Педагогикалық факультет


№ 15 дəріс  Тақырып: Мінез-құлықтық терапия



Pdf көрінісі
бет42/57
Дата25.04.2024
өлшемі0,52 Mb.
#201391
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57
Байланысты:
Психотерапия негіздері.

№ 15 дəріс 
Тақырып: Мінез-құлықтық терапия 
Дəріс мазмұны: 
1.
Мінез-құлық терапиясы туралы түсінік. 
2.
Мінез-құлық терапиясының принциптері. 
3.
Мінез-құлықтық терапияның техникалары. 
Мінез-құлықтық психотерапия үйренудің əр түрлі түрлерін негізгі мінез-құлықтың 
техникалары ретінде қарастырады.Оперантты түрде негізделудің мəнін келесідей түрде 
көрсетуге 
болады:Мінез-қүлық 
өзінің 
нəтижесімен 
жəне 
көріну 
салдарымен 
бақыланады.Когнитивті психотерапия ойлаудың түрін өзгертуге, соның нəтижесінде 
психологиялық бұзылыс жағдайын жақсартуға бағытталған психологиялық үрдісте 
қолданылады. 
Мінез-құлық терапиясының принциптері: 
Мінез-құлықтық терапияны өткізуде клиникалық психолог клиенттің əдеттегі мінез-
құлқына сəйкес келмейтін жаңа мінез-құлыққа үйрете отырып, психикалық бұзылыстың 
жаңа компаненттерін өзгертуге тырысады.Мысалы: терапия процесінде клиенттің
фобиялық бұзылыстағы реакциядан қашуы, оның қорқынышын тудыратын ситуацияға 
енуге итермелейді.Бұл қарапайым процедуралар мінез-құлықтық терапияда негізгі болып 
табылғандықтан клиентке оларды қалай орындау керектігіне байланысты ғана нұсқау 
беру жеткіліксіз.Мұнымен шектелуге болмайтын екі себеп бар:Біріншіден клиенттер 
ереже бойынша көп жағдайда анамальды мінез-құлықтың көрінуін ұғынбайды сондықтан 
да қажетті кезде оны түзетуді білмейді.Екіншіден, жаңа мінез-құлық ұзақ уақыт бойы 
жаттықтырылуы тиіс, егер мұндай қайталама жаттығулар жасалмаса мінез-құлық 
қалыптаспайды.Клиенттің мінез-құлық бұзылыстары қандай жағдай да жəне қаншалықты 
жиі көрінуіне байланысты , онымен күресудің жолдарын клиенттің іс-əрекетін мұқият 
зерттеумен, күнделігін талдаумен анықтауға болады.Зерттеудің бұл түрі бихевиоральды 
талдау деп аталады.Осы сипаттағы мысал ретінде əлеуметтік фобияны талдауды айтуға 
болдаы.Мұндай бұзылыстармен сипатталатын адамдар нақты қандай жағдайлардан, 
əлеуметтік қатынастардан қорқатындарын білмей, үнемі өздерін шектеп, қоғамда өздерін 
мазасыз сезінеді. 
Мінез-құлық терапияны қолданған кезде жақсы нəтиже алу үшін, клиенттің төмен 
мотивациясын жеңу маңызды болып табылады.Бірақ көбіне клиенттер толықтай дені сау 
адам 
болуға 
тырысатындықтан, 
оларға 
бірнеше 
ай 
немесе 
апта 
қатарынан 
психотерапиялық процедураларды қолдану үшін олардың мотивациялары төмен болады. 


Мотивацияның жеткіліксіз болуы болуы осыған дейінгі көрінген аномальды мінез-
құлықты бақылаудың сəтсіздігіне байланысты.Əдетте мотивацияны қалпына келтіру үшін 
клиентке психотерапияның мақсатын нақты түсіндіріп. осыған дейінгі өолданған 
əдістерден ерекшелігін анық айту керек.Сонымен қатар əрбір процедураны сəтті 
орындаған жағдайда нəтижесі де жақсы болатын эксеперимент ретінде көрсетіп, оны кей 
жағдайда нəтижесіз болуы мүмкін екендігін де айтуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет