I тарау. Стандарттау 9
Стандарттау жүмысының нәтижесі өнімнің,
қызметтің,
үрдістің функционалдық қызметіне сәйкестігі, халықаралық
саудадағы
техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық
прогреске үлес қосу жэне түрлі салаларда әріптес болу.
Стандарттауды жүргізудің негізгі қагидалары:
келісімдік,
ашықтылық, еріктілік, ыңғайлылық, экономикалық тиімділік.
Стандарттаудың мақсаты
өнімге қойылатын талаптар-
ды, әдістерді белгілі бір салада эрдайым
кеңінен қолдану арқылы
туындаған немесетуындауы мүмкін мәселелерді шешіп, сол саланы
оңтайлы дәрежеде ретке келтіру. Жалпы алғанда стандарттаудың
мақсатына мыналарды жатқызуға болады:
- Өнім, жүмыс жэне қызметтің мемлекеттік мүддесі мен
қоршаған ортаға жэне адам денсаулығына қауіпсіздігін
қамтамасыз ету;
- Ғылым мен техника жетістіктеріне
сәйкес өнім сапасын
жоғарылату арқылы түтынушы талабын қанағаттандыру;
- Еңбек және материалдық қорларды үнемдеу, өндірістің
экономикалық көрсеткіштерін жақсарту;
- Өндіріс пен саудадағы техникалық кедергілерді жою,
өнімнің халықаралық жэне
ішкі нарықтағы бәсекелестік
қабілетін арттыру;
- Өлшемнің біркелкілігін қамтамасыз ету;
- Мемлекеттің
қорғаныс
қабілеті
мен
жұмылдыру
дайындығын күшейту;
- Табиғи жэне техногендік апаттың
әсерінен пайда болуы
мүмкін залалдан шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін
қамтамсыз ету.
Стандарттау объектілері
өнім, өндіріс, үрдіс,
қызмет -
осыларға арнап талаптар, сипаттамалар,
параметрлер, ережелер
бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: