Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет181/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Технологиясы:
Қосымша ыдысқа 180 мл суды құйып, 4,0 г натрий 
гидрокарбонатын ерітеді. Босататын құтыға сүзеді. Бюреткадан 50% 20 мл 
кальций хлориді ерітіндісін құяды. Тығындап, араластырып, босатуға 
безендіреді. Кальций хлориді және натрий гидрокарбонаты жеке-жеке суда 
ериді, бір дисперстік ортада химиялық реакция нәтижесінде кальций карбонаты 
тұнбаға түсіп, суспензия түзеді.
Rp.: Plumbi acetatis
 

Zinci sulfatis ana 1,5 
Aquae purificatae 100 ml
 
M.D.S. Уретральды бүрку үшін
 
 
Алмасу реакциясы нәтижесінде қорғасын сульфаты түзіледі 
Pb(CH
3
COO)

+ ZnSO

→ Pb SO
4
↓ + Zn(CH
3
COO)
2
Бұл ерітіндіні дайындау үшін қорғасын ацетаты мен цинк сульфатының 
ерітінділерін жеке-жеке дайындауға болмайды, себебі ұштары үшкір 
кристаллдар тұнбаға түседі. Уретральды бүрку кезінде кристалл клегей 
қабықты жаралап, қабыну процесін тудырады. Сондықтан супензия келесі 
технология бойынша жүргізіледі. 
Келіде қатты заттарды ысқылап, құрғақ заттың жарты мөлшеріндей су 
қосып, пульпа түзілгенше ысқылайды. Содан соң қалған суды бөлшектеп қосып, 
араластырады. Құтыға құйып, босатуға бесендіреді.
Орамдау және безендіру
суспензиялардың құрамындағы дәрілік заттардың 
қасиеттеріне сәйкес жүргізіледі. Суспензияларды олардың көлеміне сәйкес 
келетін түссіз флаконда босатады. Флаконды (құтыны) полиэтилен тығынымен 
тығыз жабады. Флакон негізгі және ескерту этикеткаларымен «Қолданар 
алдында шайқа», «Салқын жерде сақта» безендіріледі. 
Суспензиялардың сапасын бағалау. 
Суспензиялардың сапасын 
бағалау басқа сұйық дәрілік түрлер секілді, сыртқы түрі мен органолептік 
қасиеттері, дұрыс орамдалуы және безендірілуі бойынша жүргізіледі. 
Сонымен қатар суспензияларға тән ерекше қасиеттерін талдайды: 
біркелкілігін және ресуспендирленуін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет