Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет331/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: 
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ 
ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: 
МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 
276 
Модульдік оқыту технологиясы үш бөлімнен тұрады:
1.
Кіріспе бөлім 
2.
Сұхбаттасу
бөлімі (диалогті қарым 

қатынас арқылы оқушылардың танымдық іс
-
әрекетін 
ұйымдастыру)
3.
Қорытынды бөлім
Өзіміз көріп тұрғандай диалогтік қарым
-
қатынас арқылы оқушыны өзінің ішкі 
мүмкіндіктерін тануға, шығармашылық қабілетін дамытуға баулуға болады. Бұл бөлімде мұғалім 
мынадай құрылымдар арқылы тапсырма дайындайды:
1)
осы бөлімге қажетті материалдың негізгі мазмұнын анықтайды;
2)
жинақталған оқу материалдарын «өсу» бағытымен береді;
3)
тақырып бойынша тапсырмалар дайындайды;
4)
берілген әрбір тапсырмада өзара сөйлесуді қамтамасыз етеді;
Оқушы өзін
-
өзі дамыта , жетілдіре, тәрбиелей алатын технологиялардың бірі
-
дамыта 
оқыту технологиясы.
Бұл жерде баланың іскерлік машығын емес, қабілетін, дарынын дамытуға 
ықпал жасалынады. Яғни оқушы 
-
зерттеуші, ізденуші, жаңалық ашушы. Өзекті бір тақырыпты 
алып, сол тақырып төңірегінде ізденушіге сұрақтар қою арқылы бағыт
-
бағдар көрсетуге болады. 
Ары қарай оқушы өзі зерттеу жұмыстарын жасайды. Мәселен, қазақ әдебиеті сабағында қаһарман 
жазушы Бауыржан Момышұлы туралы өткенде оқушылар Бауыржан Момышұлының жазу 
шеберлігіне, шығармадағы қаһармандық бейнесіне қызығып, даңқты батырдың шығармашылығы 
жайлы ізденіс жұмыстарын жүргізді. Мәселен, Бейсенбек Абдурахим деген оқушым «Бауыржан 
Момышұлы естеліктеріндегі шынайылық» деген тақырыпта зерттеу жұмысын жүргізіп, аудандық 
ғылыми жобалар байқауына қатысып, 1 

орын алды. Ал Уразбай Нұрсая деген оқушым 
«Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» романындағы тұрақты тіркестердің ұлттық 
танымды танытудағы қызметі» тақырыбында зерттеу жұмысын жазды. Бұдан байқайтынымыз, 
дамыта оқыту технологиясының пайдасы өте көп.
Проблемалық оқыту

мұғалім тарапынан тақырып жайында қиын мәселелердің туындауы, 
оқушылардың өз беттерімен ол мәселелерді шешуі. Бұдан оқушылардың ойлау қабілеттері 
дамып, шығармашылық дағдылары қалыптасады. Қазіргі заманғы мақсаты да оқушыларды 
шығармашылыққа дайындау емес па? Осы орайда, мұғалім жаңа білімді өзі түсіндіріп жатпай, 
оқушыларға проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешу жолдары мен тәсілдерін үйретеді. 
Бұнда ескеретін жайт кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Белгілі бір әлеуметтік жүкті, 
қоғамдық мәселені көтеретін кезде ғана проблемалық болып табылады. Сұрақтың жауабы дайын 
болмағандықтан, оқушылар өздері іздене бастайды. Мәселен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 
«Ақиқаттан аттауға болмайды» деген естелік
-
эссесін оқытуда
адалдық
пен 
ақиқат 
деген
ұғымдардың аражігін ажыратып алуға тура келді. Ол үшін проблемалық сұрақ тасталып, осы 
арқылы естелік
-
эсседегі ақиқат дүниелердің адалдықпен жеткізілгені талданды. Әрі зерттеу 
жұмысы жасалып, қорғалды. Бұл да бір әдеби шығарманы проблемалық талдауда жеткен 
жетістігіміз.
Сабақ барысында қолданылатын жаңа технологиялар

оқушылардың жеке қажеттіліктерін 
ескеретін, көзқарас қалыптастыратын дүниелер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет