Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз



Pdf көрінісі
бет1/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)






Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз. 
Мұғалім – жалпы білім беретін оқу орындарында оқушыларды оқытып, тәрбиелеу 
қызметін атқаратын маман. Мұғалім қоғамдық тәжірибені жас ұрпаққа жеткізуде және 
оларға тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Ежелгі шығыс елдерінде мұғалім 
негізінен абыздардан болатын. Орта ғасырда мектеп дінмен тығыз байланыста болып, 
мұғалім міндетін дін қызметшілері атқарады. Мекетеп ісінің дамуы нәтижесінде мұғалімдік 
кәсіп кеңінен тарап, өз алдына мамандық болып қалыптасты. 
Мұғалім адамды адам етіп тәрбиелейтін маман иесі. Тәрбие дейтін ата ұғымынан 
пайда болғаннан бері бұл қызметтің ең беделді, ең білгір адамға тапсырылатыны 
сондықтан. Мұғалімнің қызметі өте күрделі және көп салалы. Сондықтан мұғалімнен жан-
жақты ғылыми терең білім, жоғары педагогикалық шеберлік, саяси моральдық қасиет, 
табанды ерік-жігер, парасатты мінез-құлық талап етеді. 
Қазіргі кезде мұғалім мамандығына қойылатын талаптардың бірі оның өзі тарапынан 
оқушы мен ата-ана, әріптестермен демократиялық, гуманитарлық педагогикалық 
ынтымақтастықты жүзеге асыра білуі. Мұғалім жас ұрпақты жаңаша ойлауға адамзат 
тарихында ғасырлар бойы жиналған байлықты білуге және бүгінгі күнде өмірімізде орын 
алған рухани ждамдықтан арылуға ықпал жасаушы мамандық. Ортамызға қайта оралған 
халқымыздың рухани байлығының көл перзенттері Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, 
М.Жұмабаев, 
М.Дулатов, 
Ж.Аймаутов 
т.б 
еңбектері 
мұғалімнің 
сана-сезімін, 
дүниетанымын жаңартуға бағыт береді. Қазіргі заман мұғалімі ең басты ерекшеліктерінің 
бірі жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды күшейту, сол арқылы еліміздің нағыз 
белсенді азаматын және отанды қорғаушысын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім 
табиғат, қоғам, адам, айнала қоршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған 
болуы шарт. Мұғалім еңбегі өте ептілікті, сезгіштікті, шыдамдылықты талап етеді. Мұғалім 
бала жанын сезе білуге бейім болуы керек. Мұғалімнің балаға шынайы сезіммен, құрметпен 
қарауы, балада да мұғалімге деген сезімін тудырады. Мұғалім еңбегінің ерекшеліктері оның 
баламен үнемі қарым-қатынаста болуымен сипатталады. Сондықтан мұғалімнің жалпы 
дәрежелі болуы оның интеллектуалдық мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы 
педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды. Мұғалім өз заманының 
білімді, мәдениетті адамы бола отырып оқушыны оқи білуге, білім ала білуге үйретеді. 
Педагогикалық істің шебері болу шарттары:
1) Кәсіптік білім 2) Кәсіптік қабілет немесе педагогикалық қабілет 
3) Педагогикалық әдеп 4) Педагогикалық техника 
Мұғалімнің әдістемелік жұмысының қандай түрін таңдаса да соңғы нәтижеде оның 
тиімділігі мұғалімнің өз бетінше өз білімін көтеруге байланысты болмақ. Сондықтан да 
үздіксіз білім беру процесін жоғары оқу орны – мұғалімдер білімін жетілдіру институты – 
семинар, курс, практикум және т.б. оқу түрлерімен шектеуге болмайды, оған осы оқу 
түрлерінің арасындағы тынымсыз ой еңбегін де жеткізу керек. Ересек адамның өз білімін 
көтеруі барынша даралығымен ерекшеленеді, содан да мұғалімнің өз білімін көтеру 
жұмысына тәжірибелі әріптесі, беделді мектеп басшысы тарапынан тиянақты көмек қажет.
Мұғалімнің өзінің педагогикалық білімін көтеру оның өз бетінше педагогикалық 
құндылықтар, технология, шығармашылық тәжірибелерді игеруі қарастырылады. Оның 
мазмұны психологиялық – педагогикалық және арнайы білімдердің, педагогикалық 
жұмысты ғылыми ұйымдастырудың негіздерін, жалпы педагогикалық мәдениетті қамтиды. 


Әрбір мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі ой еңбегінің техникасын білу ақыл-ой 
әрекетінің дербес ерекшеліктерін ескеру негізінде құралады. Мұғалімнің өздігінен білімін 
көтеруі оның бос уақытын дқрыс ұйымдастыру, дербес жұмыс жоспар жүргізіп, оны іске 
асыра алуына тікелей байланысты. 
Мұғалімдер, тәрбиешілер, мектеп жетекшілерінің біліктілігін көтеруге басшылық – 
білім саласындағы басқару қызметі бағыттарының маңызды да мәнділерінің бірі. Бұл 
қызмет төмендегідей аса маңызды әрі қажетті бірліктерден құралады: 
-
мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқушылармен жүргізетін оқу-тәрбие 
жұмыстарының формалары мен әдістерін пайдалану және қолдану 
шеберлігін жетілдіру, үздіксіз күрделене дамудағы білім мазмұнын 
меңгеруін қамтамасыз ету; 
-
мектептегі оқу-тәрбие процесінің мүмкіндігінше жоғары деңгейде 
жабдықталуы мен барша деңгейдегі жаңашыл-жасампаз іс-әрекеттердің 
орындалуына жағдай жасау; 
-
мектептің даму бағытын айқындауға байланысты педагогикалық ұжым 
қызметіне дем беріп, оны жетілдіру; 
Кәсіби қызметінің барысында барша мамандар өз педагогикалық шеберлігін арнайы 
курстарда, семинарларда, біліктілік көтеру мекемелерінде жетілдіріп баруы міндетті. Бұл 
мақсатта келесідей іс-шаралар ұйымдастырылуы мүмкін: 
-
негізгі жұмыс орнына үзіліссіз өткізілетін қысқа мерзімді тақырыптық 
оқулар (соңғы емтихан, сынақ не нақты кәсіби қызмет мәселесіне орай 
реферат қорғаумен бітеді); 
-
сала, ұйым, мекеме деңгейінде жүргізілетін тақырыптық не проблемді 
орташа мерзімді семинарлар (жұмыстан үзіліссіз); 
-
мамандардың кәсіби қызмет бағытында біліктілік көтеру мекемесінде ұзақ 
мерзімді оқуы. 
Жаңа бағдарламалар бойынша қосымша білім және ептіліктер игеру және кәсіби 
қызметке орай жаңа мазмұн мен соңғы технологияларды меңгеру үшін кәсіби қайта 
дайындық (екінші мамандық алу) оқулары ұйымдастырылады.
Қайта дайындық нәтижелері бойынша кәсіби іс-әрекеттің белгілі саласында жұмыс 
алып бару құқығына кепіл мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. 
Ерекше педагогикалық таланты бар мұғалімдер тумысынан дарынды мұғалімдер бар, 
мұндай мұғалімдер өздерінің оқу тәрбие жұмысындағы бүкіл жолында табысқа жетіп 
отырады. 
Тәжірибеде кез-келген мектептің ұжымымен балаларды қызықтыра білетін, 
сабақтарында әрдайым тамаша тәртіп болатын, мектепте бәрі солардың айтқанын істейтін, 
қисық-қыдыр оқушыларды соларға жөнге салуға жіберетін талантты мұғалімдерді табуға 
болады. Олардың шәкірттері әйтеуір бұлардың беделін бірден мойындап, түйсігімен 
сезінеді, оған мойын сұнады. Әрине, мұндай мұғалім баланың жүрегінде із қалдырады. 



Педагогикалық іскерліктер туралы жазыңыз. 
Педагогтың 
кәсіби 
құзыреттілігінің 
құрамдас 
бөлігін 
педагогикалық 
іскерліктер 
құрайды. 
Педагогикалық 
құзыреттілік 
мұғалімнің 
теориялық 
және практикалық дайындығынан құралады. Ал мұғалімнің теориялық және 
практикалық 
дайындықтары 
педагогикалық 
іскерліктерден 
құралады. 
Педагогикалық 
құзыреттіліктің 
құрылымы 


Педагогикалық 
іскерлік 
– 
бұл 
теориялық 
білімге 
негізделген 
және 
үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, автоматтандырылған 
бірізді 
жүзеге 
асатын 
әрекеттердің 
жиынтығы 
(В.А.Сластенин). 
Педагогикалық 
іскерлік 
– 
мұғалімнің 
әр 
түрлі 
әрекетттерінің 
жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық әрекет функцияларына сәйкес, 
белгілі 
бір 
мөлшерде 
мұғалімнің 
жеке 
психологиялық 
ерекшеліктерін 
анықтайды 
(В.А. 
Мижериков). 
Жоғарыда 
келтірілген 
сызбадан 
көріп 
отырғанымыздай 
мұғалімнің 
педагогикалық 
құзыреттілігі 
теориялық 
және 
практикалық 
дайындықтардан 
құралады. 
Теориялық 
дайындық 
өз 
кезегінде 
аналитикалық 
(талдау), 
болжау, 
жобалау, 
рефлексиялық 
іскерліктерден 
құралса, 
практикалық 
дайындық 
коммуникативтік 
және 
ұйымдастырушылық 
әскерліктерден 
тұрады. 
Педагогтың 
кәсіби 
құзыреттілігі 
үшін 
тек 
теориялық 
және 
практикалық 
дайындықтың 
болуы 
жеткіліксіз. 
Кәсіби 
құзіреттіліктің 
құрамын 
қолданбалы 
іскерліктер 
де 
толықтыра 
түседі. 
Оған 
шығармашылық 
іскерліктер – сурет салу, ән айту, музкалық аспаптарда ойнау, би билеу, 
спорт 
түрлерімен 
шұғылдану 
және 
т.с.с. 
іскеерліктер 
жатады. 
Әрине, 
педагогтың 
кәсіби 
құзыреттілігі 
тек 
аталған 
іскерліктер 
құрамымен 
анықталады деп айтуға болмайды. 



«Құзыреттілік» ұғымына анықтама беріңіз. 
Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың 
негізінде дербес, өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алатын, әлеуметтік 
және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жоғары 
мәдениетті қарым-қатынасқа түсе алатын тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. 
Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың 
тұжырымдамасында білім берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырланудан нәтижеге 
бағытталған 
құзыреттілік 
тұрғыға 
көшу 
деп 
көрсетілген. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», «Қазақстан Республикасының 2011-
2020 жылға дейінгі білім беру бағдарламасында» мектепке дейінгі білім беруде жаңа 
рухани-мәдени құндылқтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып, ақыл-ойының, 
интеллектуальдық дамуын қамтамасыз ететін, болашақ бастауыш мектептегі оқу әрекетіне 
дайындық ретінде танымдық құзыретін қалыптастыру қажеттілігі туындайды [1]. 
Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу үдерісін ұйымдастыру базалық білім, білік, дағдылар, 
жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың 
түйінді құзыреттілігінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес мектепке дейінгі 
балалардың бойында қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге, экологиялық білімді 
меңгертуге танымдық құзыреттілікті қалыптастыру басым бағыттарының бірі болып 
табылады. 
Құзыреттілік мәселесі бойынша А.Дорофеев, В.С.Кульневич, Г.Селевко, Л.А.Петровская, 
Т.Е.Исаева, А.В.Хуторской, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, В.Д.Шадриков, Г.Ж.Менлибекова, 
Б.Т.Кенжебеков, Дж.Равен, С.И.Ферхо, Ю.Г.Татур, И.А.Зимняя, В.Байденко, С.Е.Шишов, 
Ш.Таубаева, М.Ж.Жадринаның, Д.П.Мучкиннің, А.Арғымбаеваның, К.Л.Кабдолова мен 
Г.У.Кунакованың, Р.Дәулетованың, В.Е.Гаибова мен А.П.Чернявская, А.Б.Изделеуова 
еңбектерін талдау құзыреттілік ұғымының мәнін нақтылауға мүмкіндік берді. 
Сонымен қатар құзыреттілік ұғымына, П.Симонов, М.Чошановтар өз ойларын білдіріп, 
талқылаған. Дегенмен, П.Симонов әлеуметтік даярлық туралы айтса, М.Чошанов көбінесе 
құзыреттіліктің мазмұндық (білім) және процессуалдық (білік) ретінде қарайтын 
көзқарастарға тоқталады. Ал В.Ландшеер құзыреттілікті терендетілген білім деп түсінеді 
[2]. 
«Құзыреттілік - оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім 
нәтижесі», 

делінген. 


Стенфорд комиссиясының директоры Г.Вайнер құзыреттілікті адамның белгілі бір 
әрекеттер аймағына сәйкес бағыттылығы ретінде қарастырады. Ал белгілі ғалым 
М.М.Чошанов құзыреттілікті білім, білік, дағдының өзара байланысы деп қарап, оның 
төмендегідей формуласын ұсынады: білімді қолданудың жылдамдығы әдістердің 
оралымдылығы 
ойлаудың 
сынаулығы. 
Құзыреттілік деп белгілі бір сала бойынша оқушылар дайындығына алдын-ала қойылатын 
талаптарды, ал құзырлылық деп олардың калыптасқан тұлғалық сапасы мен сол іс-әрекетке 
қатысты 
жинақталған 
тәжірибесін 
түсінген 
жөн. 
Құзыретті болу мен құзыретсіз болудың себебі бірдей, ол - адамның жеке тұлға ретіндегі 
ахуалы, эмоциясының тұрақтылығы мен айнымалылығы, денсаулығының жақсы-
жамандығы тағы да басқалары. Кейбір зерттеушілер компетенттілік ұғымын «құзыреттілік» 
аталымымен 
нақтылайды. 
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде «құзыр» (компетенция) - 
біріншіден қайсібір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау; 
екіншіден тіл мен психолингвистикада - тілдің базалық, абстактілі ережелерін меңгеру деп 
көрсетілген. Ал түсіндірме сөздіктерде «құзыреттілік» ұғымы құзырлықты меңгеруші 
ретінде қарастырылады. Құзыреттілік жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық 
тәжірибесіне сай белгілі бір міндеттерді орындауға дайындығы. «Competent» сөзі 
французша «компетентті», «заңға сай», латынша «сай болу», «қабілетті», «талап қою», 
«жарамды», 
ағылшынша 
«қабілетті» 
деген 
мағынаны 
білдіреді. 
Құзыреттілік – «істі біліп» іс-әрекет атқаруға қабілеттілікті білдіретін жалпы балама 
термин. Әдетте, белгілі бір әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бар адамдарға қатысты 
қолданылады, оның орындайтын міндеттері мен шешетін күрделі проблемаларының нақты 
деңгейіне 
сай 
білім 
мен 
іскерлігінің 
сәйкесті 
мөлшерін 
анықтайды 
[3]. 
Сонда, құзыреттілік (компетентность) ұғымы қазақ тілінде белгілі бір салада шешім 
қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе құқық) беретін адамның қабілеттілігі 
мағынасында 
қолданылады. 
Психология ғылымында «құзыреттілік» ұғымына қатысты нақты түсініктер қалыптасқан. 
Сонымен қатар бұл ұғым іс-әрекетті жүзеге асыруда білім, білік, дағдыны қамтиды (А.Н. 
Журавльев, Н.Ф. Талызина, Р.К. Шакурова және т.б.). Олай болса психология ғылымында 
«құзыреттілік» танымдық (когнитивтік), пәндік-практикалық және жеке өзіндік тәжірибелер 
жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Жас ерекшелігіне қарай балалардың құзыреттілігі өткен 
кезеңдегі психикалық деңгейіне, мәдени-тарихи, этникалық және әлеуметтік-экономикалық 
формалардың әсер ету дәрежесіне тікелей байланысты болады. Осылайша ересек топтағы 
балалардың психологиялық ерекшелігі коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру 
мүмкіндігінен анықталады. Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік 
тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын құруда. Бұл 
тұрғыдағы 
көзқарасты 
Б.Д.Эльконин 
өз 
еңбегінде 
былай 
көрсетеді: 
– «құзыреттілік» ұғымы тек танымдық (когнитивтік) және технологиялық құраушы ғана 
емес әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез-құлықтың, яғни оқыту нәтижелерін (білім, 
білік, 
дағды), 
құндылық 
бағдар 
жүйелерін 
қамтиды; 
– құзыреттілік – алған білім, білік, тәжірибе мінез-құлық тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты 
іс-әрекет 
жағдайында 
жұмылдыру 
қабілеті; 
– құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интеграциясы; 
– құзыреттіліктер тек білім
беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі 
және 
дәстүрден 
тыс 
білім 
алу 
жағдайында 
да 
қалыптасады 
[4]. 
Бүгінгі еліміздің білім жүйесінде әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге 
белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруда оқыту үдерісін тың идеяларға 
негізделген жалпы ұлттық деңгейдегі жаңа мазмұнмен қамтамасыз етуде құзыреттілік 
тұғырының маңызы зор. «Құзыреттілік» ұғымы дәстүрлі педагогикалық зерттеулерде кәсіби 
құзыреттілік немесе маман құзырлылығы ұғымдарымен қатар қолданылып келді. Ал, қазіргі 
зерттеу жұмыстарында «құзыреттілік» тек маман біліктілігі мен мамандыққа ғана қатысты 


емес, сонымен бірге ақпараттық, әлеуметтік, мәселені шешу, коммуникативтік 
құзыреттіліктері де зерттеу пәніне айналуда. «Құзыреттілік» ұғымының тағы бір маңызды 
жағына тоқталар болсақ, ол тек өз кәсібін жетік білетіндерге немесе үлкен адамдарға ғана 
қолданылатын мінездеме емес, сонымен қатар студенттерге, мектеп оқушыларына, тіпті 
мектепке дейінгі жастағы балаларға да берілетін мінез-құлық сапасы болып табылады. 
Бұдан мынадай қорытындылар шығаруға болады: құзыреттіліктің жас ерекшелігі шегін 
анықтауда қиындықтар туындайды. Қазіргі зерттеушілер маман ретінде құзыреттілікті 
мектепке дейінгі балалар мен бастауыш сынып жасындағы балалардың маңызды мәселесі 
ретінде қарастыруда. Қазіргі таңда құзыреттілікті тұлғаның күрделі мәдени жиынтық іс-
әрекеті түрлерін жүзеге асырудағы қабілеттілігі деп түсінуге болады [5]. 
Бүгінгі мектепке дейінгі білім беру нәтижесі ретінде мемлекеттік міндетті білім беру 
стандарты бойынша денсаулық сақтау, таным, қарым-қатынас, әлеуметтік және 
шығармашылық құзыреттілік деп белгіленген. Соның ішінде танымдық құзыреттілік 
қоршаған ортамен таныстыру, математикалық түсініктерін қалыптастыру, сенсорлық тәрбие 
беру негізінде қалыптасатындығы негізге алынған. Біз соның ішінде танымдық 
құзыреттіліктің 
мәнін 
ашуды 
жөн 
көрдік. 
Таным - адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту 
мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным 
барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, 
құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің 
субъектісі - адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. 



Үздіксіз білім беру ұғымының мәнін түсіндіріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет