Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет164/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 
НЕПРЕРЫВНОЕ ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ ОБРАЗОВАНИЕ: 
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ
 
138 
Annotation: 
The updated learning process was determined to increase student engagement 
and collaboration in the classroom through effective ways to use collaborative learning
 
Keywords:
communication, interactive learning, modern technologies, collaboration, Smart 
target, collaboration. 
ХХІ ғасыр 
– 
озық, заманауи технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде 
жаңа технологияларды тиімді пайдалану 

заман талабы. Адам іс
-
әрекетінің әр
-
түрлі 
салаларында, сонымен қатар, білім саласында интерактивті әдістер арқылы оқыту бүгінгі 
күні үлкен өзектілікке ие болып отыр.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процесінде 
оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді 
әдісіне көшу өте маңызды. Бұл тапсырманың шешімі, оқыту процесінде тек жаңа 
технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылуда. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында белгілегендей, білім беру 
жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге 
асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген 
білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық 
құралдарды, интерактивтік әдістер арқылы оқыту технологиясын енгізу білім жүйесін 
дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады. [1]
Ж.Аймауытов «сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны 
табатын өнер» 

деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы 
ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет.
[2]
Бүгінгі жастардың талабы мен рухани талғамы жоғары. Республикамызда тұлғаның
әлеуетін дамытуға, ойын еркін жеткізуге, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға, 
креативтілікті арттыруға барлық жағдай жасалған.
ХХІ ғасыр технологиялық мәдениет, ақпараттық қоғам дәуірі болып табылады. Оқу 
үдерісінде компьютерлік технологияларды қолдану, жоба құру, бейне, графикалық дизайн, 
анимация мен құрылымдық анықтау 

жаңа әдістің пайда болуына, оны ұйымдастыру түріне 
әкелді. Сондықтан қазіргі таңда ұстаздарға қойылатын талаптар ауқымы өте үлкен. Яғни, 
интерактивтік әдістер арқылы оқыту технологиясы оқушылардың сабақ барысындағы 
белсенділігін арттыруға тікелей әсер етеді. 
Интерактивтік оқыту 

бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым
-
қатынасы 
тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Интерактивтік оқыту 

бұл 
танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және 
мақсатын алды 

ала болжауға болатын оқыту түрі. Интерактивтік оқытудың мәнісі 
сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, өздері білетін және ойлайтын 
нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Әр оқушы өзіне тән
ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен 
қатар, бұл процесс өзара қолдау атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана 
қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлде қайда жоғары деңгейдегі топтасу 
мен еңбектену дәрежесіне көтереді.[3]
Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша интерактивті білім беруде көптеген әдіс
-
тәсілдер қолданылады. Жалпы білім беретін орта мектептердің оқу әрекетінде топтық іс
-
әрекетті ұйымдастыруда қолданылатын әдіс тәсілдердің ерекшеліктерін теориялық және 
тәжірибелік тұрғыда зерттеу маңызды рол атқарады. Интерактивті стратегияларды 
қолдану
 
топтық жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Ынтымақтастық және 
бірлескен топтық жұмыс процесінде оқушылардың жаһандық дағдыларын дамыту, 
оқытудың белсенді және интерактивті стратегияларын қолдану үшін топтық орта құру өте 
маңызды. 
Қазіргі қоғамда, оның мүшелерінің білімі, зияткерлік даму деңгейі экономиканың 
дамуы мен жаңа қоғамдық қатынастардың қалыптасуын анықтайтын негізгі стратегиялық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет