Microsoft Word Ландшафттоведение и приод тех комп Каз Есмурзаева doc


Қазақстан жерінде биіктігі орташа таулар



Pdf көрінісі
бет22/28
Дата23.05.2024
өлшемі0,66 Mb.
#202816
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
Есмұрзаева Ландтшафттану

Қазақстан жерінде биіктігі орташа таулар
Тарбағатайдан басқа 
таулы аймақтарда жеке – дара тау жүйесін құрамайды.Олар Тянь – Шань, 
Жоңғар, Сауыр, Алтай тауларындағы абсолют биіктігі 800 – 1300 м – ден 2300 
– 2900 м – ге дейінгі тау жоталары мен беткейлерінде, тау іші жазықтарында 
орналасқан. 
Бұл 
ландшафтының 
қалыптасуында 
геологиялық 
– 
геоморфологиялық 
ерекшелігімен 
бірге 
ауаның 
таулық 
– 
жазықтық 
циркуляциясы, ауа массасының жоғары көтерілуі, атмосфера шептерінің 
алмасуы негізгі фактор болып саналады.осы процестердің негізінде биіктігі 
орташа мөлшері 550 – 800 мм. Алтайда 1000 – 1500 мм – ге дейін жетеді.. 
Жалпы Қазақстан жеріндегі биіктігі орташа тауларда далалы, орманды – 
шалғынды – далалы ландшафт типтерін құрайтын биіктік белдеу тараған.
37
 


Биіктігі орташа таулардың далалы ландшафт типінің
таралу шегі 800 
– 1300 м – ден 2200 – 2600 м – ге дейінгі абсолют биіктігі бойынша 
анықталады.Ландшафты белдеуі шектерінің биіктігіндегі көріністің айырмасы 
200 – м – ге тең.Ландшафтының бұл типі жусанды дәнді шөптесін өскен құрғақ 
далалы және дәнді шөптесін мен түрлі шөптесін өскен қоңыржай ылғалды 
далалы белдеуден тұрады. 
Құрғақ далалы ландшафт белдеуі
Жетісу өңірінде, Тарбағатай тау 
жоталарында тараған.Көбіне күнгей беткейлерде 2000 – 2200 м биіктікке дейін 
көтеріледі.мұнда күңгірт түсті және жай ғана қызыл қоңыр топырақты жерге 
бетеге, Кавказ бен Қырғыз бозы, еркекшөп және түрлі эфемерлер мен жусан 
өскен. Қолдан суарылған жағдайда бау – бақша, мал азығы дақылдары егілген.
Қоңыржай ылғалды далалы ландшафт белдеуі 
абсолют биіктігі 2000 
– 2200 м – ден 2200 – 2600 м – ге дейінгі тау беткейлеріндегі, тау жоталарында 
және тау іші жазықтарында орналасқан.Бұл жерлерге жауын – шашын мол 
түседі, кейде 500 – 600, 600 – 800 мм – ге дейін жетеді.Қоңыржай ылғалды 
далалы ландшафт белдеуінің күнгей беткейлі және теріскей беткейлі түрлері 
бар.Күнгей беткейлі түрі Талас және Қырғыз Алатауында дамыған. 
Ландшафтыларының биогенді құрамдас бөліктерін қиыршық тас араласқан 
саздақты негізде қалыптасқан қара сұр және таулы – далалы топырақта өсетін 
әр түрлі шөптесін мен қырғыз бозынан, жүлгелі бетегеден құралған өсімдік 
жамылғысы құрайды.Теріскей беткейлі қоңыржай дала ландшафт белдеуі 
Қазақстанның таулы аймақтарының бәріне де дамыған.Ландшафтысының 
құрылымдық бөліктері қиыршық тас араласқан саздақты жынысты негізінде 
қалыптасқан күңгірт түсті қызыл қоңыр топыраққа өскен бетегелі – бұталы әр 
түрлі шөптесін және бетегелі бозды әр түлі шөптесін өскен төбелі қырқадан, 
тау жотасының жонынан, таудың қара топырағына өскен дәнді шөптесінді - әр 
түрлі шөптесін, бұталы әр түрлі шөптесін өскен жатық беткейлерден, жонды 
қырқалардан, таулы – далалы және таулы – шалғынды қара топыраққа өскен әр 
түрлі шөптесінді – дәнді шөптесін өскен тау іші жазықтарынан тұрады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет