абсолютті
электрлік коэффициенті
деп те атайды. Ол жіберілген (өндірілген) электр
энергиясының шығындалған энергияға (жанған отын жылуына) қатынасына
тең, және ол 35 ÷ 40 % құрайды.
5.2.2 Жылу электр орталықтары.
Жылу электр орталықтары (ЖЭО) ШЭС сияқты тұтынушыларға электр
энергиясын береді, одан басқа өндірістің технологиялық мұқтаждықтары үшін
бу және ыстық су, коммуналды-тұрмыстық тұтынулар (жылуландыру, ыстық
сумен қамтасыз ету) үшін ыстық су өндіреді. Осындай қиюластырылған
жылулық және электр энергиясын өндіруде жылулық желіге турбинада жұмыс
істеген будың (немесе газдың) жылуы беріледі, нәтижесінде ШЭС-а
өндірілген электр энергиясымен және аудандық қазандықтарда өндірілген
жылумен салыстырғанда отын шығыны 25 ÷ 30 % төмендейді. Өндірістік
және тұрмыстық мұқтаждықтар үшін су немесе будың қысымы мен
температурасы кең диапазонда талап етілетіндіктен, ЖЭО-а жылуды тұтыну
сипаттамасына сәйкесті әртүрлі жылулық турбиналар қолданылады. 5.2-
суретте төмен вакуумды турбиналы ЖЭО-ң сұлбасы келтірілген.
1-бу қазаны; 2-турбина; 3-электр қозғалтқыш; 4-шықтағыш; 5-қоректік
сорғы.
5.2 сурет - Төмен вакуумды турбиналы ЖЭО
45
Бұндай турбинаның шықтағышындағы қысым будың қанығу
температурасының жоғары болуын қамтамасыз етуі керек, себебі
салқындатушы суды қажетті деңгейіне дейін қыздыру қажет. Шықтағышта
қажетті температураға дейін қыздырылған су жылыу жүйесіне бағытталады.
5.3-суретте қарсы қысымды турбиналы ЖЭО-ң сұлбасы келтірілген.
Осындай типті қондырғыда шықтағыш болмайды, ал турбинада жұмыс
істеген бу бу құбыры арқылы өндіріске жөнелтіледі, бұнда бу жылуын беріп,
шыққа айналады, өндірістен қайтқан шық қазанды қоректендіруге
жөнелтіледі. Турбинадан шыққан бу қысымы өндірістің мұқтаждықтарына
сәйкесті анықталады.
1-қазан; 2- буды аса қыздырғыш; 3-турбина; 4-электр қозғалтқыш; 5-
қоректік бак; 5-қоректік сорғы.
5.3 сурет - Қарсы қысымды турбиналы ЖЭО
5.4-суретте бу алымдары бар турбиналы ЖЭО-ң сұлбасы келтірілген.
Бұл сұлбада жоғары параметрлі бу турбинаның аралық сатыларынан алынып
отырады. Турбинаның аралық сатыларынан алынған бу өндіріске бағытталады
да (өндірістік алым деп аталады), қондырғыға шық түрінде қайтып оралады
(5.4, а сурет) немесе арнайы қыздырғыш-жылуалмастырғыштарға беріледі
(жылуландырулық алым), бұнда алынған бу жылуландыру жүйесінде
қолданылатын суды қыздырады (5.4, б сурет). Заманауи ЖЭО-да бу алымдары
бар турбиналар жиі қолданылады.
46
1-қазан; 2- буды аса қыздырғыш; 3-турбина; 4-электр қозғалтқыш; 5-
шықтағыш; 6-қоректік бак; 7-қоректік сорғы.
5.4, а-сурет. Өндірістік бу алымдары бар турбиналы ЖЭО
1-қазан; 2- буды аса қыздырғыш; 3-турбина; 4-электр қозғалтқыш; 5-
шықтағыш;
6-қоректік
бак;
7-қоректік
сорғы;
8-қыздырғыш-
жылуалмастырғыш.
5.4, б-сурет. Жылуландырулық бу алымдары бар турбиналы ЖЭО
47
5.2.3 Электр станциялардың өзіндік өндірістік мұқтаждықтарына
шығындалатын электр энергиясы.
Электр
станциялардың
өзіндік
өндірістік
мұқтаждықтарына
шығындалатын электр энергиясы қондырғының түріне, оның параметрлеріне,
жағылатын отын түріне тікелей тәуелді (5.1 кесте). 1кВт×сағ электр
энергиясын үнемдесе, шамамен 360 гш.о. үнемделеді.
5.1 к е с т е - Станцияның өзіндік мұқтаждықтарына жұмсалатын электр
энергиясының шамасы
Электр станциясы
Электр энергиясының шығыны,
% өндіру бойынша
ҚАЭС, қуаты МВт
800
5,65
300
5,29
200
7,15
150
7,10
ЖЭО жоғарылаған қысымды
5,8
ЖЭОжоғары қысымды
6,5
ШЭС жоғары қысымды
8,6
ЖЭОорта қысымды
5
ШЭС орта қысымды
8,3
Өзіндік мұқтаждықтар үшін электр энергиясы отынды ұнтақтауға және
тасымалдауға, сору және үрлеуге, қоректік және айналымдық сорғыларға,
жылуландыруға ыстық суды айдау үшін қолданылатын желіліксорғыларға
шығындалады, ал көмірменжұмыс істейтін электр станцияларында - күл мен
қожды әкету үшін қолданылатын багерлік және шайғыш сорғыларға
жұмсалады.
Көмірдің
маркасынан
басқа
барабанды
ұнтақтағыш
қондырғыларда көмір тозаңын дайындау үшін шығындалатын электр
энергиясы: барабандардың айналу санына, шарлардың мөлшері мен өлшеміне,
желдету дәрежесіне, қоспаның шартты деңгейіне, араластырғыштардың
құрылымына, көмірді ұнтақтауға аралық дайындауға (5.2 кестеде келтірілген)
тәуелді.
5.2 к е с т е - Барабанды ұнтақтағыш қондырғыларда көмір тозаңын
дайындау үшін шығындалатын электр энергиясы
Отын маркасы
Ұнтақтағыш түрі
Электрэнергиясының
шығыны,
кВт×сағ/т
АШ
Ш-50
39÷43
Т
Ш-16
34÷37
ГСШ
Ш-50
26÷27
Д
Ш-50
27÷28
Г
Орта жүрісті балғалы
20÷21
48
Сoру және үрлеу процестеріне электр станциясында өндірілген
энергияның
2÷3%
шығындалады.
Олардың
шығыны
үрлеу-сору
машиналарының (түтінсорғыштар мен желдеткіштер)көмегімен жүзеге
асады,яғни қазандықтардың газ-ауа жолындағы түтінсорғыштар мен
желдеткіштердің сипаттамаларына, қыздыру беттерінің ластануына, газ - ауа
жолының тығыздығына байланысты (5.3 кесте).
5.3 к е с т е - Сoру және үрлеу процестеріне жұмсалатын электр
энергияның шығыны
Электр станциясы Сору және үрлеуге жұмсалатын электр
энергиясының шығыны, кВт×сағ/т бу
ҚАЭС, МВт
300
4 ÷ 6
200
5,0 ÷ 6,5
150
4,5 ÷ 5
12,75 МПа ЖЭО
3 ÷ 6
8,8 МПа ЖЭО
2,7 ÷ 4,5
8,8 МПа ШЭС
3 ÷ 6
Күкірттілігі жоғары мазут пен көмірді жаққанда қыздыру беттерінде
әртүрлі тығыздықта шөгінділер пайда болады. Қазандықтың қыздыру
беттеріндегі (буды аса қыздырғыш, сулық үнемдегіштер, ауа қыздырғыштар)
газ жолының кедергісі мен шөгінділерді азайту үшін әртүрлі қондырғылар
кеңінен
қолданылады.
Ширмалық
буды
аса
қыздырғыштардағы,
фестондардағы күл шөгінділерін аластау үшін бүрку әдісі(қозғалмайтын
саптамалар арқылы өткір бумен 30 секунд бойы бір рет бүркиді) қолданылады.
Кейбір электр станцияларда буды аса қыздырғыштарды электрлі және
қысымдывибраторлар арқылы тазалау енгізген (бір аусымда (сменде)екі рет10
секундтан).Қазандықтың төменгі бөлігінде орналасқан газ жолындағы
қыздыру беттерінің шөгінділерін тазалау үшін үгіткіштер қолданылады.
Жоғарғы күкіртті мазутты жағатын қазандық қондырғылар үшін үгіткіштер
аса қажет элемент болып табылады. Регенеративті айналымы ауа
қыздырғыштардың бетіндегі шөгінділерді 420 ÷ 430°C температуралы аса
қызған бумен үрлеу арқылы тазартуға болады. Жоғары мазутты қолданғанда
мазутты ауаның артықтық еселеуішінің төмен көрсеткіші бойынша (1,01÷1,03)
тиімді шаралардың бірі болып табылады, бұнда қыздыру беттеріндегі
шөгулердің қарқындылығы ауаның және газдың көлемі, үрлеу мен соруға
жұмсалатын электр энергиясының шығыны бірден азаяды.
Электр станцияның жұмысының көрсеткіштеріне қоректік сорғыға
жұмсалатын электр энергиясының шығыны да әсер етеді(5.4 кесте).
Орташа қысымды станцияларда қоректік сорғыларға өндіретін электр
энергияның 1%, жоғары қысымды (9 МПа) станцияларда – 1,5%, жоғарланған
қысымды (13 МПа)станцияларда – 2,5%, аса жоғары қысымды (24 МПа)
49
станцияларда – 4% шығындалады. Будың бастапқы қысымы артқан сайын
қоректік суды айдауға жұмсалатын электр энергиясының шығыны да артады.
5.4 к е с т е - Қоректік сорғыға жұмсалатын электр энергиясының
шығыны
Электр станциясы
Қоректік
сорғыларға жұмсалатын
электр
энергиясының
шығыны,
кВт×сағ/ т су
ҚАЭС, МВт
300
Бутурбинасының жетегінен
200
7,7 ÷ 8,5
ЖЭОжәне ШЭС жоғары қысымды
5,5 ÷ 6,5
ЖЭОжәне ШЭС орта қысымды
1,9 ÷ 2,5
Қоректік сорғылармен салыстырғанда айналымдық сорғыларға (жұмыс
істеген буды шықтандыру үшін салқындатқыш суды беретін) жұмсалатын
электр энергиясының салыстырмалы үлесі будың бастапқы параметрі
артқанда төмендейді (5.5 кесте).
5.5 к е с т е - Айналымдық сорғыларға жұмсалатын электр
энергиясының үлесі
Электр станциясы
Айналымдық сорғыларға жұмсалатын
электр энергиясының шығыны, %
өндірулік бойынша
ҚАЭС, МВт
300
0,6 ÷ 0,7
200
0,7 ÷ 0,9
ШЭС жоғары қысымды
0,9 ÷ 1,3
ШЭС жәнеЖЭОорта қысымды
1,6 ÷3,0
Орташа қысымды қондырғылардың шықтағышындағы будың меншікті
шығыны 4 кг/кВт×сағ, жоғары қысымды қондырғылардың -2,9кг/кВт×сағ,
жоғарлаған қысымды да -2кг/кВт×сағ, аса жоғары қысымда – 1,8кг/кВт×сағ.
Турбиналардың шықтағыштарының жұмысын арттыруға байланысты
өткізетін барлық шаралардың нәтижесінде айналымдық сорғыларға
жұмсалатын электр энергиясының шығыны төмендейді. Бұнда энергияны
үнемдеудің басты шарасы - берілген деңгейде теориялыққа жақын вакуум
туғызады.
Шықтағыш құбырларындағы шөгінділерді азайту және болдырмау үшін
қолданылатын шаралар:
-
градиянялы және бассейінді айналымдық сумен жабдықтау
жүйесіндегі айналымдық суды қышқылдандыру;
- резеңке шарлардың көмегімен үздіксіз тазалау;
50
- айналымдық суды магниттік өңдеу.
Электр станциясында сорғылар, желдеткіштер, түтінсорғыштар электр
энергиясының басты тұтынушылары болып табылатын энергия шығынын
азайту бағытталған жалпы шаралар:
-
желінің гидравликалық сипаттамаларына желдеткіштер мен
сорғылардың сипаттамаларын сәйкестендіру;
- айналым саңын және жұмыстық қалақтардың диаметрін азайту;
- кенеттен кеңею және тарылу,тік,әрі артық бұрылыстарды дұрыс
орналастыру арқылы желідегі кедергілерді азайту,өткізгіш қималарды
үлкейту;
- ақпаларды болдырмау үшін құбырлар мен газ жолының тығыздығын
арттыру;
- қуаты жоғары электрлік қозғалтқыштарды аз қуаттыға алмастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |