Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет55/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Салмақ бойынша дозалау. 
Дозалау тәсілдерінің ішінде ең жиі 
қолданылатын тәсіл қатты заттарды да, сұйық заттарды да өлшеуге болатын – 
салмақ бойынша дозалау. Салмақ бойынша дозалау 2-ші класс техникалық 
таразылар тобына жататын және эталонды массалармен (өлшегіш тастармен) 
салыстырғанда дене салмағын көрсететін рычагты таразыларда жүргізіледі. Бұл 
- дәріханалық қол таразылары, тарирлі техникалық таразылар. 
Дәріханалық қол таразылары. 
Олар сусымалды материалдарды өлшеуге 
арналған таразылар, яғни, дәріханаларда, бақылау-аналитикалық және басқа 
лабораторияларда ұнтақ тәрізді дәрілік заттарды, олардың қоспаларын өлшеуге 
арналған. Дәріханалық қол таразыларының әртүрлі өлшемдері болады: ВСМ-1, 
ВСМ-5, ВСМ-20, ВСМ-100. Техникалық сипаттамалары 2 кестеде келтірілген. 
Сусымалды материалдарды өлшеу комплектісі таразыдан (6 сурет), 
штативтен және күрекшеден тұрады. Тең иінді таразыға алқа арқылы 
тостағаншалар (15) ілініп, сақина мойнына (4) бекітіледі. Алқа имектен (14), 
айқастырылған табаннан (16) және сырғадан (13) тұрады. Таразы: таразы 
төсемінен (8), тепе-теңдікті көрсеткіштен (5), жүкті (12) артқы ілмектен (11), 
бұрандалар (18) және бүркеншіксіз шегелер (19) көмегімен таразы төсеміне 
бекітілген ұстағыштардан (10) тұрады. 


88 
Кесте 2 
Сусымалды материалдарды өлшеу (СМӨ) таразыларының 
техникалық сипаттамалары 
 
СМӨ 
өлшемдері 
Жүктеме, г 
Жіберілетін қателік, мг 
 
Максимальды 
Минимальды 1/10 шекті 
жүктемеде 
Максимальды 
жүктемеде 


20 
100 
1,0 
5,0 
20,0 
100,0 
0,02 
0,1 
1,0 
5,0 


10 
20 

10 
20 
50 
 
Таразы төсеміне жастықшаға (6) сүйенген тіректі призма (7) бекітілген. 
Таразы төсемінде жүктер (17) бекітілген саңылаулар болады. Ұстағыштарға (10) 
жүк қабылдағыш призмалар (9) бекітілген. Жүктер (17) тара компенсациясы үшін 
қажетті бұранда және гайка болып табылады. Жүктер гайкалары (17) толық емес 
айналымға бұралады. Тепе-теңдікті көрсеткіш (5) толығымен сақина мойнының 
(4) шегінде болатындай жылжиды. Жүктер (17) таразы саңылауларында 
бекітіледі. Жүк (12) таразы массасы орталығының жағдайын реттеу үшін қажет. 
Артқы ілмектегі жүктің (12) орны нық бекітілген және эксплуатация кезінде 
өзгермейді. Таразыны жұмыс барысында тірекке (2) бұранда (3) көмегімен 
бекітілген сақинасынан ұстайды. Штатив тіреу ілгегіне ілінетін таразыларды 
орнатуға арналған. 
Сурет 6. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет