Қарлұқ тайпаларының негізгі жерлері:
Алтай тауынан – Балқаш көліне дейінгі аралық.
Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аймақты алып жатқан ірі тайпалар одағы – қарлұқтар.
756 жылы Түргеш қағанатының әлсіреген жағдайын пайдаланып, билікті өз қолдарына алып, өздерінің
мемлекетін құрды.
Астанасы:
Қағанаттың орталығы -
Суяб қаласы.
Екінші астанасы – Баласағұн
Қағанаттың саяси жағдайы.
766
-
775
жылдары
Қашғарияны
жаулап
алып,
шығыстағы
шекарасын
кеңейтеді.
Әл - Марвази өзінің еңбегінде: «Қарлұқтар бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз – оғыздарға құл болды», - деп
жазады.
Қарлұқтардың ұйғыр қағанатымен күресі:
ІХ ғасырдың басында өздерінің шығыстағы жауы Ұйғыр
қанатынан жеңіліс табады. Оларға қарсы күрес 20 жылға созылған. Қарлұқтар қырғыздармен біріге отырып, 840 жылы
Ұйғыр қағанатын тас - талқан етіп жеңеді.
Қарлұқтардың саманилермен күресі
: Самани әулеті мұсылман дінінің шекарасын кеңейту сылтауымен
«ғазауат соғыс» жариялап, Испиджабты басып алады. Қала билеушісі Саманилер сарайына алым - салық төлеп тұруды
мойнына алады. Саманилер Тараз қаласын басып алып, қалада мешіт салдырады. Тараз қаласы жартылай вассалдық
тәуелділікте болады. Ал қаланың билеушісі болып отырған Оғұлшақ қаған уақытша Қашғар қаласына кетуге мәжбүр
болған. Қарлұқ қағанатының көпшілік ақсүйек – шонжарлары екінші астана – Баласағұн қаласында тұрды.
Қарлұқтардың арабтармен күресі
: Қарлұқтардың арабтарға қарсы соғысы екі ғасырға жуық мерзімге созылған.
Бұл мезгілді екі үлкен кезеңге бөліп қарастыруға болады.
1) Қарлұқтардың 712 - 713 ж. ж Соғды, Шаш, ферғаналықтармен бірігіп жүргізген күрес кезеңі. Бұл кезең
қарлұқтардың 756 ж билікті өз қолдарына алған кезге дейін созылады.
2) Қарлұқтар күресі ҮІІІ ғ екінші жартысынан ІХ ғ аяғына дейін қарлұқтар жеңіліске ұшырады. Себебі бұл кезде
арабтар ислам дінін идеялық қару ретінде қолданды.
Достарыңызбен бөлісу: |