Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет329/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Үшінші топтағы
шокқа қарсы ерітінділер тұтқыр компонентер қосу 
арқылы күрделенген. Мысалы: 
Беляков-Петров ерітіндісі.
ЦОЛИПК N 2 ерітіндісі: 
Құрамы: Натрий бромиді 1,0
Ректификат спирті 50 мл 
Кофеин 0,2 
Глюкоза 50,0 
Морфин 0,01
Текодин 0,04 
Плазма 40 мл
Дефибринирленген плазма 200 мл 
Синкол 400 г
Шаншуға арналған су 500 мл дейін
Шокқа қарсы ерітінділерді дайындаған кезде, изотондық және қан 
алмастырғыш ерітінділерді дайындау ережелерін сақтай отырып дайындайды. 
Спиртті стерильденген ерітіндіге қосады. Ерітінділерді ампулада немесе 
герметикалық тығындалатын құтыларда дайындаған кезде, спиртті 
стерильдеуге дейін енгізеді. 
Полиглюкин – жартылай гидролизденген декстранның 6% ерітіндісі. 
Ерітіндіні изотондық концентрацияға дейін натрий хлоридін қосу арқылы 
дайындайды. Сақталу мерзімі 10-20 
0
С температурада 5 жыл. Қолдану 
көрсеткіші - көп қан жоғалту (жедел-острый), операциялық немесе күйік 
шогы. 
Реополиглюкин
– натрий хлоридінің изотондық ерітіндісінде 
дайындалған жартылай гидролизденген декстранның 10% коллоидты 
ерітіндісі. 
Түссіз, мөлдір немесе ашық сарғыш түсті сұйықтық. Сақталу мерзімі -
4 жыл. 
Желатиноль
– натрий хлоридінің изотондық ерітіндісіндегі жартылай 
ыдыратылған тамақ желатиннің 8% коллоидты ерітіндісі. 
Құрамында бірнеше аминқышқылдары бар – глицин, пролин, метионин, 
цистин және т.б. Сақталу мерзімі 3 жыл жарақат және күйік шоктарын емдеу 


422 
үшін және қан жоғалтқанда, науқасты операцияға дайындау кезінде 
қолданады. 
Дезинтоксикациялық қан алмастырғыштар. Гемодез
. Су-тұзды 
ерітінді, құрамында 6% төмен молекулалы поливинилпирролидон - ПВП бар. 
Құрамы: ПВП (м.м. 10000-15000)
60,0 
Натрий хлориді
5,5 
Калий хлориді 
0,42 
Кальций хлориді
0,5 
Магний хлориді
0,005 
Натрий гидрокарбонаты
0,23 
Шаншуға арналған су
1000 мл дейін 
Судың жарты мөлшерінде тұздарды кезекпен ерітеді. 400 мл суда ПВП 
ерітіп, екі ерітіндіні біріктіреді де, көлемін 1000 мл дейін сумен жеткізеді. 
Сыйымдылығы 100, 250 немесе 400 мл флакондарға бөліп құяды. 
Герметикалық тығындап, стерильдейді. 
Дизентерия, диспепсия, сальмонеллез, сепсис, тамақпен улану сияқты 
асқазан 
ішек 
ауруларының 
жедел 
токсинді 
түрлерінде 
ағзаны 
дезинтоксикациялау үшін қолданады. 
Полидез.
Натрий хлоридінің изотондық ерітіндісіндегі төмен 
молекулалық поливинил спиртінің 3% ерітіндісі. Түссіз немесе ашық сарғыш-
жасыл түсті мөлдір немесе жеңіл опалесценциялы сұйықтық. Сақтау мерзімі 1 
жыл. Дезинтоксикациялық дәрі ретінде қолданылады. Әсер ету механизмі 
бойынша гемодезге жақын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет