9
1-бөлім. ЖАЛПЫ ІНДЕТТАНУ
1-тарау.
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС
Ветеринарияның жұқпалы ауруларға қарсы күресте ұстанған басты
бағыты iндеттiң дер уақытында (ерте) алдын алу (дауалау, яғни профи-
лактикалау).
Жұқпалы аурулардың дер уақытында алдын алу үшiн инфекциялық
және iндет процестерiн, олардың даму заңдылықтарын бiлу қажет.
Инфекцияның 1-суретте көрсетілген түрлерін, байқалу ерекшеліктерін
білу, жұқпалы ауруға дер уақытында балау қойып, оның індет ошағында
жалпы және арнайы шараларды тиімді жіргізуге мүмкіндік береді.
Бұл бөлiмдегi тақырыптар жалпы iндеттану бойынша студенттердiң
дәрiс материалдарынан, оқулықтардан (тақырыптары: «Инфекция және жұқ-
палы аурулар», «Иммунитет және иммунологиялық икемдiлiк», «Iндет
процесi және оның қозғаушы күштерi», «Індет ошағы», «Індеттанулық
мониторинг», «Індетке қарсы шаралар жүйесі») алған теориялық дайындық-
тарына негiзделген.
Алдымен жұқпалы ауруларға шалдыққан жануарлармен, жұқпалы
материалдармен және iндетке қарсы шаралар жүргiзген кезде жеке бастың
сақтық шараларымен, жұқпалы аурумен ауырған жануарлар тұратын
оқшауханалармен танысып, инфекциялық ауруларды анықтауға қолданы-
латын нозологиялық балау әдiстерiн зертханалық жағдайда меңгередi.
Зертханалық және практикалық сабақтарда инфекциялық ауруларда
қолданылатын түрлi құрал-жабдықтарды жұмысқа дайындау, оларды қол-
дануды меңгерiп, ветеринариялық клиника немесе шаруашылық жағдайында
тiрi малдан қан, нәжiс, зәр, т.б., өлекседен патологиялық материал алу,
оларды бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, биологиялық
зерттеулерге жiберу тәсiлдерiн, iндеттанулық зерттеу әдiстерiн үйренедi.
Нәтижесiнде, студенттер жұқпалы ауруларға қарсы қолданылатын ұйым-
дастыру-шаруашылық, ветеринария-санитариялық және арнайы шараларды
орындауды бiлулерi керек.
Достарыңызбен бөлісу: