Үш күн бойы батырлар, сұлтандар, ақсақал, билер жаңа хандықтың қан-
дай болуын талқылап, төрт мәселе қарап мынандай қорытындыға келді:
«
Бірінші шешкендері әскер мәселесі. Бұрын Кенесарының қарамағын-
да сегіз мың атты әскер болатын. Және бұлар жаз жиналып, қыс
тарқайтын.
Сұлтан маңында қорған боп қысты күні бес жүздей ғана сарбаз
қалатын. Кеңес енді әскер санын жиырма мыңға жеткізуді жөн деп тапты.
Және бұл әскердің бес мыңы қысы-жазы хан ордасының маңында болады.
Әр жүзбасы, мыңбасы өздерінің қарамағындағы әскерін осы жаздан ба-
стап орыс әскерлерінің тәртібімен соғысу әдістерін үйретеді. Мылтық
атуды, найза, сойыл пайдалануды, жаяу соғысуды төгіс өтеді.
Жүзбасы-
лардан төменгі жауынгерлер кеудесіне үш қатар жасыл жуан жіп іліп, иығы-
на тілдей жіңішке жасыл шүберек тағатын болады. Жүзбасылардан бастап
одан жоғарғылары мұндай белгіні қызыл шұғадан етеді. Ал ең жоғарғы қол-
басшы Кенесарының өзі үстіне көгілдір шапан киіп, иығына орыс полков-
нигінің эполетін тағады. Мыңбасына әйгілі батырлар мен атақты сұлтандар
тағайындалады. Өзіне сенімді адамдардан мыңбасылар тағайындау ханның
өзіне тапсырылады. Бұлардан бөтен жеке мың адамнан мергендер тобы
құрылсын делінді.
Достарыңызбен бөлісу: