Оқулық шымкент, 2018 жыл


Биологиялық белсенді заттар –



Pdf көрінісі
бет6/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Биологиялық белсенді заттар – 
жануар және адам ағзасының 
физиологиялық функцияларының өзгерісін тудыратын және дәрілік 
құралдардың потенциалды шикізат көзі болып табылатын, табиғаты әртүрлі 
заттар. 
Биоэквиваленттік
– бірдей дозада және бірдей жағдайда енгізілгеннен 
кейін, бірдей биотиімділігін (сіңірілу жылдамдығы және дәрежесі) растайтын, 
олардың бірдей тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік 
беретін, екі дәрілік құралдың салыстырмалы сипаттамасы. 
Гомеопатиялық дәрілік құралдар
- өте аз мөлшерде өсімдік, жануар, 
минералды заттардан арнайы технологиямен дайындалған немесе 



шығарылған, дәстүрлі емес емдеу тәсілі бойынша гомеопатия ережесіне сай 
қолданылатын, бір немесе көп компонентті дәрілік құралдар. 
Дәрілік құралдар
– ауруларды, сонымен қатар ағза функцияларының 
және күйінің өзгерулерін алдын-алуға, диагностикалауға, емдеуге арналған 
фармакологиялық белсенді заттар немесе құрамына фармакологиялық 
белсенді заттар кіретін құралдар. Дәрілік құралдарға: дәрілік зат, дәрілік 
субстанция, табиғи дәрілік шикізат, дәрілік ангро– және балкөнімдер, дәрілік 
препараттар, иммунбиологиялық медициналық препараттар жатады. Дәрілік 
құралдарға, сонымен қатар, ауруларды диагностикалау, алдын-алу және 
емдеу мақсаттарымен қолданылатын парафармацевтиктер, медициналық 
техника және медицинада қолданылатын бұйымдар (контакты және көзді 
коррекциялауға 
арналған 
линзалар, 
бұйымдар 
және 
материалдар, 
инструменттер, қондырғылар, аспаптар, аппараттар) теңестіріледі. 
Дәрілік құралдардың орауышы
– зақымдалудан және шығындалудан 
сақтау, сонымен қатар сыртқы ортаны ластанудан қорғау арқылы дәрілік 
құралдардың айналым процесін қамтамасыз ететін құрал немесе құралдар 
комплексі (жинағы). 
Тара және тығындаушы материал тазалық, қорғағыш қасиеті, қоршаған 
ортаға тұрақтылық, сыртқы түрі және адгезиялық қасиеті көрсеткіштері 
талаптарына жауап беруі керек. 
Материалдың тазалық көрсеткішеріне дәрілік заттардың концерогендік, 
токсикалық қасиеттерінің және басқа заттардың иістерінің болмауы жатады. 
Материалдың қорғағыштық қасиеті көрсеткіштеріне су буларына, 
ұшқыш заттарға, газдарға (атмосфералық және дәрілік заттармен бөлінетін), 
суға, спиртке, майларға, органикалық заттарға және т.б. өткізгіштік, сонымен 
бірге дәрілік препараттардың материал арқылы енетін қасиеті бар 
ингредиенттерінің материалмен сорбциясы жатады. 
Материалдың 
қоршаған 
ортаға 
тұрақтылық 
көрсеткіштеріне 
атмосфералық факторларға (жарық, температура, ауаның салыстырмалы 
ылғалдығы), механикалық әсерлерге (тесілу, сығылу, ұрылу, тербеліс), дәрілік 
құралдардың әсеріне, көгеруге, микроорганизмдерге тұрақтылық; орамдалған 
дәрілік құралдармен химиялық адсорбцияланған және диффузиялық 
әрекеттесудің болмауы жатады. 
Материалдың сыртқы түрі көрсеткіштеріне түсі және бояуының 
біркелкілігі, бетінің тегістігі және оның тазалығы (майлы және механикалық 
ластанудың болмауы, коррозия және т.б.) жатады. 
Материалдың адгезиялық көрсеткіштеріне материалдың клеймен немесе 
термодәнекерлеу арқылы біріктірілуі жатады.
Тағайындалуына байланысты рецептуралық, стационарлық және 
материалдық таралар болып бөлінеді. 
Рецептуралық тара науқастарға дәрілік препараттарды босатуға 
арналған. Олар сыйымдылығы үлкен емес және қолдануға ыңғайлы болып 
келеді. Сұйықтықтар сыйымдылығы 5-тен 500,0 г құтыларда, шаншуға 
арналған ерітінділер резина тығынмен және металл қалпақпен бекітіліп, 
жабылған нейтралды шыныдан жасалған құтыларда босатылады. 


10 
Қою және жағармай тектес консистенциялы дәрілік препараттар
шыныдан, 
фарфордан, 
пластмассадан 
және 
басқа 
материалдан, 
сыйымдылығы 5,0-ден 500,0 г банкаларда босатылады. 
Стационарлық таралар – штангластар сусымалы, сұйық, қою және 
жағармай тектес дәрілік құралдарды ассистестік бөлмеде сақтауға арналған. 
Олар шыныдан, фарфордан жасалған 0,5-нан 2 кг тығыз тығынмен 
жабылатын құтыларда сақталады.
Материалдық тара дәрілік құралдардың қорларын тасмалдауға және 
материалдық бөлмелерде сақтауға арналған. Бұл едәуір мықты сыйымдылығы 
айтарлықтай үлкен тара.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет