Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Лейкоциттердiң миграциясын тежеуші серпiлiсi (ЛМТС)



Pdf көрінісі
бет297/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Лейкоциттердiң миграциясын тежеуші серпiлiсi (ЛМТС) 
ЛМТС 
әр 
түрлi 
жұқпалы 
ауруларда, 
негiзiнен 
жасушаiшiлк 
бактериялармен зақымданғанда: туберкулез, бруцеллез, лепра; кандидоз 
және созылмалы вирусты жұқпаларда иммундық жауабын; сонымен қатар 
аллергиялық ауруларда аллергендерге сезiмталдығын анықтау үшiн табысты 
қолданады. 
Әдiстiң қағидасы.
Эритроциттер қоспасы жоқ қан плазмасынан алынған 
лейкоциттер қоспасын, (50 мкл) 199-шi ортасымен (бақылауда) және 
индуцирлеген вариант – ФГА-мен бiр көлемде араластырады. ФГА 
концентрациясы 1 мл-де 10 мкг. 
Осы серпiлiстiң бiрнеше модификациясы бар. Иммунологиялық серпiлiске 
арналған планшетке, дуплетке немесе триплетке 10% бұзаудың эмбриондық 
белсенденген сарысу қосылған 199 ортасын құяды. Мөлшерi 7мм және 
диаметрi 1мм капиллярды ортасы бар лейкоциттер қоспасымен немесе ФГА-
мен толтырады. Бiр ұшын арақатынасы 1:3 тең парафин және воск 
қоспасымен толтырады, екiншi жағын – планшеттiң ұясына түсiредi. 
Планшеттi қақпақпен жабады, 18-24 сағатқа 37
о
C инкубациялайды.
Капиллярды алып тастағаннан кейiн сұйықтықты лункаларда қайтадан 
суспензиялайды. Әр лункада лейкоциттердiң санын Горяев камерасымен 
есептейдi. ФГА-мен бақылау және сынақ үшiн орташа санын есептейдi. 
Миграция 
индексiн 
есептеу 
үшiн 
тәжiрибедегi 
жасушалардың 
концентарциясын бақылаудағы сондай концентрацияға бөледi. Қалыпты 
жағдайжа арақатынасы 0,3-0,5 тең. 
Капиллярлық әдiс.
Бөлiнген лейкоциттермен бiр жағы ашық, ал екiншi 
жағы жабылған 2 капиллярды толтырады. Кейiн центрифугалайды және 
жасушалары жоқ тұнбаны алып тастайды. Содан соң бiр капиллярға 
ынталандыруды (ФГА) қосады және 24 сағат бойы 37
0
С
инкубациялайды. 
Бақылау және тәжiрибе капиллярының ашық жағынан планшеттiң ұясына 
лейкоциттердiң миграциясы жүредi. Серпiлiстi бақылау және тәжiрибе 
ұяларындағы жасушалар концентарциясының арақатынасымен бағалайды. 
Қалыпты жағдайда арақатынасы 0,6-0,87 тең (миграция индексi). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет