Проблемалық ОҚыту әдісі



Pdf көрінісі
Дата14.06.2024
өлшемі441,21 Kb.
#203375
Байланысты:
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСІ



ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСІ 
Проблемалық оқыту – интерактивті әдістің бір түрі. Білім 
алушыларға дайын білім мен шешімдер берілмейді. Студенттерге 
тапсырма ретінде проблемалық ситуациялар беріледі, олардың шешімін 
өздері табу керек. Тек іздену барысында студенттер жаңа білімді 
меңгереді.
Проблемалық оқытудың мақсаты - проблемалық ситуация туғызу 
және студенттің өз білімімен проблеманы шешуде процесті басқару.
Проблемалық оқыту барысында ғылыми таным нәтижелерін, 
білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижеге 
жету жолының өзін де, процесін де меңгеру, студенттердің білім алу 
дағдыларын қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін 
арттыруға негіз бола алады.
Проблемалық оқытудың міндеттері: 
- студенттердің білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық 
қызмет тәсілдерін меңгерту; 
- танымдық еркіндігі мен шығармашылық қабілеттерін дағдыға 
айналдыру; 
- студенттердің өз бетінше ойлау қабілеттерін жетілдіру. 
Проблемалық оқыту кезінде оқытушының басшылығымен 
проблемалық ситуация жасалып, студенттер оны шешуге белсенді түрде 
қатысуға мүмкіндік алады.
Проблемалы оқыту технологиясы көптеген ғылым салаларында 
оқытушы мен студент арасындағы белсенді танымдық қызметін 
ұйымдастыруға негізделген технология.
Проблемалық 
оқыту 
процесінде 
студент 
ойына, 
пікір 
қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, өзі жауап табу әдістерін 
үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын меңгеру 
кезеңінде қолданылады.
Проблемалық оқытудың мақсаты - студенттің репродуктивті, 
продуктивті және шығармашылық ізденістерін жетілдіру.
Проблемалық оқыту теориясын Ресейлік психолог, профессор 
Владимир Кудрявцев, педогог, академик Исаак Лернер, шығыстанушы 
Мирза Махмутов, психолог Алексей Матюшкин, педагог Михаил Скаткин 


өз еңбектерінде жан-жақты зерттеген. Проблемалық оқыту теориясының 
негізін қалаушылар оқудағы ойлану қызметі тек қана жаңа білімді 
меңгеріп қана қоймай, сол мақсатқа жетудің жаңа әдістерін меңгеру деп 
есептейді.
Махмутов: «Білім мен білім алу әрекеті арасындағы өзара 
байланыс студент өзі білмейтін нәрсемен танысқанда, оны түсінуге 
тырысқанда пайда болатын қайшылықтардан шығу жолын іздегенде 
ғана тығыз болады. Өйткені, ол жаңа білімді игеру барысында ізденіс 
жасап, әрекет етеді», - деп көрсетеді. Мұндай жағдайдан шығу білімді 
меңгерудің жолын құрастыру кезінде туындаған проблеманы шешу үшін 
ойлану қабілетін дамытқанда ғана іске асады.
Матюшкиннің анықтамасы бойынша, «оқытудағы ойланудың 
негізгі қызметі тек қана жаңа білім алып, жаңаша әрекет етуге мүмкіндік 
беретіндігінде. Адам өміріндегі барлық білім жүйесі мен іс-әрекеті оның 
ойлау қабілетінің нәтижесі. Адамның білімі оның ойлануының көрінісі, 
яғни негізгі танымдық құралы». 
Проблемалы жағдайларды оқу процесінің барлық, яғни жаңа 
тақырыпты түсіндіруде, жаңа тақырыпты бекіту кезеңдерінде қолдануға 
болады. Оқытушы проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның 
шешімін іздеуге студенттерді бағыттайды. Сөйтіп, студент өз оқуының 
субьектісіне айналады, соның нәтижесінде ол жаңа білімді игеріп, әрекет 
әдістерін меңгереді, белсенділіктерін жетілдіреді, пәнге деген 
қызығушылықтарын арттырады, пәннен терең білім көздерін өсіреді.
Студенттердің ғылыми тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасады. 
Көтерілген мәселе бойынша ақпарат құралдарының мәліметтерімен, 
кітапханадағы 
қосымша 
әдебиеттермен, 
энциклопедиялық 
сөздіктермен жұмыс істей отырып білім қорларын молайтады. Қозғалған 
мәселе бойынша бір-бірімен ой бөліседі, өз көзқарастарын білдіреді, 
оны дәлелдейді. Проблемалық жағдайларды шеше отырып, студенттер 
өз беттерінше пайымдап, түсініп, игеріп, талдап, соңында баға береді. 
Проблемалық оқыту жағдайында оқытушының негізгі қызметі 
неғұрлым 
күрделі 
ұғымдардың 
мазмұнын 
түсіндіре 
отырып, 
проблемалық 
ситуациялар 
жасайды, 
студенттерге 
деректерді 
хабарлайды.


Проблемалық оқытудың нәтижесінде студенттердің ақыл-ойы 
білімді игеру дағдылары қалыптасады, шығармашылық қиялы, жаңа 
білімдер мен тұжырымдар ұсынады.
Проблемалық оқыту технологиясында студенттердің білімді 
меңгерудің ғылыми дәрежесін арттыруда екі әдіс қолданылады:
Бірінші әдіс – оқытушының тақырыптарды түсіндіру кезінде өзінің 
алдын ала дайындығы күшейтіледі. Сабаққа әзірлігі көрініс табуы қажет.
Екінші әдіс – сабаққа дайындық барысында студенттің өздігінен 
білім алуы дағдысын күшейту.
Проблемалық оқытудың екі түрі қолданылады: Теориялық ізденіс 
және ғылыми-шығармашылық (ғылыми-зерттеу).
Студенттің жаңа теория, заң, ережелерді ойлап табуы, ізденісі және 
өз болжамын жасау, оқу проблемаларының теориялық шешімін табу 
қарастырылады. 
Тәжірибелік ізденіс немесе тәжірибелік-шығармашылық. Студент 
меңгерген теориялық білімін жаңа жағдайда, өмірде қолдана білуі 
қажет. Проблемалық оқытудың бұл түрінде студент білімді меңгеру 
барысында тәжірибелік шешімдер тетігін іздестіреді. 
Шығармашылық ізденіс. Студент үйренген білім қорын одан әрі
дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруі 
қажет. Шығармашылық жұмыстарға көркем зерттеу жұмыстары, ғылыми 
жобалар, шығарма жазу, әңгіме құрастыру, сурет салу, ән шығару, жоба 
құрастыру, слайд жасау жатады. 
Проблемалық оқытудың үш кезеңі бар:
Проблемалық оқытуды ойдағыдай жүзеге асыруда студенттерге 
ұсынылатын проблемалық сұрақтар тематикасын алдын ала әзірлеп 
алған дұрыс. Кез-келген сұрақ проблемалық тақырып бола да 
бермейтіндігін ескерген жөн. Проблемалық сұрақтың жауабы да дайын 
болмауы мүмкін, жауабын студент өзі іздеп табуы қажет. Проблемалық 
сұрақ студенттің білім деңгейіне сәйкес келмеуі, білмеуі өзіне 
қызығушылық, білуге деген құштарлықты тудырғаны жақсы. Бұл 
проблемалық оқытудың бірінші кезеңі.
Екінші кезеңінде студент іштей өз білім деңгейін сезіп, қосымша 
дерек көздерін, мәліметтер қажеттігін сезінеді.


Үшінші кезеңде студент проблемалық сұрақтың жауабын дұрыс 
шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. «Мен білдім!» деген 
қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты 
тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті 
қорытындылайды, жинақтайды. 
Проблемалық оқыту көбінесе студенттің ойлау дағдысын 
қалыптастырады. Проблемалық ситуациядан қалай шығу керек, оның 
жолдарын шешуге өзі мүдделік танытып, танымдық қызығушылығын 
арттырады.
Дистервергтің тұжырымына сәйкес «Жаман ұстаз ақиқатты айта 
салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді» - деген екен.
Оқытушы проблемалық оқыту барысында студент өз ойына дұрыс 
бағдар жасай отыра, өз алдына жауап табу әдістерін үйренеді. Әдетте, 
оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде 
қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: студентке 
дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап 
етіледі. Проблемалық оқытудың күшті жақтарына: 
Студенттердің логикалық ойлау қабілетін арттырады; 
Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады; 
Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді; 
Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді. 
Мысалы:
Қазақстанда неліктен дуалды білім беру жүйесі 
толыққанды енгізілмеген? Осы проблемалық сұрақ студенттердің 
ізденуіне, оның маңыздылығы мен оқу процесіне енгізу сұрақтарына 
жауап іздеуіне әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет