Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет269/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Пассивтi иммунизация
кезiнде адамға құрамында белгiлi бiр 
қоздырғыштардың 
антигендеріне 
қарсы 
антиденелер 
бар 
арнайы 
сарысуларды енгiзедi. Пассивтi иммунизация жылдам әсер бередi, сондықтан 
оны терапиялық мақсатта жиi қолданады. Тiптi эпидемиялар кезiнде оның 
алдын алу үшiн де қолданады. Көбiне құрамында жоғары титрдегi арнайы 
антиденелерi 
бар 
гомологиялық 
сарысуларды 
(антистрептококты, 
антистафилококты және т.б.) жұқпалы агенттерден қорғану үшін енгiзедi. Ал 
жоғары мөлшерде токсиндердi өндiретiн ауруларды (мысалы, күл, сiреспе, 
ботулизм, газды гангрена) емдеу кезiнде гетерологиялық антитоксикалық 
сарысу қолданады. 
Белсендi иммунизация
– дегенiмiз жұқпалы антигенді агресивсiз 
түрдегi, бiрақ иммуногендiк мөлшерде қорғаныс иммундық жауабын туғызу 
және иммунологиялық зерделікті қалыптастыру мақсатында адам ағзасына 
бағытталған түрде енгiзу.
Белсенді иммунизация кезінде сәйкес қоздырғышқа қарсы бiрiншiлiк 
иммундық серпілістер ынталанады және иммунологиялық зерделік 
қалыптасады. Нәтижесiнде ағза қоздырғышпен екiншi рет кездескен 
жағдайда оған жылдам, әрi тиімді жауап беруге қабiлетi болады. Бұл тек 
гуморалдық серпілістерге (яғни IgM, IgG, IgА түзiлуi) ғана қатысты емес, ол 
жасушалық түрдегi иммундық жауапқа да тән. Белсендi иммунизациямен 


шақырылған әсерлердiң ұзақтығы шектелген, сондықтан белгiлi жағдайларда 
вакциналарды қайта енгiзу керек. Әдетте вакцинаны қоздырғыштың табиғи 
жұғу жолын имитациялау арқылы енгiзсе оның нәтижесi жақсы болады. 
Мәселен, вирустарды (полиомиелит немесе тұмау) ауыз арқылы жiберу, 
себебi олар ағзаға iшек немесе тыныс жолдары арқылы түседi және бұл 
жағдайда секреторлы IgA түзілуі күштiрек ынталанады. Бiрақ белсендi 
иммунизацияны басқа да әртүрлi жолдармен (терiiшілiк, терi астына, бұлшық 
етке енгiзу) жүзеге асыруға болады. Сирек жағдайларда белсенді 
иммунизация кезiнде сенiмдi иммундық жауапты қалыптастыру үшiн 
антигенмен бiрге арнайы емес күшейткiш (адъювант) қолданады.
Сонымен, 
белсенді иммунизацияның мақсаты – жұқпаларға қарсы 
арнайы 
қабылдамаушылықты 
қалыптастыру, 
ол 
антиденелердiң 
және/немесе иммунды хабарлы жасушалардың зерде популяциясының 
жоғары деңгейде болуымен байланысты. Антиген организмге екiншi рет 
түскен жағдайда зерде жасушалары тез пролиферацияға ұшырайды және 
қоздырғышқа қарсы иммундық жауапты жылдам қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет