, майларды сіңіру мен қорыту) қызметтерінің бұзылысы
бірнеше ай бойы сақталуы мүмкін.
Сальмонеллезге жүрек - қантамыр жүйесінің зақымдалуы тән. Бұл кезде
қантамырлық бұзылыстар жетекші орын алады, олар жүрек қызметінде екіншілік
өзгерістер шақырады. 5 — 7 % - науқастарда коллапс дамиды.
Миокардтың зақымдалуы жүрек тондарының бәсеңдеуімсн, экстрасистолияның
пайда болуымен, сирек жүрек ұшында систоликалық шу, ЭКГ өзгерістермен көрінеді.
Бүйректердің қан айналымының бұзылысы мен су-электролиттік тепе-теңдіктің
өзгерістері, бүйректің жедел жетіспеушілігінің себебі болуы мүмкін. Токсико-
инфекциялық шок дамығанда көп ауытқулар байқалады, бұл кезде айналымдағы қан
көлемі төмендеуі бүйректегі қанның ағуын азайтады, микроциркуляция бұзылыстарына
алып келеді.
Сальмонеллездің гастроинтестинальды түрінде су-электролиттік өзгерістер
айқын көрінеді. Дегидратация, электролиттердің дисбалансы, микроциркуляцияның
бұзылысы, сонымен қатар гормональды ауытқулар қышқыл — сілтілік тепе — теңдіктің
бұзылыстарынан метоболикалық ацидозға жағдай жасайды. Қанда бірқатар жағдайда
гемоглобин мен эритроциттер деңгейі жоғарылайды; аурудың алғашқы сағаттарының
өзінде орташа дәрежеде нейтрофилдік ауытқумен лейкоцитоз анықталады, ол таяқша
ядролық элементтердің, сонымен қатар жас түрлері — миелоциттерге дейін
жоғарлауымен көрінеді.
Сүзек тәрізді варианты.
Бастапқыда гастроинтестинальды түріне ұқсас, бірақ 3
-7 күнде аяқталмайды, іш сүзегіне тән симптомдарға ие болады. Қызба толқын
-
тәрізді немесе дұрыс емес типті 38-39◦С-қа дейін, 10-14 күнге созылады. Әлсіздік,
адинамия,
ұйқының
бұзылуы,
басының
ауруы,
іштің
керілуі
күшееді.
Бауырдың,
көкбауырдың
үлкеюі
тұрақты
түрде
анықталады.
Брадикардия
дамиды. Жиі лейкоцитоз лейкопенияға ауысады, таяқша ядролық элементтердің көбеюі
сақталады. Кей жағдайда ауру интоксикация белгілерінен басталуы мүмкін: бас ауру,
жоғары температура, қалтырау, әлсіздік, Гастроэнтерит синдромы әлсіз білінеді немесе
болмайды. Науқас әлсіз. Бет-әлпеті бозғылт. Көз жанары инъецирленген кейде
субиктериялық болуы мүмкін. Кейдс кеуде және іштің терісінде розеолезді бөртпе пайда
болады. Бауыр мен көкбауыр ұлғаяды.
Сальмонеллездің
с
ептикопиемиялық
варианты
сепсис
тәрізді
өтеді.
Гастроэнтериттік вариант бойынша өтетін бастапқы кезеңнен кейін, гектикалық сипаттағы
37
температура, бас ауру, аяқтың бұлшықеттерінің ауруы, қалтырау, терлеу, тахикардия
пайда болады. Сандырақтау мен қозу болуы мүмкін. Науқастың тері қабаты бозғылт,
кейде сарғыш — жасыл түсті, петехиальды немесе геморрагиялық бөртпелер болады.
Әртүрлі екіншілік септико — пиемиялық ошақтардың (пневмония, плеврит, эндокардит,
жұмсақ тіндерінің абсцесі, флегмонасы, пиелит, цистит, периостит, артрит, остеомиелит,
ирит, иридоциклит және т.б.) қалыптасуы және бауыр мен көкбауырдың үлкеюі тән.
Сонымен
қатар,
септикопиемиялық
варианты
жеке
мүшелердің
жергілікті
зақымдалуымен, хрониосепсис тәрізді өтуі мүмкін.
Гемограммада: лейкопения, анэозинофилия, лейкоформуланың солға ығысуы,
кейде –орташа деңгейдегі лейкоцитоз.
Сальмонеллезбен
ауырғаннан
соң
жедел
немесе
созылмалы
бактериятасымалдыушылық қалыптасуы мүмкін.
Ең жиі жедел бактериятасымалдыушылық кездеседі, бұл кезде клиникалық
жазылудан кейін 15 күннен 3 айға дейін қоздырғыш бөлінеді. Егер клиникалық жазылудан
кейін 3 айдан аса қоздырғыш бөлінсе, процесс созылмалы бактериятасымалдаушылық
ретінде бағаланады. Созылмалы бактериятасымалдаушылық диагнозын дәлелдеу үшін,
науқасты 6 айдан кем емес диспансерлік бақылау, нәжісі мен зәрін бактерологиялық қайта
зерттеу керек. Сонымен қатар, диагнозды анықтауға дуоденальды қалдықты зерттеу мен
серологиялық зерттеу (ТГАР) көмектеседі.
Транзиторлы бактериятасымалдаушылық туралы келесі белгілердің жиынтығы
болған жағдайда ғана айтуға болады: а) қазіргі уақытта және алдындағы 3 ай бойы
аурудың клиникалық симптомдарының болмауы; б) нәжіс пен зәрді соңғы үш
бактерологиялық зерттеу нәтижелерінің теріс болған жағдайда қоздырғышты
бір — екі рет бөлу; в) динамикада серологиялық реакцияларының теріс болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |