Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


р а л а с қ ұ р м а л а с с ө й л е м дейді



Pdf көрінісі
бет390/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

р а л а с қ ұ р м а л а с с ө й л е м дейді. 
Кейбір аралас құрмалас сөйлемде сабақтастың белгісі бұрын келіп, 
бірінші жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз түрде айтылады да, екінші 
сөйлеммен сабақтаса байланысады. Екінші сөйлем мен үшінші сөйлемнің 
баяндауыш тұлғалары тиянақты түрде айтылып, мағыналық жақындығы 
арқылы салаласа байланысады. Мысалы: 
Зылиқа ас үйдегі әзір тұрған 
тамақты дайындауға кеткенде, Қамбар желдеткішті ашып еді, тұтылған 
шілтерлерді желбірете самалды түннің сызға оранған ауасы лапылдап кіре 
бастады. (К. О.)
Бұл аралас құрмалас сөйлемде үш жай сөйлем бар. Олардың біріншісі мен 
екіншісі бағыныңқылық, басыңқылық қатынаста келіп сабақтаса байланысқан 
болса, екіншісі мен үшіншісі баяндауыштары тиянақты түрде айтылып, 
мағыналық жағынан тең дәрежеде келіп салаласа байланысқан. 
Аралас құрмалас сөйлемдердің бірқатарында, керісінше, салаластың 
белгісі бұрын келеді: бірінші сөйлемнің баяндауыш тұлғасы тиянақты түрде 
айтылады да, екінші сөйлеммен мағыналық жақындығы арқылы салаласу 
жолымен байланысады. Екінші сөйлемнің баяндауыш тұлғасы тиянақсыз 
түрде келіп, үшінші сөйлемге мағыналық жағынан бағынышты болып сабақ-
таса байланысады. Мысалы: 
Үй маңында басқа байлық көрінбейді, қоңыр үйдің 


төменгі жағына киіз жетпеген соң, туырлық орнына ши ұстап қойыпты. (Ғ. 
М.)
Бұл да аралас құрмалас сөйлем. Мұнда да үш жай сөйлем бар. Бірақ бұл 
құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердің арақатынасы жоғарыдағы 
сөйлемге қарама-қарсы тұрде құрылған. Бірінші сөйлемнің баяндауышы 
тиянақты түрде ашық рай тұлғасында айтылып, екінші сөйлеммен мағыналық 
жақындығы арқылы салаасу тәсіімен байланысып тұрса, екінші сөйлемнің 
баяндауышы 
соң
шылауы тіркескен есімше түрінде тиянақсыз тұлғада 
айтылып, үшінші сөйлеммен сабақтасу жолымен байланысып тұр. Аралас 
құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердің өзара салаласа байланысқан 
бөлімдерінің арасы жалғаулық шылаулар келу арқылы да, жалғаулық 
шылаусыз дауыс ырғағы арқылы да байланыса береді.Мысалы: 
1)Қолындағы сүйменімен мұзды сәл қашап, мосы сирақтарын нық 
орнатып, жуан сырықты екі мосының ашасына салды да, екі қазанды сол 
көлденең сырыққа апарып асты.(Ә.С.) 
2).Шала тұтанған от өшіп барады екен, тықсырмалай үрлеген сайын күл 
бұрқырап, түтін көзді ашқызбады.(К.О.) 
Бұл сөйлемдердің екеуі де аралас құрмалас сөйлем, әрқайсысы үш жай 
сөйлемнен келіп құрмаласқан. Бірінші құрмалас сөйлемде екінші сөйлем мен 
үшінші сөйлемнің арасы салаласу тәсілімен байланысқан және ол екі жай 
сөйлемді байланыстырып тұрған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет