Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Цитокиндердің ерекшеліктеріне жататындар



Pdf көрінісі
бет118/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Цитокиндердің ерекшеліктеріне жататындар: 

Бір цитокин жасушалардың бірнеше түрімен өндіріле алады; 

Бір жасуша бірнеше цитокинді өндіреді; 

Бір цитокин бірнеше түрлі жасушаларға әсер ете алады; 

Әр түрлі цитокиндер белгілі бір жасушаның белгілі бір қызметін 
шақырады.
Цитокиндерді өндіретін жасушаларды 3 топқа бөлуге болады. Олардың 
әр қайсысы қоздырғыштарымен және белсендіру әсерлерге жауап беру 
түрімен, сонымен қатар, тек өздері өндіретін цитокиндерімен және оларды 
қамтамасыз ететін үрдістерімен бір-бірінен ажырайды (№1-ші кесте). Олар 
– көбінесе, гемопоэзге қатысты цитокиндерді өндіретін стромалық дәнекер 
тіндік жасушалар, қабыну үрдісіне қатысты цитокиндерді өндіретін 
моноциттер/макрофагтар және иммунды жауаптың антиген арнаулы 
бөлігінің дамуына жауапты лимфокиндерді өндіретін лимфоциттер.
1-ші кесте. Цитокиндерді өндіретін жасушалардың негізгі 
түрлері 
 
Өндіруші 
жасушалар 
Цитокиндердің 
қоздырғыштары 
Өндірілу
кинетикасы 
Өндірілетін 
цитокиндер 
Стромалық 
жасушалар 
(фибробласттар, 
эндотелиалдық 
жасушалар) 
Тікелей түйісу, 
бактериалдық 
өнімдер 
Бір сағаттың 
ішінде мРНК 
түзіледі, 3-4 
сағаттан кейін – 
секрецияның ең 
жоғары деңгейі 
ГМ-КСФ, Г-КСФ, 
М-КСФ, IFN-β, 
GTF-β, ИЛ-6, 7, 8, 
11 
Моноциттер/ 
макрофагтар 
Бактериялар 
және олардың 
өнімдері, 
полиэлектролит
тер, форболдық 
эфирлер 
Бір сағаттың 
ішінде мРНК 
түзіледі, 6-14 
сағаттан кейін – 
секрецияның ең 
жоғары деңгейі
ИЛ-1, TNF-α,
ИЛ-10, 12,15, 
ГМ-КСФ, Г-КСФ, 
М-КСФ, GTF -β, 
IFN- α, 
хемокиндер 
Т-хелперлер 1 
Антиген/митоге-
нді ТКР -CD3/ 
CD28 + ИЛ-12 
арқылы 
байланыстыру 
5-8 сағаттан 
кейін мРНК 
түзіледі, 10-48 
сағаттан кейінгі 
цитокиндердің 
секрециясының ең 
жоғары деңгейі
ИЛ-2, IFN-γ,
TNF -α және TNF 
-β,ИЛ-3, 8,
ГМ-КСФ, МТФ, 
хемокиндер, МАF
Т-хелперлер 2 
 
Антиген/митоге-
нді +ИЛ-4 
арқылы 
байланыстыру 
5-8 сағаттан 
кейін мРНК 
түзіледі, 24-48 
сағаттан кейінгі 
ИЛ-3, 4, 5, 6, 9, 
10, 13, ГМ-КСФ, 
хемокиндер 


123 
цитокиндердің 
секрециясының ең 
жоғары деңгейі 
Қалыпты жағдайда 
стромалық жасушалар цитокиндерді аз 
мөлшерде өндіреді.
Зақымдау және патогендік факторлар болмаса 
цитокиндердің өнімі қан түзу жасушаларымен тікелей әсерлесу 
нәтижесінде қоздырылатын сияқты. Бактериалдық өнімдер цитокиндердің 
синтезін белсенді түрде күшейтеді. Қан түзу ағзаларымен шектелмей, 
сонымен қатар, агрессия ошақтарының барлығында қан түзудің 
экстрамедулярлық ошақтарының қалыптасуы байқалады. Осындай
белсенділік қоздырылған терінің және шырышты қабаттардың 
эпителиалдық жасушаларында да байқалады. 
Миелоидтық – моноцитарлық жасушаларының цитокиндерді 
(монокиндерді) өндіруі, көбінесе, бактериалдық өнімдердің әсерінен
болады. Сонымен қатар оны метаболиттер, цитокиндердің өздері, 
пептидтік факторлар, полиэлектролиттер, қоршаған жасушалармен 
әсерлесу, адгезия мен фагоцитоз процесстері қоздыра алады. Моноциттер 
мен макрофагтардың цитокиндерінің гендері 1 сағаттың ішінде белсенеді, 
нәтижесінде цитокиндер тез арада ортада пайда болады. Аталған 
жасушалардын цитокиндерінің ішінде қабынудың дамуына қатысатын 
факторлар басым кездеседі. Оларды монокиндер деп атайды.
Лимфоциттер цитокиндердің (лимфокиндердің) продуценттерінің 
үшінші тобын құрайды.
Лимфоциттердің барлық түрлері цитокиндерді 
өндіре алса да, CD4
+
- хелпер жасушалары олардың «мамандалған» 
өндірушісі болып табылады. Қоздырылмаған лимфоциттер гуморалдық 
факторларды 
өндірмейді. 
Жасушалардың 
қоздырылуы 
антиген 
байланыстырушы рецепторлары мен корецепторлардың әрекеттесуінің 
нәтижесінде басталады. Лимфокиндердің алғашқысы – ИЛ-2 – Т-
жасушаларының цитоплазмасында стимуляциядан кейін 2 сағатта пайда 
болады, ал басқа лимфокиндер белгілі тәртіп бойынша кейінірек пайда 
бола бастайды: ИЛ-4 - 4 сағаттан кейін, ИЛ-10 - 6 сағаттан кейін, ИЛ-9 - 24 
сағаттан кейін. Әр цитокиннің өнімінің ең жоғары деңгейі әр уақытта 
байқалады: ИЛ-2 - 12 сағаттан кейін, ИЛ-4 пен ИЛ 5 - 48 сағаттан кейін, 
ИЛ-9 бен IFN-γ - 72 сағаттан кейін. 
Бұл тәртіп Т-хелперлердің пісіп жетілу үрдістерінің көрсеткіші 
болып келеді. “Аңқау” CD4

- жасушалары стимуляцияға жауап ретінде тек 
қана ИЛ-2- ні өндіреді, содан кейін, Тх0ге айналып, бірқатар цитокиндерді 
аз мөлшерде бөле бастайды. Жалғасқан (немесе қайталама) қоздыру 
нәтижесінде Тх0 Тх1 мен Тх2 болып бөлініп, мембраналық фенотиптері 
бойынша айырмашылықтары болмаса да, әр қайсысы өзіне ғана тән
цитокиндердің спектірін өндіреді ( №2-ші кесте). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет