артықшылықтары мен кемшіліктері белгіленеді, тақырыптың өзектілігі, зерттеу
нәтижелерінің жаңалығы мен практикалық маңыздылығы талданады, жұмысты
жазу кезінде студенттің дербестік дәрежесіне баға беріледі. Дипломдық
жұмысты (жобаны) қолдаған жағдайда, жетекші қол қойып, өзінің қорғауға
жіберілгені туралы шешім жазылған пікірімен бірге кафедра меңгерушісіне
береді. Дипломдық жұмысты (жобаны) қолдамаған жағдайда, ғылыми жетекші
оған қол қоймайды, бірақ дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жібермеу
туралы шешімін негіздейтін пікір жазады.
7.5
Осы материалдардың негізінде кафедра меңгеруішісі дипломдық
жұмыс (жоба) бойынша нақты шешім қабылдап, титул парағына жазады.
Кафедра меңгерушісі студентті дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға
жібермеу туралы шешім қабылдаса, бұл мәселе студенттің және ғылыми
жетекшінің міндетті түрде қатысуымен өтетін кафедра отырысында
қарастырылады.
7.6
Кафедра қорғауға жіберген дипломдық жұмыс (жоба) пікір алуға
жіберіледі.
7.7
Пікір беруші дипломдық жұмысқа (жобаға) жазбаша пікір береді, онда
зерттелетін тақырыптың өзектілігіне, тақырыптың ашылу тереңдігіне,
дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша зерттеу әдебиетін білуіне, алынған
нәтижелердің шынайылығына, олардың жаңалығы мен практикалық
маңыздылығына, орындалған жұмыстың сапасына баға берілуі тиіс. Пікірде
дипломдық жұмыстың (жобаның) кемшіліктерін атап өту қажет. Пікірде
баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша баға және тиісті дәрежені беру және
біліктілікті беру мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі.
7.8
Ғылыми жетекші қорғауға жіберген, бірақ пікір берушінің «F» -
қанағаттанарлықсыз бағасына ие болған дипломдық жұмыс (жоба) жалпы
шарттарға сәйкес қорғалады.
7.9
Дипломдық жұмыс (жоба) студенттің қалауымен қазақ, орыс немесе
ағылшын тілінде қорғалады. Студент кафедраның ұсынысы бойынша диплом
жұмысының (жобасының) қысқаша мазмұнын шетел тілдерінің бірінде ұсына
алады, ол қорғауда жарияланып, осы тілдегі сұрақтармен сүйемелденуі мүмкін.
7.10
Дипломдық жұмыс (жоба) заманауи техникалық құралдар мен
ақпараттық- коммуникациялық технологиялар саласындағы жетістіктер
негізінде мультимедиялық көрсетілім түріндегі электрондық ресурстарды
пайдалану арқылы қорғалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: