ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


ҚАЗБАЙ – Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған  антропотопоним.  ҚАЙРАТ –



Pdf көрінісі
бет191/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

ҚАЗБАЙ
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
ҚАЙРАТ – 
Жәнібек, Тасқала ауданындағы елді мекендер. Символды топонимдер.
ҚАЙЫҢДЫ
– Бөкей ордасы, Шыңғырлау, Казталовка аудандарындағы орман алқабы 
мен елді мекендер. 
Қайың
сөзінің қатысымен жасалған фитотопонимдер. Қайыңды орманы 
бізге жерлес ақынымыз Т.Жароковтың «Жапанды орман жаңғыртты» поэмасы арқылы таныс. 
Бұл поэмада Жәңгір ханның пәрменінің жасалған Бөкей ордасындағы оазис – 
Қайыңды
орманына жырланады.
ҚАЙЫС
– Бөрлі ауданындағы елді мекен. 
ҚАЙШАҚҰДЫҚ 
– Казталовка ауданындағы елді мекен. Социалистік Еңбек Ері, КСРО 
Жоғарғы Кеңесінің депутаты Қайша Миханованың құрметіне берілген антропотопоним.
ҚАҚПА
– Ақжайық ауданындағы елді мекен. 
ҚАҚПАҚТЫ
– Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен.
ҚАЛДЫҒАЙТЫ
– Облыстың Шыңғырлау, Қаратөбе аудандары арқылы ағатын өзен 
мен елді мекен атауы. Гидроним моңғол тіліндегі 
хандағай 
сөзінен қалыптасқан. «Моңғолша-
қазақша сөздікте» 
хандағай- бұлан – (бұғының бір түрі)
деп түсіндіріледі. Демек, 
хандағай
мен 
қалдығай 
сөздерінің айырмашылығы 
н-л
дыбыстарының алмасуында ғана. Қазақ тілінің 
диалектілік ерекшеліктерін зертеуші ғалым С. Аманжолов мұндай дыбыс алмасуларының 
Батыс говорларына тән екендігін айтады. Мысалы, 
қандел-қанден, жамалдат-жамандат
, т.б. 
Бұлан – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Қостанай облыстарын мекендейтін 
жануар. Олар ертеде Қалдығайты бассейнін мекендегенін Сырым ауданындағы Бұлан елді 
мекенінің атауы да дәлелдей түседі. Ал –ты қосымшасы – Жымпиты, Бұлдырты, Аңқаты, 
Шідерті, Өлеңті атауларында кездесетін көне (реликтілік) жұрнақ. Сонымен, Қалдығайты 
атауы этимологиясымен 
Хандығай+ты – Қалдығай+ты – Бұланды
деп түсіндіруге болады. 
«Хандағай» сөзінің қатысымен жасалған топоним монғол тілінде де, түркі тілдес Сібір 
халықтары тілінде де кездеседі.
Аңқаты, Жымпиты
атаулары моңғол шапқыншылығынан бұрын, түркі-моңғол тіл 
бірлестігі дәуірінде бар атаулар болып саналса, 
Қалдығайты
гидронимі туралы мұндай 
жорамал жасауға болмайды. Араб саяхатшысы Ахмед ибн-Фадланның еңбегінде 
Қалдығайты
өзені 
Эрдон
деп беріледі. Соған қарағанда, 
Қалдығайты
топонимі 
Аңқаты
атауынан кейінірек, 
монғол тіліндегі кірме сөзге 
–ты
қосымшасы жалғану арқылы қалыптасқан деп қорытынды 
шығаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет