«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


алдында мінез шақырып жатпайтын; байқамаған боп табаққа қоя салды



Pdf көрінісі
бет158/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

алдында мінез шақырып жатпайтын; байқамаған боп табаққа қоя салды.
Қызметші әйел шығып кеткенде, 
Әміршінің көзі қақ алдында жатқан манағы
нарт қызыл алмаға түседі. Бұл жолы пышақпен кесілген сызығы ақсиып
айқын көрінеді. Өзін өзге тағамдардан бөлектеп оқшау қойыпты.
Бұдан соң Әміршінің ойы онға бөлінеді:
«Иә, көк мұнараның өне бойынан
өліп-өшкен махаббатты тану қиын емес. Бірден көзге ұрып тұр. Бірақ сол кімнің
кімге махаббаты? Көк мұнара алыс жорықтағы еріне ынтыға қол созған
сағынышты жар ма, жоқ алыстан қол созған ғашық жүректі «мен мұндалап»
қасына шақырған сиқыр сұлу ма, қайсысы? Мана бұл қасынан көзі қиып кете
алмай көп қараған жоқ па еді, сонда сиқыр мұнара өзіне тартып тұрмап па еді?
Сонда оны салған шебер нені бейнелеген болды? Алыстағы жарын күткен
сағынышты бейнелесе, қасына барғанда, асқақтап аспанға қарап жатып
алатыны несі, сәл алыстасаң болды, қайтадан өзіне баурап, қараған көздің шырқ
айналып шыға алмайтыны қалай? Жоқ, жоқ, шебер мұнараны салдырған
ханымның алыс жорықтағы жарына деген пейілін емес, өзінің ханымға деген
көңілін бейнелеген...».
Шығармадағы қызыл алма – опасыздықтың символы. 
Алмас хан өзегіне
құрт түскен қызыл алма арқылы отбасындағы алауыздықты, күндестердің
қылығын ғана емес, сонымен қатар, дүниежүзін тітіреткен атақ-даңқының да
адам осалдығы, пендешілігі мен сезіміне бөгет бола алмайтын дәрменсіздігін
түсінеді. Алыстан әсемдігімен сиқырлана баурай көз тартып, жақындағанда
тәкаппарси қалатын мұнараның өзіне емес, ғашығына арналғаны оны тірідей
жерге көмеді. Осылайша өткір қылышымен талай жанды жер жастандырған
Алмас хан әйелі мен қарапайым жас шеберден оңбай жеңіледі.


«
Ұлттық құндылықтар: 
Жазушы Әміршінің бар болмысын, ішкі арпалысын
соны көркемдегіш құралдармен оқырмандарына жеткізе білді. Бұл – жазушы
стилінің өзіндік ерекшелігі.
«
Түсінік: 
Роман мазмұны түркі дүниесінің тарихында өзгеше орны бар, ұлы
билеуші Әмір Темір өмірінің бір үзік сырын ашуымен ерекшеленеді.
Шығармада билеушінің аты аталмайды, Әмірші Алмас хан образы арқылы
ашылады.
«
Өз ойым:
Романда «Ұлы жаулаушы» атанған Әміршінің ішкі сезімін беру
үшін жазушы терең философиялық ойларға бойлап, табиғаттың сипатын да
соған сәйкес астармен шебер толғайды.
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет