I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет123/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

5.18-мәтін 
Қымыз - халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан 
ұлттық тағамы. Ол тек тағам емес, сонымен қатар халықтың қасиетін, дәулетін, 
салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастарқан берекесін білдіретін ырыс белгісі. 
Басқа тағамдарға қарағанда қымызды дайындаудың әдіс-тәсілдері, салт-
дәстүрлері, ырымдары мен кәде-жоралары көп. Көктем туып, құлындаған бие 
байланып, сауылады. Бие сүтіне арнайы ашытқы қосып, қымыз дәрежесіне 
жеткізеді. Алғашқы қымыз қорланғанша саумал күйінде болады. Ашуы жеткен 
қымызды үй иесі өзі ішпейді, дәстүр бойынша үлкендерін шақырып, ауыз тигізіп, 
батасын алады. Мұны «қымызмұрындық» дейді. Дайындау әдісіне, қасиетіне, 
сапасына және сақталу уақытына байланысты халқымыз қымызды бірнеше түрге 
125


бөледі. Олардың әр түрін жылқы жасы атауымен атайды. Уыз қымыз - биені алғаш 
байлап, жаңадан ашытылған қою қымыз. Бал қымыз - жылқының сүр қазысын 
қосып әбден бабына келтіріп пісілген қымыз. Бұл басқа қымызға қарағанда сары 
әрі қою, дәмді, жұғымды, тұщы болады. Тай қымыз - бір күн сақталған қымыз. 
Қунан қымыз - екі-үш күн сақталған, толық ашыған қымыз. Дөнен қымыз - үш-
төрт күн сақталған, өте күшті қымыз. Бесті қымыз - төрт-бес күн сақталып ашуы 
әбден жеткен қымыз. 
Салқын ауа қымыздың ашу мерзімін біраз ұзартады. Мұнымен қатар шөп буыны 
қатып, күзде сауылатын қымызды «сары қымыз» дейді. Қыста қысыр биелерді 
қолда ұстап сауса, оны қысырдың қымызы дейді. Қулық биенің (алғаш құлындаған 
бие) қымызын қысырақтың қымызы дейді. Бұрынғы қымыздың үстіне саумал 
қосылса, оны түнемел қымыз дейді. 
Бие ағытылар алдында соңғы қымызға ауыл адамдарын шақырып, батасын алатын 
халықтық жақсы дәстүр бар. Мұны «сірге жияр» деп атайды. Бұл қымыз елдің 
шипалы сусыны, азығы ғана емес, мақтанышы мен салтанаты да болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет