Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2


Полиэлектролит ерітінділерінің қасиеттері және олардың қолданылуы



Pdf көрінісі
бет159/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

1.Полиэлектролит ерітінділерінің қасиеттері және олардың қолданылуы
.
Коллоидты ерітінділердегі фазааралық жанасу шегінде электрлік зарядтар туындайды. 
Коллоидты системаның электрлік қасиетін түсіну үшін,ондағы электр кинетикалық 
құбылыстарды және олармен тығыз байланыста болатын коллоидты бөлшектер мен 
электролиттердің өзара әрекеттесуін,сол сияқты осындағы бір фазаның екіншіден 
салыстырмалы жылжуынан туындайтын жайларды қарастыру қажет. 
Коллоидты химиядағы электр кинетикалық құбылыстарды және онымен 
байланысты электрлік зариядтардың туындайтынын Ленинград университетінің 


194 
профессоры Ф.Рейсс 1808жылы ашты. Ол өз тәжірибелерінде бір түйір ылғалды 
балшыққа,екі шыны түтігін қадайды. Содан соң, ол осы шыны түтік ішінде бірдей етіп 
жуылған кварсты құмын салып,бірдей деңгейге дейін су құяды. Шыны түтікке оң және 
теріс электродты енгізіп,оны тұрақты ток көзіне қосады. Біраз уақыт өткен соң электр 
өрісінің әсерінен балшық бөлшектері бөлініп, құм арқылы сүзіліп өтеді де, оң зарядталған 
полюске жылжып көтеріледі. Демек, балшықтың бұл бөлшектері теріс зарядталған.Осы 
тұста,осы оң зарядталған шыны түтік ішіндегі су лайланады. Мұнда оң зарядталған 
бөлікте су тек лайланып қана қоймай,оның деңгейі төмендеп,теріс полюсті электроды бар 
шыны түтіктегі су деңгейі көтеріледі. Олай болса мұндағы су оң зарядталған. Бұл 
құбылыстарды онан әрі зерттегенде, олардың коллоидты системаларға да тән екені 
байқалды. 
Теріс электродтағы су деңгейінің көтерілу себебін табу мақсатымен Рейсс басқа 
да тәжірибелер жүргізді. Көптеген тәжірибелер көрсеткендей, электрофорез кезіндегі 
коллоидты бөлшектер электр өрісінде белгілі бір жылдамдықпен қозғалады. Сол сияқты 
осындай электр өрісіндегі сұйықта белгілі бір жылдамдықпен жылжумен қатар коллоидты 
бөлшектер мен сұйықтардың мөлшері оған жұмсалатын потенциял айырымына және 
диэлектрлік өткізгіштігіне тура пропорционалды да,осы ортаның тұтқырлығына кері 
пропорционалдық байланыста болады екен. Бертін диафрагмалар деп аталатын қуыс 
заттар арқылы сұйықтың ондағы электр өрісі әсерінен жылжуы 
электроосмос
құбылысы 
деп аталды.
Коллоидты системадағы электр кинетикалық құбылыстарды жан жақты және нақты 
зерттеу нәтижесінде кейбір жалпы қорытындылар тұжырымдалды; 
1.Барлық коллоидты системалар электрофорез және электроосмос құбылыстары 
кезінде дисперсті фазаның зарядтық белгісіне қарай оң және теріс зарядталған болып 
бөлінеді. 
2.Барлық коллоидты системадағы электрофорез және электроосмос процестері тек 
бір бағытта ғана жүрмейді. Олардың екеуі қарама-қарсы екі процестің біріккен түрі. 
3.Белгілі бір жағдай жасалғанда зольдің коллоидты бөлшектері қайта зарядтала 
алады,яғни өз зарядының белгісін керіге ауыстырады. 
4.Коллоидты бөлшектің заряд шамасы коллоидты ерітіндінің жіне қосымша 
ретіндегі басқа да заттар мен ерітінділердің концентрациясына,сондай ақ олардың 
табиғатына байланысты өзгереді. 
Қос электр қабатының жылжымалы немесе диффузиялық және жылжымайтын 
немесе адсорбциялық бөліктерінің арасындағы потенциял айырымын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет