Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет20/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
 
 
ОҚЫТУДА ТАНЫМДЫҚ ТЕОРИЯ ӘДІСТЕРІ МЕН ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ 
 
Серикова Карлыга Ергешовна 
Түркістан облысы Сайрам ауданы 
№28 Акбай жалпы орта мектебі 
Оқу ісі жөніндегі орынбасары 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Соңғы 
жылдарда заманауи білім беру технологияларының дамуына байланысты оқу үрдісіне аудио және видео 
жазбалар, компьютерлік бағдарламалар және қашықтықтан оқыту кеңінен енгізіле бастады. Ақпараттық технологиялар 
білім берудің барлық салаларында және оқытудың барлық жағдайлары мен түрлі деңгейлерінде қолданылады. 
Осы технология аясында білім алушы шынымен де оқу үрдісінің белсенді субъектісіне айналады, білімді өз бетінше 
игереді және танымдық міндеттерді шешеді. Мұндай әдістердің мақсаты – таным процесін жандандыру, оңтайландыру 


20 
және күшейту. Инновациялық оқыту білім алушылардың іс-әрекетке, ұжымдық жұмыс түрлеріне, пікір алмасуға 
міндетті түрде қосылуын көздейді. 
Ахмет Байтұрсынұлы 1928 жылы жарияланған «Қай әдіс жақсы?» деп аталатын мақаласында: «Әдіс – керекшіліктен 
шығатын нәрсе. Әдістің жақсы, жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай», - деп білім беру әдісінің 
орнымен жұмсалуы керектігін айтқан. Ғалым еңбектерінде көрсетілген білім алушының танымдық қабілетін дамыту 
әдістерінің бірі – 
жалқылау (айырыңқы) әдісі
. «Жалқылау әдіс – жалпылау әдіске қарсы жөндегі әдіс. Жалпылаудың 
әдісі ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы – іріден ұсақтату» - деп түсіндіреді. Ғалым көрсеткен әңгімелесу 
әдісінің ерекшеліктері ретінде білім алушының оқу-танымдық қызмет белсенділігін арттыруын, білім деңгейін 
анықтауын айтуға болады. А. Байтұрсынұлы қазақ тілінің құрылымдық жүйесін қалыптастырып, оқу құралын ғана 
жазып қоймай, оқытуда тілдің танымдық қызметі арқылы 
танымдық әдісті 
қолданғанын байқаймыз. 
Профессор Қ. Жұбановта тілді танымдық тұрғыдан оқыту мәселесін халықтың даналық ойлары, мақал-мәтелдері, 
шешендік сөздері, т.б. қолдану арқылы жүзеге асыруға ден қойған. Қ. Жұбанов қолданған танымдық әдістердің 
ерекшелігі туралы Ф.Ш. Оразбаева: «ғалым ұсынған тиімді әдістердің қатарында түйінді мәселеге көңіл аудару, сөзбен 
суреттеу, көрнекілік, өмірге үңілдіру, еңбек процесімен байланыс, жүйелі ойға төселдіру, оқушының алдына проблема 
қоя оқыту, бір пәнді игерту үшін оған екінші пәнді құрал ету және т.б. бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен ұштасып 
қана қоймай, қазіргі кезде басымдылық беріп отырған іздендіре, дамыта оқытудың ғылыми-теориялық, ғылыми-
әдістемелік негізін қалаған ой-пікірлер болғанын аңғару қиын емес. Мәселен, қазіргі оқыту мәселелеріне байланысты 
қарастырып жүрген таным процесі – өмірге үңілдіру; проблемалы оқыту – оқушы алдында проблема қоя оқыту; 
пәнаралық байланыс – бір пәнді игерту үшін оған екінші пәнді құрал ету; дамыта оқыту – жүйелі ойға төселдіру; тіл 
дамыту – сөзбен суреттеп көрсетудің негізгі бағыт-бағдарымен сәйкес келеді» -дейді. 
Тілдің танымдық қызметі туралы алғашқы пікір қалыптастырған А. Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов таным 
мәселесі туралы тіл білімінің әртүрлі салаларында сөз етті. А. Байтұрсынұлы таным арқылы оқыту жолдарын ұсынса, 
Қ. Жұбанов ұлттық-мәдени ерекшеліктің тілде көрініс табуын, таным теориясының ғылыми ұғымдарын тілді оқытуда 
қолдануды көрсетеді. С.Аманжолов та таным мәселесін тіл білімі мәселелері мен оның оқыту жолдарын қамтыған 
еңбектеріне арқау етіп, қазақ диалектологиясының танымдық мәнін ашқан. Зерттеушілеріміздің үшеуі де танымды 
әдістемеге қатысты қолданғандығын аңғаруға болады. 
Жалпы қай әдіс болмасын, оқытуда қолданылатын әдістер инновациялық оқытудың ерекшеліктері ретінде тұлғаны 
дамытуға бағытталуы тиіс және онда шығармашылық элементтерінің міндетті түрде болуы керек. Сонымен қатар олар 
жеке жұмыс түрлерімен қатар, жұптық, топтық жұмыс түрлерін қамтуы тиіс. 
Студенттердің креативті қабілеттерін дамыту үшін перспективті әдістемелік тәсілдерді қолдану тиімді. Олар: 
кластерлер, инсерт (теориялық материалды өз бетінше оқу кезінде), кестелерді толтыру, екі бөлімді күнделік, бірлескен 
ізденіс, пікірталас, дөңгелек үстел, аудиовизуалды техникалық құралдардың көмегімен оқыту, тесттер, жобалар әдісі 
және т.б. 
Ғаламтор нақты, мобильді ақпараттық ортаны ұйымдастыруға мүмкіндік береді, одан студенттер ақпарат жинап қана 
қоймай, көптеген басқа коммуникативті мәселелерді шешеді. Оны қолдану білім алушылардың ынтасын арттыруға 
көмектеседі, өйткені ғаламторды топ және жеке сабақтар кезінде қолданған жағдайда студенттер өздеріне таныс 
ақпараттық ортаға түсуге мүмкіндік алады. Ғаламторда оқу мақсатында қызықты оқу материалдары бар веб-сайттардан 
бастап қашықтан оқытуға арналған көлемді жобаларға дейін ауқымы бойынша әртүрлі ресурстар пайдаланылады. 
Қашықтан оқыту туралы бүгінгі заманауи технология дамымай тұрып-ақ Қ. Жұбанов «аулақтан оқыту» үлгілерін 
ұсынған болатын. Осы қашықтан оқытуда ғаламтор өте маңызды. Ғаламтор студентпен қатар оқытушыларға да өте 
тиімді. Оқытушы ғаламторды қолдана отырып, пән бойынша оқу кешендерін жаңарта алады; қосымша ақпарат табады; 
ағымдағы өзін-өзі бақылау тапсырмалары; межелік бақылау бойынша материалдар; практикалық тапсырмалар мен 
дәрістер орналастыру; түрлі бақылау нысандарын қолдану және кері байланыс ұйымдастыру үшін интерактивті 
оқытуды дамыту; топтың мүшелері арасында байланыс орнатылады; гипермәтіндермен, аудио және бейне файлдармен 
және блогтармен жұмыс жасалады және т.б. 
Пән бойынша немесе қызықтыратын басқа да тақырыптары бойынша қазақстандық және шетелдік түрлі оқу 
орындарындағы студенттер ғаламтор арқылы байланысты қолдануда. Бұл студенттер ізденісіне үлкен мүмкіндік береді. 
Ғаламтор әртүрлі жағдайларды жүзеге асыруға, әдістемелік әзірлемелерді ұсынуға, оқу процесін әртараптандыруға, 
оны тартымды етуге, оқу субъектісінің қажеттіліктері мен мүдделерін, оның дайындық деңгейін назарға алуға, 
оқушылардың жұмысын жедел және мақсатты бақылауға, оны тиімді басқаруға мүмкіндік береді. 
Студенттердің үлкен көлемде ақпаратты игеруі және оны қолдану бойынша практикалық дағдыларды дамыту 
қажеттілігі оқытушылардың ақпарат берудің жаңа тәсілдерін, жаңа технологиялар мен оқыту әдістерін жасауына 
әкеледі, оқыту әдістеріне шығармашылық көзқарас іздеуге ұмтылдырады. 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1 Иманқұлова М.А. Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының ғылыми-әдістемелік негіздері (А.Байтұрсынұлы, 
Қ.Жұбанов, С.Аманжолов зерттеулері бойынша). Диссер. – Алматы, 2016. – 156 б. 
2 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2010. – 608 б. 
3 Байтұрсынұлы А. Қай әдіс жақсы?// Жаңа мектеп. 1928., №4. 3-11бб. 
4 Байтұрсынұлы А. Жалқылау (айырыңқы әдіс)// Жаңа мектеп. 1927. №11-12. 45-49 бб. 
5 Оразбаева Ф. Тіл әлемі. Мақалалар, зерттеулер. Алматы: Ан-Арыс, 2009. – 368 б. 


21 
6 Дәулетбекова Ж. Т. Жоғарыдан кейінгі білім беру жүйесінде Қ. Жұбановтың әдіснамалық тұжырымдарын 
инновациялық технологиялар арқылы меңгерту. Профессор Қ. Қ. Жұбанов және қазіргі тіл білімі, әдебиеттану және 
әдістеме саласындағы ғылыми-әдіснамалық зерттеулер. Конференция материалдары. – Алматы: 2015. – 479 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет