Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет356/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
Ұнтақтар.
Дәрілік құралдар ұнтақтар түрінде, егер оларды сүйікті 
жеміне немесе ішетін сұйықтығына араластырылса, барлық жануарларға 
белгілеуге болады. Соған байланысты, ұнтақтардың қолдануын жеңілдететін, 
әртүрлі дәм түзетуші заттар кеңінен қолданылады. Кей кездерде желатин 
капсулалары қолданылады. Сеппелерге түс беру үшін, жануарлардың сыртқы 
жабынына түстес заттар қосады. Ұнтақтарды жалпы ережелерге сай 
дайындайды. Медициналық практикадағыдан, ерекшілігі дәрілік заттардың 
көп мөлшерімен жұмыс істеуге тура келеді. Ветеринарлық дәріханалар 
рецептурасында ұнтақтардың барлық дозаланған және дозаланбаған типтері 
кездеседі. 
Rp.: Fructus Juniperi pulverati 150,0 
Natrii chloridi 120,0 
Kalii nitratis 30,0 
Misce, fiat pulvis 


459 
Da. Signa. 1 ас қасықпен күніне 3—4 рет жылқы 
жеміне қосу 
Ерітінділер
(нағыз және коллоидты) жалпы ережелер бойынша 
дайындалады. Әдетте ерітінділерді дайындау үшін, дәрілік заттар кәдімгі 
судағы тұздармен сыйымсыз болмаса, ағын немесе құдық суы қолданылады.
Суспензиялар және эмульсиялар
. Ветеринарлық суспензиялар 
құрамына күшті әсер ететін заттар, өсімдік ұнтақтары кіруі мүмкін. Дәнді 
эмульсиялар жиі көкнәр, зығыр, кенепшөп дәндерінен дайындалады. Майлы 
эмульсиялар эмульгатор ретінде желатозаны, шайырларды және жұмыртқа 
сарысын қолданып дайындалады. 
Rp.: Olei Ricini 400,0 
Gelatosae 200,0 
Aquae purificatae 200 ml 
Misce, fiat emulsum 
Da. Signa. Жылқыға 1 рет ішуге 
Тұнбалар мен қайнатпаларды
МФ XI басылымы талаптарына сәйкес 
дайындалады. Бірақ, егер бұл дәрілік түрлер ірі жануарлар үшін дайындау 
керек болса, онда дәріхана дәрілік өсімдік материалының жазылған мөлшерін 
босатады және оларды үй жағдайында дайындайды. Өсімдік материалын 
жақсы жабылатын ыдысқа салып, жазылған қайнатылған су көлемімен құяды. 
Ыдысты қағазбен орап, оның үстінен түкті немесе мақта көрпемен қымтап, 
20-30 минутқа қалдырады. Содан соң суытып, оны мата немесе екі қабат дәке 
арқылы сүзеді. Тұнбаларды жануарларға зонд, бутылкамен немесе тиісті 
жемді бурку арқылы береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет