ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


құдық сөзі тіркескен 44  атаудың,  көл



Pdf көрінісі
бет75/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

құдық
сөзі тіркескен 44 
атаудың, 
көл
сөзі тіркескен 72 атаудың, 
сай 
сөзі тіркескен 42 атаудың кездесуі дәлелдейді. 
Батыс Қазақстан облысы топонимдері құрамындағы детерминативтер өзіндік аймақтық 
ерекшеліктерге де ие болады. Ең алдымен, облыс топонимдері құрамында кездесетін 30 
терминнің 17-сі - гидронимдер құрамында келетін детерминативтер. Мұның өзі облыс 
топожүйесінің өзіндік ерекшеліктерінің бірі болып есептелуге тиіс. Екіншіден, осы 
детерминативтер арасында басқа аймақ топонимдерінде кездеспейтін, тек Қазақстанның батыс 
аймақтары жер-су атаулары құрамында ғана қолданылатын терминдер де бар. Мысалы, 
қамыс, 
қопа, шағыл, күтір,
үшіншіден, тек осы облыс көлемінде кездесетін (оның өзінде облыстың 
барлық территориясында емес) детерминативтер бар. Мысалы, 
бөгет, көбік.
Соңғы екі 
ерекшелік гидронимдерде кездесетін детерминативтерге тән. Сондықтан оларды 3-тараудың 2-
параграфында, «Батыс Қазақстан облысы гидронимдері» тақырыбы көлемінде қарастырдық. 
Топоформанттарды А.В.Суперанская топоним жасауға қатысатын көмекші элементтер 
деп сипаттайды. «
Топооснова, 
или основа топонима - это смысловой компонент 
географического названия ( даже если в данном языке смысл, т.е. связь с именем 
нарицательным или другим собственным именем, не вполне очевидна). Топоосновы в чистом 
виде не существуют. Они обязательно дополняются до целых слов, оформляется с помощью 
вспомогательных 
элементов, 
которые 
принято 
называть 
формантами

или 
топоформантами
» (73, 101-102). Қазақ сөзжасамының заңдылықтарына сәйкес 
топоформанттарды одан әрі бөлшектеп, есімдерден топоним жасайтын және етістіктерден 
топоним жасайтын деп бөлуге де болар еді. Алайда, туынды топонимдердїң күрделісіне 
қарағанда дара түрінің әлдеқайда аз болып келуі, топоним жасауға қатысатын қосымшалардың 
да көп болмауы бұл жіктеудің қажетсіздігін білдіріп отыр. Сондықтан Батыс Қазақстан 
топонимдері жүйесіндегі топоформанттарды тек сипаттаумен ғана шектелдік. Облыс 
топожүйесінде мынадай топоформанттар түрлері кездеседі: 
1) 
-лы, -лі + детерминатив. Мысалы, 
Талдыұјлақ, Қандыөзек, Талдықұдық, Майлытөбе, 
Шөптікөл, Шоңқайлыкөл, Жусандыой
т.б. 
2) 
-қан, -кен + детерминатив. Мысалы, 
Кепкенсай, Күйгенкөл. 
3) 
-ма, -ме + детерминатив. Мысалы, 
Бумакөл.
4) 
апеллятив + детерминатив. Мысалы, 
Сарқұдық, Орысқопа, Жаңақала.
5) 
детерминатив + апеллятив. Мысалы, 
Ағашүй, Көлтабан
т.б.
6) 
детерминатив + детерминатив. Мысалы,
 Соркөл, Аралсор, Тасқала. 
7) 
апеллятив + апеллятив. Мысалы, 
Аққозы, Ақпәтер, Ақсоғым, Тышқантай, Жастұлпар
т.б. 
Сонымен, Батыс Қазақстан облысы топонимиялық жүйесіне тән топоформанттар мен 
детерминативтер бар екендігі талас тудырмайды. Облыс топонимдерін қалыптастыруда 
детерминативтердің атқарып тұрған қызметі өте ерекше. Облыс топонимдерінің туынды 
түрлері белгілі бір қалыптасқан жүйе бойынша жасалады. Олардың қалыптасуына негіз 
болатын топоформанттар да бар. Бір сөзбен айтқанда, Батыс Қазақстан облысы топонимиясы 
өзіндік құрылымдық ерекшеліктерге ие болады. Облыс топожүйесінің құрылымдық сипаты 
топонимдер 
қалыптастыратын 
қосымшалар, 
топонимдердің 
құрылымдық 
түрлері, 


45 
топонимдердің жасалу тәсілдері, детерминативтер мен олардың топонимиядағы рөлі, 
топоформанттар мен олардың топоним тудырудағы маңызы секілді мәселелерді біріктіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет