Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау


-мәтін  Бөлтірік шешеннің сөзі



Pdf көрінісі
бет45/187
Дата10.04.2024
өлшемі2,72 Mb.
#200704
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   187
Байланысты:
null repaired (2)

1-мәтін 
Бөлтірік шешеннің сөзі 
Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт: 

Ақ ата (Бөлтірікті жұрты осылай атаған), бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық па? - 
дейді. 
Сонда Бөлтірік: 

Қарағым, байлық - қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ - ол да ұшқан бір құсың емес пе, бала - артта 
қалған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас-жораңмен, ағайын- туысыңмен, ел-жұртыңмен «сіз-біз» деп өмір 
сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың - күл, қуанышың - от! - дейді. 
1. Мәтін мазмұнында кездеспейтін нұсқа
A) қайғы - күл, куаныш - от B) бала - жұбаныш, қарт - қазына
C) қолға ұстаған мұз D) ұшқан құс E) 
артта қалған із 
2. Бөлтірік шешеннің айтуы бойынша бақ қонатын жігіттің сипаты 
A) бақ құсы қонған жігіт B) көпті сыйлаған жігіт 
C) жүрегі мықты жігіт D) 
баласы көп жігіт E) 
ұзақ өмір сүрген жігіт
2-мәтін 
Ғылым артық па, әлде мал артық па? 
Бір топ адам бірде Әзірет Әлі шешенге келіп: «Бір сұрақ берейік, егер шын саңлақ болсаң, он түрлі 
жауап тауып сөйле»,- дейді. Сонымен жаңағылар Әзірет Әлі шешенге: 
- Ғылым артық па, әлде мал артық па? - деп оқыстан сұрақ қойыпты. 


87474320427 
49
Сол мезетте шешен: 
- Біріншіден, ғылым артық. Өйткені ғылым - әулие-әнбиелердің мирасы; ал мал - перғауын мен 
Қарынбайдың мирасы. Екіншіден, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың. Үшіншіден, 
ғылымның досы көп, ал малдың дұшпаны көп. Төртіншіден, ғылымды жұмсасаң, арта береді, малды 
жұмсасаң, азая береді. Бесіншіден, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген атақ береді. 
Алтыншыдан, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағып, қағу керек. Жетіншіден, ғылым қиямет 
күні иесіне шапағатын қылғызады, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді. Сегізіншіден, ғылым 
тозбайды, жоғалмайды. Ал мал болса, қолдың кірі, өледі, жоғалады. Тоғызыншы, ғылым көңілді 
нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болған үстіне бола берсе екен деп 
дүниеқоңыз етеді. Оныншыдан, ғылым құдайға зәһәт, таупиық, ғибадат қылады, ал мал өз иесінің 
көңіліне тәкаппарлық салады, - деп тапқырлық танытыпты. 
3. Ғылымның дүниеден артықшылығы 
A) Мінезін нашар жаққа өзгертеді. B) Адамды масаттандырады. 
C) Досың санаулы ғана болады. D) 
Адамның тьшышын алады. 
E) Адамға ақыл-ой қосады. 
4. Мәтін мазмұнына сай мақал 
A) Атаңа не қылсаң. 
Алдыңа сол келер 
B) Киім кірі жуса кетеді, 
Көңіл кірі айтса кетеді. 
C) Мың малың болғанша, 
Бір балаң ғалым болсын. 
D) Аңқау бөрі қой үркітеді
Ақылсыз адам ел үркітеді 
E) Мал көтерер өлімді, 
Дос көтерер көңілді
5. Ғылымның адамға құрмет әкелетіні шешеннің нешінші жауабында айтылған? 
A) Үшінші 
B) Төртінші 
C) Бесінші 
D) Жетінші 
E) Алтыншы 
6. Әзірет Әлі шешеннің сөзін ұтымды етіп тұрған тәсіл 
A) Жырлап айту B) 
Суреттеп айту C) 
Жобалап айту 
D) Баяндап айту E) 
Салыстыра айту


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет