Педагогикалық факультет



Pdf көрінісі
бет28/57
Дата25.04.2024
өлшемі0,52 Mb.
#201391
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
Байланысты:
Психотерапия негіздері.

 
№ 8 дəріс 
Тақырып:
Ойын туралы түсінік
Дəріс мазмұны: 
1.Ойынның мақсаты мен мəні
2.Ойынның құрылымы жəне оның сипаты 
№ 9 дəріс 
Тақырып: Топтық психотерапия 
Дəріс мазмұны: 
1.Топтық психотерапия туралы түсінік. 
2.Топтық психотерапиядағы түсініктер мен категориялар. 
Топтық психотерапия қазіргі уақытта кең тараған жəне де өзіндік орыны бар
психотерапия бағыттарының бірі. 
Психотерапия бағыттарының ішінде (мінез-құлық терапиясы, психодрамма, 
гелитальт, психосинтез т.б.) психокоррекциялық жұмыс жүргізуде өзіндік маңызға ие, 
жəне де мұнда психотерапияның түрлі бағыттары қолданылады. Олардан негізгі 
ерекшелігі басты жұмыс пен жауапкершілік тек психотерапевке қана емес топ мүшелеріне 
де қатысты болып табылады.


Топтық психотерапия идеялары əсіресе гуманистік психология мен психотерапияға 
жақын, алайда бұл бағыттарды Адлер идеяларынан көруге болады.
«Топтық психотерапия» терминін алғаш 1932ж. Яков Морено қолданды, яғни 
психотерапияның жекелей емес, топ болып жүргізілуі болып табылады. Одан кейін 
медицина жəне медицина емес психотерапия өкілдері бұл форма мен əдіске өзіндік 
анықтамаларын берді.
С.Крахотвил (1978ж.) топтық динамикалық қарым-қатынас өзара əрекеттесу тігінен 
жəне көлденең арқылы жүзеге асуы өте жақсы нəтиже бере алады деп тұжырымдаған 
болатын. Алайда, бұл «тігінен» жəне «көлденең» түсінігі менеджменттегідей (басшы – 
бағыну т.б.) қатынас атмосферасы өзара үйлесім табады, мұны Адлер «тең дəрежедегі жұп 
» деп атаған болатын.
Көптеген авторлар бұл əдіс өзара бірлесу атмосферасы яғни клиенттер мен 
психотерапевттердің бір-бірімен араласуы белсенділікті танытады дейді.
Кейде топтық психотерапия мен қатар ұжымдық психотерапия ұғымында 
кездестіруге болады. Либих (1974), Вельвовский (1986) сияқты т.б. белгілі мамандар бұл 
терминдерді ұқсас деп тұжырымдамайды.
Алайда өзге авторлар «ұжымдық психотерапияны» тек ұжымдық жұмыс жасау 
түріндегі жай ғана ұжым болып жұмыс жасауын айтады.
Психотерапияның бағыты ретінде топтық терапияның да өзіндік терминдері мен 
анықтамалары бар.
Алдымен, психотерапиялық топ ұғымынан басталық. 
Психотерапиялық топ (20 адамға дейін) терапиядағы аз ғана топ болып саналады, 
яғни мұнда адамдар өзара келісімді біріккен жалпы жəне жеке психологиялық мəселелер 
бар адамдар қатысады.
Топ «қазір жəне осында» принципін басты назарға алады.
Психотерапиялық топтың кең тараған 2 типі бар:
-
шебер тренинг тобы 
-
encounter 
Шебер тренинг тобы - əдетте психотерапевтте орталықтандырылған яғни оның 
басшылығы айқын жеткілікті безінеді. 
Encounter тобы (жоғары) негізгі жұмыс пен жауапкершілік топ мүшелеріне 
ауысады.
Алайда, қазіргі кезде көпшілік психоаналиктер топтық əдістерді тек уақытты 
үнемдеу мақсатында емес, қайта тиімді болу үшін қолданылады. 
Топтық психотерапияның əдіс ретінде қолданылуын Якоба Мореноның 1931 жылы 
шыққан «топтық психотерапия» журналында кең түрде айтылған.
Сонымен қатар, топтық психотерапия өкілдерінің бірі Карл Роджерс. Оның қосқан 
маңызды үлесі гуманистік терапия жұмысы немесе анти белсенді бағыт, яғни терапияның 
клиентке орталықтандырылуы. Ол осы əсерде encounter – топ түсінігін еске түсірген 
болатын. Карл Роджерстің негізгі идеясы мен əдістері. Л.А.Петровскийдің «əлеуметтік – 
психологиялық тренингтің теоретикалық жəне əдістемелік мəселесі» (М.1982) атты 
еңбегінде жазылған.
Топтық 
психотерапиясының 
медицинада 
қолданылуы 
С.Кратохвиланың 
«невроздар топтық психотерапиясы» (1978) атты кітабымен байланысты.
Осы бағыттағы аса қызықты еңбектер Б.Д.Карвасаркс жəне С.Ледердің «топтық 
психотерапия» (1990) еңбегі жəне С.С.Либихтің еңбектері, А.Л.Тройсман, Н.В.Иванова, 
А.И.Захарова жəне т.б. еңбектері бар. 
Психокоррекциялық топта мына бір əдістемесі қолданылады: 
-
мəселені шешу тобы; 
-
ұжымаралық қарым-қатынасты оқыту тобы (əдетте бұл топтағы адамдар іскер 
адамдар, саясаткерлер, əртүрлі басшылар) 
-
топ бойы 


-
терапевтік топтар
Психокоррекциялық топтың негізгі мінездемесін айқын түйіндеген
Лэкин болады. Ол 1972 жылы басылған еңбегінде көрсеткен. Ол топтық 
психотерапиядағы процестің маңызды атмосфера мен қарастырады. 
-
эмоцияны шығару арқылы жеңілдеу 
-
берілу сезімінің тууы 
-
өзіндік жасыру міндеті 
-
мінез-құлықтың жаңа дағдыларын сынау 
-
топтың ұжымаралық қарым-қатынас еркіндігін санкциелеу. 
-
Топтағы басқару көшбасшымен топ арасында жауапкершілікті бөлісу. 
Қазіргі уақытта топтық психотерапияның көптеген практиктері жақсы
жүйеленген К.Рудестамның «Топтық психотерапия» (1990) атты еңбегінқолданады.
Топта əртүрлі əлеуметтік ситуацияларды талдайды, мұнда адамдар аналогиялық 
немесе ерекшеленген яғни жалпыға қызықты мəселелермен келеді, өзгеге көмектесу 
арқылы өзіне де көмек бере алады. Яғни, топ мүшелерінің барлығы тек көрермен ғана 
емес, əркелей олар қызығушылық танытады.
Алайда айтып кететіні, топтық терапия кез-келген адамдарға немесе кездейсоқ 
жағдайларға жүргізіле бермейді. Бұл жерде психотерапевтің шеберлігін талап етеді, яғни 
топтық психотерапияны қолданылуын немесе керек еместігін білгені абзал.
Əдетте өмірдегі қиын жағдаяттарды шешуде əңгімелесу терапиясы тиімдірек 
болады. Мұнда клиент проблемасын өзін түсінетін басқа жандарға айта отырып, 
проблеманың шешу жолдарын бірлесе қарастырады.
Топ мүшесі ретінде психоз жəне интеллектісі төмен адамдарды қабылдамауы керек 
өйткені, интеллектісі төмен адам əңгімелесуде барлығына түсінікті мəселесуде 
детальдарды қайталап сұрай беруі мүмкін. 
Олар өзге топ мүшелеріне түсінікті нəрсені қайталату бұл олардың назарын басқа 
жаққа аудартуы мүмкін, яғни топтың əңгімелесуді бұрады. Сондықтанда, жақсырақ тұрып 
ойланған жөн.
Терапиялық топқа қатысушылар 3-5-тен 20 адамға дейін сандар бойынша 
ажыратылады. Кейбір терапевтер 30 адаммен де топ құрыпта жұмыс жасай алады. 
Психокоррекциялық топта көп жағдайларда адам саны 8-ден 12-ге дейін болады.
Əдетте топ құрылады, мынадай белгілер болса: 
1.
проблемалық белгілер (жалпы психологиялық мəселелер жəне невроздар) 
2.
жеке белгілер (жалпы ерекше қызығуы, интеллект деңгейі, мінез сипаты) 
3.
демографиялық белгілер (ұлттық-этникалық қауым, жас, жыныс) 
Кейбір авторлардың (Беннис, Шеппард) ойынша гетерегонді топтарды
ұйымдастыруды тиімдірек дейді. Яғни олар қоғам моделінің шындығына жақын болады. 
Сондықтан да біз клиенттерімізді тиімді ұйымдастыра аламыз. Мұндай топта əртүрлі 
көзқарастар жəне де дау-жанжалдар болуы мүмкін, ал былай қарағанда қоғамдағы 
шындық ситуацияларды құрап өзара түсінісуді қалыптастырады.
Осы жерде мынадай сұрақ туындайды: сонда топтың психологиялық климаты 
«жылы», болуы керек пе, əлде қоғамдағы шындық шартқа сай болуы тиіс пе? 
Гетерогенді топ (құрамы бойынша əртүрлі) əдетте арнайы (терапевт бақылауымен) 
дау-жанжалды қосады. Ол, яғни ашушаң адамдардың эмоцияларын бақылау мақсатында 
қолданылады.
Гомогенді (бірыңғай) тобы мұнда тез арада жақсы атмосфера құрып, жалпы 
психологиялық мəселелерді бірлесе отырып шешеді. Алайда, көптеген практиктердін 
айтуынша осындай жақсы қарым-қатынас моделімен өз-өзін сенімділікпен болған топтар 
лабораторды модель ретінде қала берген, яғни клиенттер шын өмірінде шамалы. 
Барлық психокоррекциялық топтың практикалық түрлерінің қатысушыларына 
қойылатын негізгі ережелері:
-
қатысушылармен қарым-қатынаста сенімділік пен ашықтылықтың болуы. 


-
Эмоциональді тұрақсыздықтың көбіне болуы; 
-
«қазір жəне осында» принципі. 
Əдетте топтық терапия жұмысы аптасына 3-4 рет өткізіледі. Əрбір сеанс 1-1,5 
сағатқа созылады. Алайда, бұл тек бағыт көрсету ғана, жұмыс шарты мен мақсатына 
сəйкес психотерапевт өзгерте алады.
Топтық психотерапияның түсініктері мен категориялары. 
Топтық психотерапияның толық жеке бағыт ретінде өзіндік түсінікті аппараттары 
бар.Алдымен, оған мына бір түсініктер кіреді, рөл, норма, мінез-құлық түрі, 
көшбасшылық, топтық үрдіс. 
Рөл. 
Əрбір адам өмірінде əртүрлі қандай да бір рөлді немесе бірнеше рөлді игереді, 
Мəселелен, ол бастық, жəне бағынушы; ер адам жəне əке т.б. Ал, психокоррекциялық 
топта ол бейтаныс адамдармен кездеседі, яғни қандай да бір өзіне ресми түрде рөлді 
алады. Алайда психокоррекциялық топта ол басқа рөлді иемденеді, яғни алыс болмаса да 
кез-келген адамға оңайға соқпайды. 
Мəселен, басқаруға үйренбеген кейбір адамдар топты басқара отырып 
көшбасшылықты игере алады, ал басшы болған адам қарама-қарсы бағынушы рөлшін 
ойнайды. 
Сорнымен қатар топта қарама-қарсы рөлдер болады. Кейбір мамандар (Лири, 1957) 
бір-біріне қарама-қарсы сезімдермен тұратын эмоцияларды бөледі: махаббат-қызғаныш, 
күшті-əлсіз, жұмсақтылық-қаттылық т.б. Келлерман (1979) 4 түрлі қарама-қайшылықты 
бөледі: Романтик-скептик, күнəсіз, философ, Пуританин-кооператор (бірігуші) 
Психокоррекциялық топ қарама-қайшылықтарға сүйене отырып, қалыпты құрыла 
алады.Сонымен қатар, өте жұмсақ, жылы топ шындық мəселелердің шешімін таба 
алмайды, тек сырттай қарағанда жақсы топ болып қана қалады.Оған қарама-қарсы өте 
сыншыл топ. Бұл топ мүшелері психологиялық қорғаныс атмосферасын құрады, бұл топта 
сыртқы жəне ішкі дау-жанжалдың себептерін көре алмайды.
Сондықтан да топ оптимальді түрде мейірімді жəне сыншылда болуы қажет.
Норма. 
Психокоррекциялық топтағы норма ұғымы басқа топтық жəне қоғамдық норма 
түсінігіменде ұқсас болып табылады.
Əрбір қоғам, ұйымдар сонымен қатар кішкене топтардың өзіне тəн ресми жəне 
ресми емес мінез-құлық нормалары берілген, жəне де топтық бұзылыстар болған 
жағдайда əртүрлі санкция түрлері қолданылады. Мінез-құлықтың топтық нормаларымен 
сəйкестендірілу, яғни ресмилі немесе формальді емес қолдауын қажет етеді, яғни топ 
мүшесі өзінің статусын жоғарылата алады. Сондықтанда психокоррекциялық топтың 
өзіне тəн мінез-құлық нормалары белгіленген. Бұл əрине топ алдына қойылған мақсатпен 
ұштастырылады. 
Психокоррекциялық топтарда тұрақты регламент болғанымен олардың ортақ 
жүйелері көп жəне де ең басты маңсы топ мүшелерінің жеке мəселелерін шешу болып 
табылады. 
Бұл нормалар жеткілікті түрде Б.Д.Карвасарскийдің (1985ж.) жіктемесінде толық 
айтылған.
« психокоррекциялық топтың əрбір мүшесі міндетті болып »; 
-
топтық жұмыстағы күн тəртібін орындайды. 
-
Топ ішінде ашық əрі сенімді болуы керек. 
-
Топ ішінде жолдастарына көмек бере отырып, өз мінез-құлқын өзгертуге 
амалдарды ала алады.
-
Жалпы сөйлемнен аулақ болуы қажет, өзінің жəне жолдастарының мəселесі мен 
мазасызданудың нақтысын айтып; «қазір жəне осында» принциппің қолданған 
жөн. 


-
Топ мүшелерінің пікірлерін жəне кеңестерін тыңдай отырып, ойланып өзі 
шешім шығарғаны абзал. 
(Цит. По: Кондрашенко В.Т., ДонскойД.И. – 1997 бет 321-322) 
Топты басқару. 
Əдетте əлеуметтану жəне басқару психологиясында басшылық ету 3 стильде 
жүзеге асырылады; авторитарлы, демократиялық, либеральды. 
Алайда, көптеген авторлардың айтуынша топта таза стиль болмайды. (Мəселен, 
«таза» сангвиник, холерик, мелонхолик, флегматик т.б. болмайды). 
Бұл басқару стильдері топтық психотерапиядағы қарым-қатынаста өзіндік орын 
алды. (Левин, Липпит,Уайт, 1939) Олар: авторитарлі, демократиялық, либеральді. 
Айтып кететін жайт, қандайда болмасын əр стилдің өзіндік жетістігімен кемшілігі 
қатар жүреді. Жас психотерапевтер алайда өздеріне басқару стилін таңдауда 
қателіктеркетеді.
Топты басқарудың авторитарлі стилі. 
Мұндай стильді меңгерген психотерапевт топ көшбасшысы, əрі басқарушы болып 
табылады. Алайда, мұндай стильді топта толығымен демократиялық стиль жоқ деп айтуға 
болмайды.(Əйтпесе, бұл топтық психотерапияға жатпайды). 
Сонымен қатар, топ іс-əрекеті, дискуссия психотерапевт бағытымен жүзеге асады, 
яғни мұнда ол кəсіби шеберлігін таныта білуі керек. 
Бұл стильді қолдана отырып, еске түсіретін жағдай авторитарлі көшбасшы сонда да 
топтық терапияда топ мүшесі болып қала береді. 
Демократиялық стиль. 
Демократия – бұл шашыраңқылық жəне барлығына еркін болушылық. Сонымен 
қатар халық билігі, яғни заңсыз барлығына бірдей болуы. 
Сонымен қатар, ежелгі адамдардың айтуынша: демократия- заң билігі. (көпшілік 
қызығушылығын есепке алған, барлығына бірдей болуы). 
Ал, топтық психотерапияда басқару демократиялық стиль – бұл ұжымдық 
бақылаудың, яғни топ мүшелерінің шешімдерді толық талқылап дұқрыс нəтиже шығару; 
əрине топ нормаларының міндетіне сай болуы керек. 
Либеральді (антиавторитарлі) стиль. 
Бір қарағанда бұл стиль басқару стилінің түрлі деп айту қиынға соғады. Алайда бұл 
психотерапевт үшін тиімді болып бабылады, яғни топ ішінде жақсы сезіну тек 
ситуацияларда ғана емес алдағы уақытта да даму үшін де пайдалы болып табылады.
Сонымен қатар, психотерапевт өзіне сенімді болған жағдайда ған топқа орала 
алады. Топтық терапияда бақылап қана қоймай, топ ішіндегі дау-жанжалды анықтап топқа 
қатысушылардың проблемасын шешудегі сөйлесуіне көмек береді.
Топ ішінде дау-жанжалдың, пікірталастың болмауы топқа қатысушылардың 
ашылуына кедергі болуы мүмкін. Алайда, бұл пікірталастар қатысушылардың қарым-
қатынасына зиянын тигізбеуі қажет.
Шебер терапевтер ситуация талаптарына сай индивидуальді-типикалық стильдерге 
3 стильді де кең қолданылады.
Əрине авторитарлі стильді конфликтік жағдайды қолдану жеңіл əрі тез тоқтатуға 
болуы мүмкін. Алайда бұл топтың тыныштандырылуын сақтауға көмектесуі мүмкін. Бірақ 
бұл топтық проблеманы шешуде невроздық жағдайлар тудыруы мүмкін. Сондықтан 
көптеген психотерапевттер демократиялық стилді қолданғанды қалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет