БЕРМУД ҮШБҰРЫШЫ
Бұл
тақырыпты
қозғамас
бұрын
Шайтанның аршы (тағы) суда орналасқаны
жайлы айтылған хадис барын еске түсірейік.
Алла Елшісі (ﷺ): «Ібілістің тағы теңіздің
үстінде
орналасқан.
Сол
жерден
ол
адамдардың арасына бүлік шығару үшін,
өзінің әскерлерін (шайтандарын) жібереді
және қайсысы көп бүлік шығарса, сол ең
жақсысы болып есептеледі».
(Сахих Муслим,
№ 5031)
Бұл хадис бізге Ібілістің тағының теңіз
үстінде орналасқанын дәлелдейді. Бірақ дәл
қай жерде? Қай теңізде?
17
Қазір бұл тақырыпты зерттеп көреміз.
Бірақ біз ібілістің тағы нақты сол жерде деп
кесіп айтудан алулақпыз. Бұл діни шешім
немесе жеке пікір емес. Бұл ғылыми
зерттеулер нәтижесінде туындаған үлкен
ауқымды түсіндірме тақырып. Дегенмен, бұл
ақылға
қонарлық
тұжырым.
Барлық
ақпараттар нақты дәлелдер мен тарихи
деректерден алынған.
Ібілістің бар екеніне, оның адамзаттың қас
жауы екендігін білеміз және сенеміз. Себебі
бұл Алланың сөзі. Бұған сенбеген адам толық
иман келтірмеген болып есептеледі. Ал
ендеше, қарғысқа ұшыраған шайтанның
азғыруынан Алладан пана тілейміз. Аса
Мейірімді ерекше Рақымды Алланың атымен
бастаймыз.
Баршамызға мәлім Атлант мұхитының
Флорида түбегі, Бермуда және Пуэрто-Рико
аралдары аралығында су айдыны бар. Осы үш
мекенді тік сызықтармен қосатын болсақ
үшбұрыш
шығады.
Бұл
жер
Бермуд
үшбұрышы деп аталады. Бұл жерде бір
тылсым күштің бары анық. Ең қызығы әлем
18
осындай дамыған шағында да осы құпияның
сырын аша алмай келеді.
Бұл Бермуд үшбұрышының шекарасына
кірген кемелер мен ұшақтардық із-түссіз
жоғалып, немесе апатқа ұшырап, кері қайт-
пағандары жайында көп естіп келеміз.
Бермуд үшбұрышына қатысты ежелгі Мая-
лықтар да түрлі естелік жазбалар қалдырған.
Осындай көне жазбалардың бірінде: «Алып
теңіздің қалың мүк басқан тұсына жеткенде,
теңізшілер күтпеген жерден сәтсіздікке тап
болады. Бұл жерге келген кемелер бірнеше
күн бойы қаққан қазықтай қозғала алмай
қалады.
Теңізде
жел
тұрмағандықтан,
желкендер ашылмайды» – делінген. Әлем
19
жұртшылығы үшін Маялықтар айтып кеткен
Бермуд үшбұрышындағы тылсым жайлардың
маңызы бүгінде тіптен арта түсті.
Бермуд
үшбұрышындағы тылсым сырларға қатысты
мамандар түрлі болжамдар жасаған.
Бұған қатысты ғалымдардың өте көп
пікірлері бар. Біраз ғалымдар Бермуд
үшбұрышындағы жағдайдың түгелдей теңіз
табанының
геодезиялық
ерекшеліктеріне
қатысты екендігін алға тартады. Яғни табиғи
құбылыс
дейді.Толқындардың
кесірінен
кемелердің опат болғанына келісе аламыз.
Алайда олардың айтуынша ұшақтардың
апатқа ұшырауына айдаһардың аузындай
жалмап-жұтатын
таудай
толқындардың
20
кенеттен көтерілуі нәтижесінде түзілген
мұхит бетіндегі алып ұйықтар сеп болса
керек. Бірақ толқыннын көктегі ұшаққа дейін
жетті дегеніне келісу қиынға соғады.
Ғалымдардың екінші тобы мұхит бетіндегі
қатты ағыстар нәтижесінде үлкен ұйықтардың
туатынын алға тартады. Мамандар мұндай
ұйықтарды «көк құрдымдар» деп те атайды.
«Көк
құрдымдар»
алай-дүлей
ашуын
көрсеткенде,
жанына
жуыған
ұшақты
да,кемені де аман қоймайтын көрінеді. Теңіз
табанын зерттеуші мамандар осындай «көк
құрдымдарға» тап болған көптеген кеме мен
желкендердің
қалдықтарын
байқағанын
жазады.Бірақ бізді бұл құбылыстар неге дәл
21
бұл үшбұрыштың төңірегінде болып жатыр
деген ой мазалайды.
Тағы бір ғалымдар Бермуд үштағанындағы
мәселелерді
меридиан
сызықтарының
ерекшеліктерімен байланыстырады. Мәселен,
80 меридиан сызығы Бермуд үштағаны
орналасқан жерді кесіп өтіп, солтүстік
полюстен өткенде, 150 меридианға айналып,
жапон аралдарының маңайынан өтеді. Жалпы,
Бермуд үштағаны секілді өлі теңіз жапон
аралдары төңірегінде де бар көрінеді. Осыған
қарап, мамандар кейбір меридиан сызығы
кесіп өтетін жерлерде өлі теңіздер болады
дейді. Олар мәселені барынша жалпылап,
кеңейте
отырып,
отызыншы
немесе
қырқыншы оңтүстік және солтүстік мередиан
сызықтары өтетін тұстарда да Бермуд
22
үштағаны секілді мекендер бар екенін, тіпті
мұндай тылсым теңіздердің саны алтыға жетіп
жығылатынын алға тартады.Алайда бұл нақ-
тыланбаған жобалау нәтижесі.
Ғалымдардың тағы бір тобы кемелер мен
ұшақтарды жел айдаған қаңбақтай біресе
көкке ұшырып, енді бірде теңіздің тұңғиық
тереңіне батыратын – ұшатын табақшалар
дегенді айтады. Ал кейбірінің пікірінше
мұхит түбінде жиналған түрлі органикалық
қалдықтардан шығатын метан газы теңіз
суының химиялық құрамын өзгертіп, су
құрамының тығыздығын ең төменгі шамаға
дейін азайтса керек.
Осы
тұжырымдардың
ешбірі
нақты
дәлелмен келтірілмегендіктен сену қиынға
соғады. Алайда бұл жерде тылсым әрі белгісіз
құбылыстар болып жатқаны анық. Сондай-ақ
ұшақ апатқа ұшырар алдында ішіндегі
адамдардың қара жәшікке жазылған жан
айқайлары денені түршіктіреді. Осы күнге
дейін өте көп мөлшерде ұшақтар мен кемелер
осы үшбұрышқа кіріп, қайтып оралмады.1945
жылы «Рейс 19» ұшағының осы жерде опат
болғаны баршамызға мәлім. Бірнеше жылдық
|