Вакцинация кезiнде дамитын асқынулар
Егудiң жанама әсер шақыратыны барлығымызға мәлiм.
Полиомиелит, қызылша және қызамыққа қарсы аттенуацияланған
вакциналарды көпшiлiк мойындады. Бiрақ, олардың аз болса да асқынуларды
шақыру қаупi бар. Мәселен, қызылшаға қарсы иммунизация жүргiзгенде
энцефалит дамуы мүмкiн. Сонымен қатар, қызылшамен табиғи жолмен
ауырған кезде энцефалитпен ауру жиiлiгiнiң одан да жоғары екендiгiн естен
шығармау керек. Тiрi вирусты вакциналарды қолданған жағдайда вирустың
нуклеин қышқылы иесiнiң геномына ену немесе вируленттi түрге реверсия
қаупі бар.
Сондай-ақ тiрi вирусты вакциналарды енгiзгеннен кейiн дамитын кейбiр
жағымсыз салдарды вирусология мен микробиология саласында бүгінгі күні
бiлiмнiң жеткiлiксiз болуына байланысты жауап беру мүмкiн емес. Мысалы,
АИЖ вирусы сияқты РНҚ ретровирустарға қарсы тiрi вирусты қолдану өте
қауiптi. Себебi, бiрiншiден, белгiлi бiр генотипi бар адамдар үшiн олардың
патогендiгi
жоғары
болуы
мүмкiн.
Екiншiден,
тiрi
ретровирусты
вакциналарды және гепатитке (әсiресе В және С гепатитi) қарсы
вакциналарды қолданғанда егу алушы ағзаның жасушаларына онкогендер
енуi мүмкiн. Бұл жағдайға қазiргi кезде адекватты жауап беру мүмкiн емес.
Нәтижесінде сол ағзада қатерлi iсiктермен ауру қатерi бiршама
жоғарылайды.
Осыған байланысты ЖИТС-ке, гепатитке және қатерлi iсiктерге қарсы
тiрi вакциналарды қолдану өте күрделi. Жалпы,
Достарыңызбен бөлісу: