110
Краткая энциклопедия истории Алаш и Алаш орда
2013
Дәретсіз пышак салып былғаса да,
Қазағым басқөтермей үйыктап жатыр.
Жол қайда, ғылым қайда, жарық қайда?
Ізденбей аянатын енді не тұр?
Қайран жұрт, шын адасып кетемісің,
Жер үшін малын сатып бітемісің.
Болмаса, бала оқытып, ғылым іздеп
Әр етке адамшылық жетемісің!
Лапылдап келіп калған өртке кетпей,
Қөпірден анау тұрған өтемісің!
Бұл бір жұмбак, ойландым, шеше алмадым,
Ерте ойландым, сандалдым, жете алмадым,
Ішім толған қан, жара, сыртым дүрдей,
Надандық қақпанынан өте алмадым.
Талаптаныдым, талпындым, көп ойландым,
Шеңгелінен зорлықтың кете алмадым.
Мен шаршадым, каламым сен де тоқта,
Қім естиді сөзінді, ісің жок па?!
Қанша айтсан да тілінді қазақ алмас,
Жазған өлең сырынды көпке жаяр,
Қой, тоқта, жолығарсың атқан оққа.
Дарияны бір тамшы сүт ағарта ма,
Ғаділдік үстім болмақ бақ арта ма?
Шындық пен өтірікті айырмасан,
Тарихында жазылар кара таңба!
Бір бес кұнге аптығып, анғалданып,
Адамшылық туынан босқа қалма.
Туыппыз жиырмасыншы ғасыр саясында,
Арналсын бұл қазақтың баласына.
Адасқан алашынды жолға бастап,
Жұректін дәрі ізделік жарасына.
Қөзінді аш, тан келеді, оян қазақ!
Мәз болмай кісіліктін жаласына.
«Айкап». 1912. №13. 288-295 бб.
Источник: Смагулова С. Көлбай Төгісов және «Уш жуз» партиясы.
Алматы: «Арыс», 2009. – 232 б. С. 174-175
КОПИЯ СЕКРЕТНО
Достарыңызбен бөлісу: