жылына 10 сағаттан
кем
емес уақытын қоғамға қызмет кӛрсетуге арнайды.
«Қоғамға қызмет
кӛрсету»
жобасы тұрақты және нақты
волонтерлік негізде
жүргізіледі
.
«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы
Шаңырақ мектеп ӛмірінде оқушыларға ұжымда корпоративтік рухты
қалыптастыратын шағын қауымдастық ретінде ұйымдастырылған. «Шаңырақ»
қауымдастығына екі жасы әртүрлі сынып бірігеді (12 мен 9, 11 және 8, 10 және
7). Әрбір «Шаңырақ» қауымдастығында ӛзінің айырым белгілері бар –
таңбасы, ұраны, түсі және шаңырақтың қызметі куратормен үйлестіріліп
отырады.
«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының мақсаты мен міндеттері:
Оқушыларды салауатты бәсекелестікке баулу;
Бірлескен, біріккен, ұйымшыл командалар құру, бірігіп бос уақытты тиімді
ӛткізуді ұйымдастыру;
Әр жастағы оқушылардың ӛзара ынтымақтастығын қалыптастыру;
Жоғары сынып оқушыларының тӛменгі сынып оқушыларына қамқорлық
танытуы ӛзара әріптестік мәдениетін қалыптастыру арқылы кӛшбасшылық
қабілеттерін дамыту;
Сабаққа дайындық барысында және сабақтан тыс уақытты ұйымдастыруда
бір-біріне кӛмек кӛрсету;
Біртұтас команда, корпоративті рух қалыптастыру.
Оқу жылы барысында «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы арасында әр
түрлі жарыстар мен сайыстар (спорттық, зияткерлік, мәдени) ӛтеді, қатысқаны
мен жеңістері үшін оқушылардың әр қауымдастығы ұпай сандарын
жинақтайды. Оқу жылы соңында «Шаңырақ» қауымдастығының ең жоғары
ұпайын жинап, жеңіске жеткен тобына «Ӛркен» кубогі беріліп, «Туған елге
тағзым» ӛлкетанулық-зерттеу экспедициясына жолдама табыс етіледі.
Таңдау барысында тӛмендегі критерийлер ескеріледі:
оқу үлгерімі;
жүріс-тұрысы және жалпы тәртібі;
үлкендерге,ӛзгелерге ӛзара кӛмек кӛрсету;
әлеуметтік жобалар мен тәжірибелерге қатысуы.
Достарыңызбен бөлісу: |