Мырзаш Исмагулов көшесі
- Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Балауса»
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Мұстафа Шоқай атындағы көше
– Зашаған
кентіндегі
жаңа көше атауы.
Мұстафа Шоқай
(1890-1941, Қызылорда) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,
түрік халқының даңқты күрескері. Демократ, энциклопедиялық білім иесі, ағылшын, француз,
неміс, түрік, орыс және араб тілдерін меңгерген. Петербург университетінің 1912жылы Санкт-
Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Өмір бойы әділдік үшін
күрескен. «Алаш Орда» үкіметінің мүшесі болған.
Мұстафа Шоқай 1890 жылы Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезіне қарасты ( қазіргі
Шиелі ауд) Наршоқы деген жерде, Шоқайдың обасында туған. Шоқайдың әкесі Торғай Сыр
қазақтары Ресей патшалығының қол астына кірмей тұрғанда Хиуа ханының уәлиі, ал
нағашылары Хиуа хандығын орыстардан қорғауда ерекше көзге түскен әйгілі әскербасылар
болған. Мұстафа Шоқай жазу-сызуды өз анасынан жасы 5-ке толмай жатып үйренген. Ауыл
молдасынан хат танығаннан кейін 1902жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға
қабылданып,1910 жылы үздік бітіріп шығады. бітірген. Студенттік жылдары империя
астанасындағы демократиялыұ қозғалыстарға қатысады. Балқан соғысына байланысты 1912
жылы Санкт-Петербордағы қазақ, татар, өзбек, башқұрт және әзірбайжан студент жастары
арасында Түркияны қолдау қозғалысы өріс алған кезде, Мұстафа Шоқай да болады. Ол 1915
жылыы түркі-мұсылман халықтарының азаттық қозғалысына іріткі салу мақсатында орталық
билік орындары құрған «Сират-ул-мустақим» партиясына алғаш қарсылық танытқандар
қатарында болып, оны қолдамау жөнінде үндеу тастады. Бұл үндеу сол кезде татар тілінде
жарық көріп тұрған « Сөз» газетінде жарияланды. 1916 жылы Ә.Бөкейхановтың ұсынысымен
Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясы жанындағы бюроға мүше болып, онда хатшылық
қызмет атқарған. Түркістандағы көтерілістің себеп-салдарын тексеруге Мемлекеттік дума
Ташкентке арнайы комиссия аттандырғанда, оның құрамында депутаттар А.Керенский,
Тевкелевтермен бірге Мұсылман фракциясы жанындағы бюро мүшелері Ш.Мұхамедияров пен
М.Шоқай болады. Жергілікті халықтың жағдайымен терең танысу мақсатында М.Шоқай
Ташкентпен ғана шектелмей, Самарқанд пен Әндіжанда болып, жергілікті жағдаймен
танысады. Петроградқа оралғаннан кейін өзі жинаған материалдар негізінде 1916 жылғы
көтеріліс кезінде билік орындарының Түркістан халқын аяусыз қуғын-сүргінге ұшыратқаны
туралы Мемлекеттік думада Мұсылман фракциясы атынан жасалатын мәлімдеменің мәтінін
әзірлейді.
211
1917 жылы Ақпан революциясы нәтижесінде патша өкіметінің құлауын зор қуанышпен
қарсы алып, қалыптасқан саяси ахуал Ресей империясында ұлттық езгінің тауқыметін тартқан
түркі-мұсылман халықтарының бостандыққа жетуіне мүмкіндіктер туғызады деп үміттенеді.
1917 жылы Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының бірінші сиезіне қатысып,
оның төралқасына мүше болып сайланады. «Бірлік туы» газетінің негізін қалап, оның алғашқы
редакторы болған. Түркістан өлкесі жергілікті халқының мүддесін қорғауды мақсат еткен
қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін «Түркістан өлкесі мұсылмандарының
орталық кеңесіне» төрағалық еткен. . Бірінші жалпы қазақ сиезіне қатысып, Бүкілресейлік
құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.1917 жылы Қазан
төңкерісінен кейін Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттар кеңесі жергілікті халықтың өзін-
өзі басқару құқығын мойындаудан бас тартып, қарашаның 15-22-інде өткен кеңестердің
үшінші сиезі қабылдаған «Өлкедегі барлық билік Европалық нәсіл өкілдерінен құралған
Түркістан Халық комиссиялар кеңесіне көшеді» деген қаулысын М.Шоқай нағыз әділетсіздік
деп бағалады. Ұлттық-қоғамдық саяси ұйымдарды кеңестердің қырына алуына байланысты
М.Шоқай жетекшілік еткен « Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі» Ташкенттен
Қоқанға көшіп, мұнда өлке мұсылмандарының төтенше сиезін тез арада өткізу ісін қолға алды.
1917 жылы қарашаның 28-інде өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының төртінші сиезінің
төралқасына басшылық етіп, сьезд шешімімен құрылған Түркістан автономиясын 54 адамнан
тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына сайланады және жаңа Уақытша үкіметтің сыртқы
істер министрі болады. Сьезд аяқталғаннан кейін М.Шоқай біртұтас ав тономия құру мәселесін
қарау үшін Сырдария қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті қайраткерлерге
жеделхат жолдады. Онда : «Сырдария халқына өз тарапымнан айтарым, тегінде Алаш
баласының басы қосылатын кезі осы бүгін. Айрылсақ, мұнан соң жұрттың басын қосуымыз
қиын. Алаш ұранына шаппайтын қазақ баласы болмас. Сырдария қазағы кешікпей Алаш
туының астына жиналар деген үміттеміз» делінген еді. Бұл әрекеті нәтижесіз болған жоқ.1918
жылдың басында «Алашорда өз алдына автономия жариялап, Түркістан автономиясымен одақ
болса, Сырдария қазақтары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіреді»
деген қаулы қабылдайды.
Қоқан қаласын большевиктер жаулап алып, Түркістан автономиясын құлатуына
байланысты М.Шоқай шет елге эмиграцияға кетуіне мәжбүр болады.1918 жылы мамырда
зайыбы Мария Горина Шоқаймен бірге Ақтөбеге, одан Екатеринбургке жетеді. Онда кеңестік
билікке қарсы оппозиция күштерімен байланыс орнатып, большевиктер үстемдігіне қарсы
күрес жүргізудің жолдарын қарастырады. Осы комитеттің ұйымдастыруымен 1918 жылы
Челябинскіде шақырылған сьезге қатыспақ болып, өзге делегаттармен бірге Колчаг әскерлері
тарапынан тұтқынға алынады. Сәті түсіп, тұтқыннан босап, 1919 жылы көктемде Маңғыстау
арқылы Бакуге, одан Тбилисіге келеді. Тбилисиде украиндықтармен бірлесе отырып, « На
рубеже» журналын шығаруды жолға қойып, оның редактор қызметін атқарады.Тбилиси қаласы
кеңес өкіметінің қолына өткен соң М.Шоқай зайыбымен бірге Түркияда біраз аялдап, соңынан
Францияға ауысады. Шетелдік эмиграция жылдарында көптеген қиыншылықтарды жеңе
отырып, ол кең ауқымды, терең мазмұнды саяси күрес жүргізеді. А.Керенскийдің «Діни» және
П.Милюковтың « Последние новости» газеттерінде қызмет еткен. Парижде шығып тұрған
«Иени Түркістан» журналына ат салысып, « Туркистан мили бирлиги» ұйымына жетекшілік
етті. 1929 жылдан «Яш Туркистан» журналын шығаруды қолға алды.Ол «Яш Туркистанда»
Түркістан халқының мәдениеті, кеңестік биліктің бұл өлкедегі саясаты және екінші
дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар т.б. тақырыптағы қоғамдық-саяси,
мәні өткір зерттеу мақалаларын жариялады. Бүкіл түркі мұсылман халықтарының қамқоршысы
болуға тырысады. «Тұтас Түркістан» идеясын, түркі халықтарының бірлікте болуын
насихаттады. 1940 жылы Парижге неміс әскері кіргенде, М.Шоқай тұтқынға алынып, бірнеше
ай концлагерьде отырып шығады. Көп ұзамай М.Шоқай Берлиндегі «Виктория» ауруханасында
күмәнді жағдайда көз жұмып, қаладағы мұсылмандар зиратына жерленіпті. М.Шоқай
Түркістандағы кеңестік биліктің отаршылдық сипатын алғаш таныған және онымен күресуге
бүкіл ғұмырын арнаған, түркі халықтары тарихында жаңа интелектуалды көкжиекке
көтерілген қайраткер болды.
212
Достарыңызбен бөлісу: |