2.Өңешке операция жасау (oesophagotomia) Көрсеткіші. Мойын аумағындағы өңештен бөгде затты алып тастау
(тамыр түйнектілер, сүйектер және т.б.). Операцияны жасайды, егер де тұрып
қалған бөгде затты қансыз яғни басқа жолдармен алып тастай алмағанда.
Егер де өңеш зақымдалған жағдайда тілікті зақымдалған жерден бастайды да.
Сонан соң сол жерді тігіп тастайды.
Құрал-жабдықтар. Әдеттегі құрал-жабдықтарға қосымша корнцанг
және несеп катетері қолданылады.
Бекемдеу. Ірі қара малды тұрып
тұру жағдайында, ұсақ малдарды оң
жақ бетіне жатқызады.
Жансыздандыру. Ірі қара малда премедикация (ромпун) және
инфильтрациялық жансыздандыру, ұсақ малдарда наркоз.
Операция техникасы. Ірі қара малда сол жағынан күре тамырмен төс
жақтық бұлшықеттің немесе күре тамырмен иық басты бұлшықеттің
арасында жасалады. Бұл әдістердің өзіне тән кемшіліктері және
артықшылықтары бар. Бірінші әдісте қажет болған жағдайда дренаж жасау
ыңғайлы, өйткені күре тамыр кедергі болмайды. Екінші әдісте техникасы
жағынан өте оңай жасалады, бұл кезде күре тамырды өтпес ілмектермен
вентральді бағытқа бекіту және жылжыту оңай. Егер өңештің қабырғасы
өліеттенбеген жағдайда яғни тілгеннен кейін саңылаусыз жабық тігіспен
жабылса, осы әдіс қолданылады. Ірі қара малда операцияға кіріседі, егер де
тимпания болмаса, тимпания болған жағдайда, алдымен руменоцентез
жасалады.
Күре тамырдың вентральді немесе дорсальді бетінде15— 20 см
ұзындықта тілік жасайды. Бөгде заттың тұрған орнын білу қажет. Егер бөгде
зат өңештің бастапқы бөлігінде орналасса, онда тілікті мойынның артқы
үштен бір бөлігінде жасайды.
55
Теріні тілгеннен кейін, тері асты бұлшықетті тіледі. Тереңге енбес
бұрын, новокаин ертіндісін енгізеді. Ұсақ тамырларды торзирлегеннен кейін,
қайшының көмегімен күре тамырды босатып, күре тамырдың науасына енеді.