Microsoft Word Ландшафттоведение и приод тех комп Каз Есмурзаева doc


)Орталық Қазақстаның шөлейтті ландшафт аймағы ұсақ шоқылы



Pdf көрінісі
бет16/28
Дата23.05.2024
өлшемі0,66 Mb.
#202816
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
Есмұрзаева Ландтшафттану

3)Орталық Қазақстаның шөлейтті ландшафт аймағы ұсақ шоқылы 
ежелгі тау жұрнақтары сақталған Сарыарқаның оңтүстік бөлігін 
қамтиды.
Сарыарқаның батыс және оңтүстік шекаралары оның табиғи шептері 
болып саналады.Мұнда абсолют биіктігі 1300 – 1500 м – ге жететін ежелгі тау 
жұрнақтары тараған.Олардың төбесі мен беткейінде гранитті, гранитоидты 
жартастар және олардың қорымтасты үйінділері шығып жатады.Ұсақ шоқылы 
ежелгі тау жұрнақтарының арасында қиыржық тасты саздақпен көмілген 
аллювийлі – проллювийлі жазық орналасқан.Оның абсолют биіктігі 300 – 500 
м.Сарыарқаның еңселі болып келуі климат жағдайының қалыптасуында үлкен 


роль атқарады.Ландшафты түзейтін территориялық табиғат кешендері 
төмендегідей.Кристалды жынысты іргетасы жұқа саздақтан – қиыршық тасты 
жамылғымен жабылған тұғырлы қыраттардың қызыл күрең және ашық түсті 
сортаңды, карбонатты қызыл күрең топырақты жеріндегі жусанды – көделі, 
жусанды – бозды шөлейттер. Гранитті, гранитоидты ұсақ шоқылар.Гранитті, 
гранитоидты ұсақ саздақтан – қиыршық тасты жамылғымен жабылған ежелгі 
тау жұрнақтарының нашар дамыған ашық түсті қызыл күрең топырақты 
жеріндегі бұталы – жусанды, көделі, көделі – жусанды – бозды шөлейттер.Ұсақ 
шоқылы ежелгі тау жұрнақтарының арасындағы саздақтан түзілген аллювийлі, 
пролювийлі жазықтың қызыл күрең және ашық түсті сортаңды, карбонатты 
топырақты жеріндегі жусанды – бетегелі, жусанды – бетегелі – бозды, бозды – 
бетегелі – бұталы шөлейттер.Сортаңды жерге қара жусанды, изенді өсімдік 
жамылғылары дамыған. Өзен жайылмасының шалғынды топырағына қамысты 
әр түрлі шөптесінді шалғын орналасқан. Жалпы Сарыарқаның шөлейтті 
ландшафтылары мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Ұсақ шоқылы тау 
жұрнақтарының арасындағы жазықтың құнарлы жеріне егін егіледі.
32 
 Шөлді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет