31
31
Шартсыз рефлекстердің жүйке жүйесі арқылы жасалу жолын рефлекс доғасы
деп. атайды
.
Рефлекс доғасының бөліктері.
1)
рецептор / сезім мүшесі.
2)
өткізгіш
жүйке мен қозу процесі пайда болатын орталық жүйке жүйесінің тиісті
бөлімі және орталықтан жұмыс аппаратына келетін (сілекей
шығаратын бездер,
бұлшық еттер) жүйкелер.
Рефлекс туралы ғылыми тұрғыдан дәлелдеген орыс физиологы И.М. Сеченов
болды. Ол өзінің “Ми рефлекстері”
–
деген еңбегінде психикалық құбылыстардың
табиғатын
рефлекс тұрғысынан түсіндірді.
И.М.Сеченов пен И.П.Павлов мидың барлық рефлекстік қызметі
екі жүйкелік
процестен
–
қозу
мен тежелуден тұратындығын анықтап берді.
Қозу
-
әр
түрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде жүйке жүйесінің қызмет жасап
тұрған белсенді күйі болса, тежелу,
керісінше, жүйке жүйесін тыныштандыратын процесс
болып табылады.
3.
И.П. Павлов шартты рефлекстердің табиғатын зерттеу үстінде тежелулердің бірнеше
түрін анықтады. Ол ең алдымен тежелуді сыртқы
–
шартсыз(яғни, туғаннан пайда болатын)
және ішкі
–
шартты(өмірде жасалып отыратын) деп екі үлкен топқа бөлді. Сыртқы тежелудің
өзі
бірнеше топқа бөлінеді.
Соның бірі
–
жай тежелу.
Мидың шаршаған кезінде пайда болып, оны аппаттан сақтап қалатын тежелудің осындай
түрін кейде қорғаныс тежелуі деп те атайды. Ішкі тежелудің де бірнеше түрі бар. Солардың
бірі сөне тежелу. Ішкі тежелудің бір түрі
–
ажырату (дифференциалық) тежелуі. Бұл
организмнің түрлі заттар мен құбылыстардың арасындағы
ұқсастықтарды айыра білу
қабілетін
көрсетеді. Ішкі тежелу сондай ақ кешігу
, ұйқы тежелуі болып та тармақталады.
ќосу керек
4.
И.П. Павлов ми қабығының
негізгі жұмысы анализдік( талдау) және синтездік (жинақтау)
қызметтен
тұратындығын және бұл миды зерттеудің басты принциптерінің бірі екендігін
көрсетіп береді. Мидың анализдік қызметі түрлі тітіркендіргіштердің жеке бөліктерін
айыруда, осы жеке тітіркендіргіштерге шартты рефлекстер жасауда көрініп отырады. Ал
мидың синтездік қызметі жеке тітіркендіргіштерді біріктіруден, яғни ми қабығында уақытша
байланыстардың жасалуынан көрінеді.
Екінші сигнал жүйесі жануарлар дүниесінде болмайды.
Жануарларда бірен
–
саран
дыбыс реакциялары бар, бірақ бұл дыбыстарда ешқандай мағына жоқ, ол жай биологиялық
қажеттің
хабары ретінде шығып отырады. Сөйтіп, жануарлар тіршілігі үшін бірінші сигнал
жүйесі бірден
–
бір жүйе болып табылады. Екінші сигнал жүйесі адамдарға ғана тән. Бірақ
адамдар мен жануарлардың сигнал жүйелерінің арасында сапалық айырмашылық бар. Егер
адамдардың бірінші сигнал жүйесінің жүйкелік байланыстары қоғамдық қатынастарды
бейнелейтін болса, жануарлар дүниесінде бұл биологиялық сипатта болады
.
5.
И.П. Павлов адамдардың сигнал жүйелері бір
–
бірімен үнемі тығыз байланысты,
екінші сигнал жүйесі адамның тарихи даму процесінде туған
және бұл бірінші сигнал
қызметін
реттеп, бақылап отырады деп тұжырымдады.
Белгілі тітіркендіргіштерді бірқалыпты ұзақ уақыт қайталай берсе, ми қабығында қозу
мен
тежелудің тұрақты, бір ізге салынған жүйелері пайда болады. Соның нәтижесінде
рефлекстердің бекіген жүйесін қайта жаңғыртып отыру, көп күш жұмсалуды қажет етпейді
де. Мәселен, егер итте күрделі тітіркендіргіштердің жиынтығынан бірнеше рефлекстер
туғызылса,(қоңырау, жарық, метроном т.б.) және олар белгілі
тәртіп бойынша жеткілікті
түрде қайталанса, кейін осы тітіркендіргіштердің біреуімен ғана әсер етсе болды, ит бұрынғы
жауап рефлексінің бүкіл жүйесін өзгертпей, түгелімен қайта жаңғыртып шығады. Осы
секілді үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге
организмнің төселуін, соның
нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесінің жасалуын И.П. Павлов динамикалық
стереотип деп атаған.
Достарыңызбен бөлісу: