95
Үшінші тарауды көркем шығармадағы реалиилер мен оларды жеткізу
мәселесіне арнадық. Аудармада қиындық тудыратын реалии сөздер туралы
пікірлерді жүйелі түрде қарастырып, оларды аудару тәсілдерін саралауға
тырыстық. Реалиилерді жеткізу – аударма тілінде тура баламаларды іздестіру
деген сөз емес. Осы үдеріс, ең алдымен, мәдени сәйкестікті, концептіні
зерделеуден, сондай-ақ түпнұсқадағы ұлттық және тарихи колоритті аударма
тіліндегі құралдармен пішінін, мазмұнын жеткізуден тұратын күрделі ойлау
үдерісі екендігін естен шығармау қажет.
Көркем шығарманың аудармаларын жан-жақты талдау арқылы тіл,
мәдениет және ұлттық дүниетаным мәселелеріне тоқталып, тұжырымдар
жасаудың маңызы зор. Осы орайда қазақ-орыс байланыстарындағы орыс
классикалық туындыларының аударылу тарихы мен оның маңызына
тоқталдық. Түпнұсқа мен аударма мәтінді салыстыра зерттеу үлгілерін
келтіріп,
аударма
трансформацияларын,
негізгі
принциптері
мен
ұстанымдарын, аударма мәтіннің түпнұсқамен сәйкестігін сараптадық.
Аударма шығармада оның авторы мен аудармашының шығармашылық
шеберлігі мен даралығы қатар көрініс табады. Көркем шығарманың мән-
мағынасын ұғыну интерпретациялауды білдіреді, ал интерпретациялау көркем
шығарманы аударудың міндетті кезеңдерінің бірі болып табылады. Осының
бәрі аударма мәселелерін зерттеудің саласы мен арнасы көп әрі алуан түрлі
екендігін көрсетеді. Біз осы мәселелердің тек кішігірім ғана бөлігін қозғадық.
Көркем шығарманы аудару мен талқылау күрделі де көпсатылы үдеріс
болғандықтан, ол әлі де зерттеуді қажет етеді.
Аударманы түсінуді үдеріс ретінде, сонымен қатар түпнұсқаны
интерпретациялаудың нәтижесі ретінде қарастыру аталмыш тақырып аясының
өзектілігінен туындайды. Мәдениетаралық коммуникация саласындағы рухани
қазына – көркем шығарманы аудару мен талқылау аударма теориясының кезек
күттірмес
мәселелерінің
бірі
болып
қала
бермек.
Достарыңызбен бөлісу: