Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



Pdf көрінісі
бет2/35
Дата30.12.2023
өлшемі1,19 Mb.
#199882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
философия по вопросам

Дүниетаным 
– құрылымы жағынан күрделі жүйе. Оның бастапқы және өзекті 
элементі – білім. Ол қарапайым және ғылыми болып бөлінеді. Білім – керемет күш, оның 
көмегімен белгісіз құбылысты ашып, игеруге болады. Бұл процесс тереңдеген сайын 
дүниетаным да екшеленіп, жүйеленіп, тұрақтылық сипатқа ие болады. Білім адамның 
көкірегіне еніп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге 
айналады. Сенім дегеніміз – дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз 
позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, 
дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын. 
Адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Тек сенім арқылы адам өзінің кім екенін және жарық 
дүниеде не үшін өмір сүретінін біле алады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын 
болуы, дүниетанымның өмірімен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен 
дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Сенімі күшті адамның 
өмірі де мықты, мәнді, мағыналы болады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным 
да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-
жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс табуға шамасы жете бермейді. 
Сенім дегеніміз адамның білімдеріне, айналадағы қоршаған ортадағы іс - 
әрекеттерінің дұрыстығына деген батылдығын білдіреді. Адамда өзіне - өзінің терең сенімі 
болуы – оның әлеуметтік өсуінің дәрежесін көрсетеді. Наным – адамның қиялдағы 
шындықтың болатынына сенім білдіретін ерекше жағдайы психологиялық ұстанымы.
Адамның дүниетанымы оның білімі мен сенімнің бірлігі. Ол әйтеуір бір қуанышты 
оқиғаны немесе нәтижені білдіретін үмітсіз болмайды. Үміт – адамды болашаққа жетелейді, 


өмірге деген сенімді одан әрі арттырып, оған ғашық етеді. Үміт – белгілі бір істің, ойдың 
жүзеге асуына білдірілген сенім, дәме. Адам үмітпен өмір сүреді. Үміт бар жерде өмір де 
бар. Ол – адам өміріндегі ең маңызды адамгершілік тірегі. 
Дүниетанымның құрылымдық жүйесіне адамның негізгі принциптері мен рухани 
құндылықтары да кіреді.
Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің, сыртқы 
дүниеге қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре тамыры.
Дүниетаным ғылыми, ғылыми емес, прогрессивті немесе реакциялық, оптимистік 
немесе пессимистік болуы мүмкін. Сонымен қатар, әрбір тарихи дәуірде осы заманның 
сарынына сәйкес дүниетанымның ерекше типі болады. Мысалы, көне дүниеде 
мифологиялық, орта ғасырларда діни, ал Жаңа дәуірде адамдардың табиғи құқықтары 
туралы идеяға сүйенетін, ғылымға бағытталған заңды дүниетаным қалыптасты. 
Өзінің мағынасы жағынан дүниетаным әр уақытта көп жақты. Сондықтан оның 
бірнеше маңызды қабаттарын, аспектілерін ерекше бөліп көрсетуге болады. Ғылыми 
дүниетанымда табиғат, әлем, оның құрылымы және өмір сүру заңдылықтары туралы 
мәліметтер ерекше роль атқарады. Дүниетанымның экономикалық қыры адамдардың еңбек 
етуі мен техника, сауда, ақша, яғни қоғамның экономикалық болмысының барлық 
қатынастарын білдіреді. Әлеуметтік – саяси, аспект – бұл қоғамның саяси өмірі, үлкен 
әлеуметтік топтардың өзара қарым – қатынасы туралы мәліметтерді қамтиды. Бұдан басқа 
адамгершілік, эстетикалық, құқықтық, тарихи, экологиялық, тағы да басқа аспектілері бар. 
Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен 
туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі, қыры, типі бар. 
Мифологоиялық дүниетанымның негізі – қиял, ойдан шығару. Г.Гегель миф дегеніміз 
– адам ақылының әлем алдындағы әлсіздігінің көрінісі деп жазған. Мифология ауқымды әрі 
жан – жақты құбылыс, ол әлем халықтарына түгел қатысты адамзат санасының өте ерекше 
қабаты. 
Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші, бөлінбеген формасы. 
Азамзаттың мифтері әлемнің қалыптасуы мен дамуы табиғи құбылыстардың мәні, адамның 
тағдыры, өмірі, өлімі, іс - әрекеті, табыстары, адамгершілік, этикалық ұғымдар тәрізді аса 
маңызды сұрақтарды қамтыды. 
Мәселен, көне грек мифологиясында, әлем хаостан пайда болды делінген. Сонан соң 
жер, күн мен түн, әр түрлі құдайлар пайда болған. Мифология адамзаттың «балалық» 
дәуірінің дүниетанымы болып табылады, ол сол кездегі адамдардың дүниеге эмоциональді 
– бейнелеу көзқарасын білдіреді. 
Діни дүниетаным құдыретті күшке, яғни құдайға сеніп, соған табынуға құрылған. 
Діннің дүниетанымдық принципі негізінде адам мен дүниенің жаратылуы туралы наным 
жатыр.
Ғылыми дүниетанымның негізін адамның өзі және сыртқы әлем туралы білімдерінің 
жиынтығы құрайды. Ол үшін ешқандай керемет жоқ, тек қана танылмаған құбылыстар бар. 
Алғашқы қарапайым ғылыми білімдер антикалық дәуірде пайда болған, алайда жүйелі 
ғылым XVII ғасырдан бастап қана қалыптаса бастады, ол адамзаттың (ойлау) даму 
тарихына ерекше әсер етті. 
Ғылым, ең алдымен, ұғымдық дүниетаным болып табылады. Қарапайым дүниетаным 
адамдардың өзі және қоршаған дүние туралы күнделікті іс - әрекетінде пайда болып 
тұратын жекелеген білімдеріне негізделеді. Ол әркімнің жеке өмірлік тәжірибесінде көрініс 
табады. Қарапайым дүниетаным халық даналығына сүйенеді. 
Философия ерекше дүниетаным және адамның рухани іс - әрекетінің көрнекті саласы 
ретінде аталған дүниетаным түрлерінің өзара қабысуының нәтижесінде қалыптасты. Бірақ 
ол олардан жоғары дәрежеге көтерілді, сонымен бірге, алғашқы бастауы, қайнар көзі 
ретінде олармен байланысын жоғалтқан жоқ. 
Философия адамның дүниені тану тәжірибесін жинақтау, әлемнің біртұтас теориялық 
үлгісін жасау, әлемге қарым – қатынасты білдіру қажеттігінен туындаған ерекше феномен. 


Дүниетаным мен философияның өзара қарым – қатынасы қалай өрбіп отырады? 
Біріншіден, дүниетаным аясына адамның айналадағы қоршаған ортаға танымдық 
қарым – қатынасының барлық тәжірибесі кіреді. Ал философия дүние құрылымының 
жалпы принциптері мен маңызды белгілерін зерттейді. Ол танымдық маңызы бар барлық 
сұрақтарға жауап іздейді. Өзінің мүмкіндігіне сүйеніп, тек жалпы дүниетанымдық маңызы 
бар сұрақтарға жауап беруге тырысады. Осындай сұрақтың қатарына «әлем дегеніміз не?», 
«адам дегеніміз не?» деген сұрақтар жатады. Ал «жарықтың жылдамдығы қандай?», «судың 
құрылымы қандай?» деген жеке сұрақтарға физика, химия сияқты ғылымдар жауап береді. 
Екіншіден, философияның ықпалымен дүниетаным ретке келіп, жинақталу мен 
теориялықтың жоғары сатысына көтеріледі. Сонымен қатар, ғылым тарихында болған ірі 
жетістіктер әлем туралы философиялық көзқарастардың өзгеріске ұшырауына әкеледі. 
Н.Коперниктің, 
Ч.Дарвиннің, 
А.Эйнштейннің 
ғылыми 
жаңалықтары 
әлемнің 
философиялық үлгісіне әсер еткен жетістіктер болып табылады. 
Үшіншіден, өзінің мағынасы жағынан терең, ауқымды дүниетаным философиялық 
көзқарастардың пайда болуына мүмкіндік жасайды. 
Төртіншіден, философия дүниетанымның сипаты мен бағытын анықтайды. Мысалы, 
Қайта өркендеу дәуірінің философиясы антропоцентристік болды, өйткені бұл ғасырларда 
адам мәселесі алдыңғы қатарға шықты. 
Бесіншіден, дүниетаным мен философияны адам мәселесін әртүрлі тұрғыдан шешу 
қажеттігі және оның табиғаты мен болмысы туралы әртүрлі білімдерді біріктіреді, олар 
әртүрлі таным көздерінен алынады. 
Философия жалпы және абстрактілі білім. Ол шындық қалай зерттеліп жатқандығына 
ерекше мән береді, оны барлық ғылымдардың негізі немесе ғылымның өзіндік санасы деуге 
болады. Көптеген өмірлік мәні бар сұрақтарға философия жауап береді. 
Философия - әлем туралы және ондағы адамның орны туралы жалпы ілім. Ол адам 
мен әлем байланысын қарастыра отырып, әлемді танудың, оны өзгертудің жалпы 
заңдылықтарын зерттейді. 
Философияның пәні басқа ғылымдардан ерекше. Өйткені, философия дегеніміз - өте 
терең теориялық білім. Оның құрамында онтология, гносеология, даму теориясы, 
антропология, әлеуметтік философия сияқты өте күрделі салалар бар.
Философияның даму тарихында одан эстетика, этика, психология, саясаттану жеке 
пәндер болып бөлініп шықты. 
Философия пәнінің ерекшелігінен философиялық білімдердің негізгі белгілері 
туындайды: 

ол жалпы, теориялық сипаттағы білім; 

басқа ғылымға негіз бола алатын іргелі ұғымдар мен идеяларды, ұстанымдарды 
біріктіретін білім; 

жеке философтардың тұлғалық қасиеттерінің ықпалын бейнелейтін субъективті 
білім; 

белгілі тарихи уақыттың объективті білімдері мен ұстанымдарының жиынтығы; 

танымның нысанын ғана емес, тану тетігін де қарастырады; 

ой тек нысанға ғана емес, өзіне де бағыттала алатындықтан, рефлексивті сипаты бар; 

бұрынғы философтардың ұстанымына сүйенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет