Пленарлық баяндамалар


ЦИФРЛАНДЫРУ БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА БАҒЫТ



Pdf көрінісі
бет404/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

 
ЦИФРЛАНДЫРУ БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА БАҒЫТ
 
Аманбаева Д.Ж.
 
№ 64 орта мектебі, Тараз қ
Бүгін цифрлық технологияның дамыған заманында білім беруде оқытудың тиімді жолдарын 
қарастырып, жаңа идеяларды, жаңа технологияларды қолдану қажеттігі туындаған кезең. Әсіресе
онлайн оқытуда бұл өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан білім берудің талаптарының бірі 
– 
оқу үдерісіне жаңа технологиялар мен инновациялық әдіс
-
тәсілдерді енгізу десек, осы арқылы 
білім алушының шығармашылық құзіретін дамыту, тіл білу деңгейін көтеру, сапалы білім беру 
көзделеді. ХХІ ғасыр 
– 
ақпарат ғасыры. Білім саласында жаңа ақпараттық технологияны 
практикада қолдана алу 
– 
бүгінгі заман талабы.
Жүзеге асырылуы 2018
-
2022 жылдарға белгіленіп, 2017 жылы бекітілген «Цифрлық 
Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында: мақсат 
– 
орта мерзімді перспективада Қазақстан 
Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды 
пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады» деп көрсетілген.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс
-
қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының «Қолжетімді әрі сапалы білім» бөлігінде: 
«Азаматтардың сауаттылығы мен цифрлы біліктілігін арттыру мақсатында Үкіметке Үздіксіз білім 
беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Бұл құжатта бейресми білім берудің баламалы 
нұсқаларын көптеп енгізу, өз бетінше оқу нәтижелерін мойындау, кәсіби дағдыларды 
сертификаттау мәселелерін қарастыру қажет» екендігіне тоқталған болатын. Цифрландыруға күш 
салу адами капитал белсенді түрде дамитын 
– 
болашақтың білімі мен дағдылары ерте жастан 
бастап тәрбиеленетін, автоматтандыру және басқа да жаңа технологиялар есебінен бизнес 
жұмысының тиімділігі мен жылдамдығы артатын, ал азаматтардың өз мемлекеттерімен диалогы 
қарапайым әрі ашық болатын жаңа қоғамды құруға әкеледі. Цифрлық рефолюция біздің көз 
алдымызда өтуде. Адами капиталды дамыту 
– 
осы бағдарламадағы негізгі бағыттардың бірі. 
Мұнда әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, білім беру жүйесінде де заман талабына сай 
өзгерістердің болу қажеттілігі сөз етіледі. Қазіргі кезде әлемдік жаhандану үдерісінен қалмай, 
заманауи технологияларды қолдана отырып, өмірдің әр саласында бәсекеге қабілетті маман 
дайындау 
– 
жоғары білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Жаhандану үдерісі және әлемде 
болып жатқан пандемияға байланысты оқу жүйесінің онлайн форматқа өтуі білім беру үдерісінде 
цифрлық білім беру ресурстарына деген қажеттілікті бұрынғыдан да арттыра түсті. Білім 
алушыларға тілді үйретуде жаңа технологиялар мен әдістерді пайдаланып, лексика
-
грамматикалық тақырыпты меңгертуге арналған тапсырмалар мен тілдік дағдыларды 
қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.
Цифрлық сауаттылық
-
қазіргі цифрлық технологиялар мен түрлі интернет ресурстарын 
тиімді, әрі орнымен пайдалана білу дағдылары.
Бүгінде цифрлық сауаттылық әрбір педагогтің құзіреттілігі мен біліктілігін көрсете алатын 
бірден бір маңызды фактор ретінде саналады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 
Заңының 63
-
бап, 3,2
-
тармағы, 8
-
бөлімінде:
«Білім берудің барлық деңгейлері үшін цифрлық 
интерактивтік білім беру ресурстарын және оқу фильмдерін ұйымдастыру, жасау және дамыту»
міндеті қойылған

[1].
Болашақта бәсекеге қабілетті, теориялық және практикалық білімді терең 
түсіне, сіңіре алатындай білім алушы тәрбиелеу барысында цифрлық сауаттылықтың маңызы зор 
екені белгілі. Себебі, қазіргі техналогиялардың көмегімен білім саласында аса маңызды саналатын 
сапаны арттыра аламыз. Сонымен қатар жаңа тахнологияларды пайдалану ақпаратты қабылдау, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет