«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет38/76
Дата13.06.2024
өлшемі0,86 Mb.
#203355
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

МАССАЖ ӘДІСТЕРІ 
 
Енді массаждың орындалу әдісіне келсек ол бірнеше түрлі болады. Мәселен қолмен, аппартпен, 
топтасқан массаждық әдістер.
Қолмен жасайтын массаж – 
ең негізгі массаж өйткені оның тәсілдері өте көп және ол қол 
арқылы адам дененің сүзе отырып қай жерге қандай күшпен әсер ету керектігін анықтайды. Қолмен 
жасайтын массаждың артылықшылығы, оны барлық жерде (үйде,стадионда,алаңда,моншада) орындай 
беруге болады. Массаж тек ауру ғана емес сау адамға да үлкен әсер ететін емдік профилактикалық 
әдіс. Қол арқылы денесін тітіркендіріп әртүрлі әсер етеді. А.С.Пушкин өзіне жасалған массаждың 
әсерін былай деп суреттейді: «мені Ғасан қызған тас еденнің үстіне жатқызып қойды, одан соң әр 
мүшеңді біртіндеп сындыра бастады, буындарымды созып жұдырықпен арқамнан соққылады, бірақ 
мен ешбір жағымсыздық сезбедім еш жерім ауырған жоқ, керісінше рахат дүниеге бөлендім» міне, 
қолмен жасалған массаждың құдыреті осындай. 
 
Аппараттық әдіс. 
Массаж жасау үшін кейінгі кезде арнайы аппараттар қолданып жүр. Біздің 
өнеркәсіп массаж жасайтын жерге лайықтап дірілдету (вибрациялық аппартын) көптеп шығара 
бастады. Ол аппарат алып жүруге де ыңғайлы және массаж жасайтын жерге арналған бірнеше 
қондырма вибраторлар болады. Мәселен, бетке, қолға, еттің шығатын нүктесіне бірнеше вибраторлар 
бар. Ол тоқ арқылы дәлірек айтсақ , электр энергиясы арқылы жұмыс істейді. Сондықтан қолдың күші 


келмейтін жерге ақпараттық массаж қолдану әлде қайда ыңғайлы. Аппарат тікелей теріге әсер етеді 
немесе су, ауа арқылы да өз әсерін тигізеді. 
Аппараттық массажға тағы гидромассаж, пневмомассаж, синкардиальды массаж жатады. Сол 
сияқты бұлардың қатарын толтыратын кейінгі кезде баромассаж, электростимуляторлық, 
ултрадыбыстық массаждар пайда болды 
Массаждың топтасқан (комбинированный) деп қол мен аппараттық массажды бірдей 
қолдануды атайды. 
Енді осы аппараттық массаждарға тоқталып өтейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет